Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің қорытындысы.
01-10-2013 11:36
Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің қорытындысы.

 

 

 Біздің мектебімізде 10-21-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралар өткізілді. Бұл сайыс шаралардың басты мақсаты: оқушы бойында мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, сөздік қорларын байыту, әдептілікке, бірлікке тәрбиелеу. Біз­дің мақсатымыз – Қа­зақстанның барлық азамат­та­ры­ның мемлекеттік тілді мең­геруіне қол жеткізу. Тіл-тарихи, мәдени және өмірлік құндылық. Қазақ тілі-біздің ата-бабаларымыздың қаншама ғасыр бойы күресіп, қан төгіп, біз үшін, болашақ ұрпақтары үшін сақтап қалған ана тіліміз.Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде, қазақ тілін қолдану аясын кеңейту, дамыту мақсатында 1-2 сынып оқушыларына арнап мектебіміздің қазақ тілі мұғалімдері С.Р.Жанкарина және А.К.Долголевец «Бала тілі - бал» атты ертеңгілігін, Г.К.Боранбаева және Б.У. Сыздыкпаева «Білімпаз бала» атты сайысын өткізді.
21 қыркүйекте апталықтың аяқталу салтанатты жиыны өткізіліп, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Осын­дай іс-шаралар әлі де жалғасын табады деген ниеттеміз.