Әлем саған және маған қажет!
Экология аптасы аясында, 18 сәуірде 5-ші сынып оқушылары арасында «Қоршаған әлем» танымдық ойын өтті. Іс – шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыру, табиғатқа, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу; оқушыларда экологиялық мәселелерді шешуге көзқарасты қалыптастыру.
Ойын бес кезеңнен тұрды: «Жаһандық мәселелер», «Жануарға/өсімдікке өз үйін табуға көмектес», «Жас ғалым», «Поэтикалық» және «Экологиялық көлік». Балаларға ең қызықтысы бұл, табиғат туралы шағын өлең жазып, өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсету қажет болған «Поэтикалық» тур болды. Іс – шараның соңында командалар дипломдармен марапатталды.