Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қамқоршы күні
30-10-2018 14:50
Қамқоршы күні

«Павлодар қаласының № 43 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-де ағымдағы жылдың 30 қазанында Қамқоршы күні атап өтілді. Осы іс-шара аясында, «Мейірнімді жүрек» концерттік бағдарламасы өткізілді, мұнда қамқоршылар шақырылды. Мектеп оқушыларының күшімен мерекелік концерт дайындалды. Мереке соңында қамқоршылар мектеп әкімшілігіне және барлық қамқоршыларға өздерінің алғысын білдірді, ал ДТЖО С.З. Каирбаева өз кезегінде, балаларға тынымсыз және шексіз өздерінің жан дүниесінің, жүрегінің бір бөлігін беруге дайын қамқоршыларға алғыс сөздерін айтты.

«Мейірімді жүрек» салтанатты концертке мектеп директорының м.а. С.К. Аубакирова, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары С.З. Каирбаева, педагог – психолог Т.Н. Великая, балалардың құқықтарын қорғау бойынша инспектор А.К. Долголевец, әлеуметтік педагог Б.С. Юсупова, қамқоршылар мен сынып жетекшілер қатысты.

Концерттік бағдарламаны мектеп директорының м.а. С.К. Аубакирова ашты, ол қамқоршыларды мерекемен құттықтап, балақайларды лайықты тәрбиелегендері үшін алғыс хаттар табыс етті. Бейресми жағдайда, қатысушылардың барлығы пікір алмасып, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мәселесі бойынша психологтан кеңес алды.