Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Орыс тілі мен әдебиеті апталығы басталды
27-02-2017 10:02
Орыс тілі мен әдебиеті апталығы басталды

Мұғалімдерге арналған сайыстық іс-шарасы өте қызықты өтті. ЖМБ  «О математика с улыбкой» апталығы. Педагогтардың тілектерін ескере отырып, ЖМБ мұғалімдерден эстафетаны алып, филологтар орыс тілі мен әдебиеті апталығын ашты. Орыс тілі мұғалімдері әріптестеріне Шығармашылық хат шеберханасына келуге шақырды.   

Іс-шара заманауи сабақ құрылымының ынталандыру кезеңінен басталды. Қатысушылар сурет элементтерін атау арқылы сұрақтарға жауап беру керек болды. Филологтарға ұсынылған суреттер арқылы олар балалық шаққа оралып, мектепте оқыған оқулықтарды еске түсірді. Ең белсенді және зерек қатысушылар тәтті тағамнан дәм татты.

Осыдан кейін әдістемелік бірлестік өкілдерінің 5 командасы Ф.Решетникованың «Опять двойка» картинасы бойынша монолог жазды. ЖМБ командасы үй жануары «ит пен қожайын» арасында болатын кездесу, қожайынның оралғанына жалғыз ғана қуанатын иттің ой әлеміне еніп, осы төбет пен қожайынның кездесу сценарийін әділ-қазылар алқасына ұсынды.  

Бастауыш сынып ӘБ картинадағы бас кейіпкер бойындағы  сезімді, көңіл күйді сомдап, көрермендерге жеткізе алды.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері монологқа ұлттық нақыш енгізді.

          «Оқусыз білім жоқ,

          Білімсіз күнің жоқ».

Ағылшын тілі мұғалімдері туған бауырларымен: «Мектеп қабырғасында оқымайтынымызға өте қуаныштымыз!» - деп серігіп қалды.

Жұмыс барысында көрермендердің басым көпшілігі экспресс-тестілеуде орыс тілінен өз білімдерін тексерді.

Жеңімпаздар болған жоқ. Барлығына сыйлықтар табысталды. Қатысушылар филологтарға үлкен алғыс білдірді.