2019 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында Павлодар облысында жыл сайынғы «Мектепке жол» Республикалық шарасы өткізіледі.
2019 жылы бұл шара «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтуде. Шараның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға, жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу. Көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету әр тұрғынның немесе мекеменің қолынан келеді. Көмектің кез-келген түрі киім, аяқ киім, оқу құралдары, кеңсе техникасы болсын, балаларды жаңа оқу жылына дайындауға септігін тигізеді. Егер сізді қиын өмірлік жағдайда қалған балалардың тағдыры алаңдатса, «Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-нің әкімшілігі сізді шараға қатысуға шақырады.
Анықтама телефондары 8(7182) 556862, 8 (7182)555860
Алдын-ала алғыс білдіреміз және ынтымақтастыққа үміттенеміз