Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодарская область, г. Павлодар, ул.Лермонтова, 95
556862 - приемная, 555860 - зам. директора, 513210 - бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
понедельник с 16.00 до 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі
30-10-2018 14:54
Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі

2018 жылдың 26 қазан күні Естай атындағы мәдениет сарайында Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қалалық тілдерді қолдану мен дамытудың 2018 жылға арналаған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды, мұздаған елдің жүрегін жылытуды арман еткен, қазақ халқының сүйікті перзенті, дарынды ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына арналған «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты қалалық конкурсы өтті.
Аталмыш шараға әдеби шығармашылық қабілеті бар 24 талапкер қатысты. Қатысушылар қаламгердің «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдарынан сахналық көрініс қойып, «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс», «Таныстыру» секілді поэмаларынан үзінді оқыды. Сондай-ақ өнерлі жастар Сұлтанмахмұттың аса танымал 15 өлеңінің кез келгенін жатқа мәнерлеп оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Соңынан ақынның өмірі мен шығармаларына қатысты викторина сұрақтарына жауап берді. Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды №43 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Гросс Инга жеңіп алды.
Сонымен бірге конкурсқа қатысушылары ертеңінде Баянауыл ауданы Торайғыр ауылына саяхатқа шығып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесіне барып, ақын рухына тағзым етті. Торайғыр ауылындағы С.Торайғыровтың мұражайын аралап, ақын атындағы орта мектепте С.Торайғыров оқуларының жеңімпаздарымен кездесті. Кездесу барысында ақын өлеңдері оқылып, жас сұлтанмахмұттанушылар өзара тәжірибе алмасты.
Жарық дүниеге 27 жыл ғана қонақ болып, мәңгілік өмірін рухани мұраларымен жалғаған С. Торайғыров шығармашылығы өз кезеңінің шындық шежіресі ғана емес, бүгіннен болашаққа ұласқан қысқа ғұмырының ұзақ та мағыналы жолы, өнер сапарының өнегелі құбылысы деуге әбден болады. От болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен тұлпар талант иесі. Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр-дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.