Салтанатты жиындар
2017 жылғы 24 мамыр күні мектепте 1-8 сынып аралығында оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтті. Жиындар ҚР Гимнінің орындалуымен ашылды. Оқу жылын «5»-ке аяқтаған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылар мектептің аяқталуы және жаз туралы өлеңдер оқыды, қауіпсіздік ережелерін еске алды.
Барлық балалар жазғы демалыс үшін қатты қуанды!