«Мың бала»
Астанада "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жобаның "Тіл мектебі" авторлық курстар бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді тиімді оқытуға арналған нәтижелі әдістемелік жұмысы үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гросс Инга Райнгольдовна алғыс хатпен марапатталды.Мемлекеттік тіліміз мәртебелене берсін.