Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі ретінде
20-03-2019 15:42
Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі ретінде

2019 жылдың 18 наурызында  Павлодар қаласы  № 43 ЖОББМ-нде «Жеті рухани кезең» кіші жобасы аясында - «Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі ретінде » атты шеберлік-сағаты  өткізілді.  

Іс-шара  ұлттық  шығармышылықты сақтау мен дамытуға, ұлттық дәстүрлерді, Қазақстан халықтарының  мәдени құндылықтарын  қайта жаңғыртуға  бағытталған.Іс-шараға Қазақстан халықтар Ассамблеясының өкілдері, ата-аналар қатысты. 

Жастар қабілетін дамытудағы көмек ретінде киіз, ағаш, моншақ және  тағы басқа материалдардан ұлттық нақышта бұйымдар жасау бойынша шеберлік-сағаты өтті.

«Қоржын жасау» аталымында 8-сынып оқушысы Қайыр Наргизаның әжесі Тілектес Кәкімқызы  Какенова өзінің қолдан жасаған бұйымдарын көрсетті.  Ыскақ Құламзақ есімді қонағымыз өзінің құрақ көрпе тігу бойынша шеберлігімен бөлісті.  Павлодар облысы Қазақстан халықтар Ассамблеясының  «Мейірім» келіндер клубының жетекшісі 5-6 сынып оқушыларына боялған қой жүнінен қандай  шағын заттар  жасалатынын  көрсетті.

Қонақтардың назарына еңбек мұғалімі Қайрат  Аманжолұлы Нүкеновтың 9-10 сынып ұлдарымен бірге   ағаштан жасаған ұлттық ыдыстары ілікті. Көркем еңбек мұғалімі Галина ИвановнаБелая  ұлттық нақыштағы  «Ши тоқу» бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Динара Серікқызы  Уныйбаева өзінің әйелдерге арналған ұлттық нақыштағы күміс және басқа металлдардан  жасалған әшекей бұйымдарының: сырға, білезік, алқа  т.б. жеке көрмесін ұйымдастырды.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі