Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мың бала»
28-11-2019 08:08
«Мың бала»

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы мемлекеттік тілді білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауға бағытталған атаулы жоба. Ағымдағы жылы бұл жобада облыс намысын «Асыл сөз» мектебі бойынша баптап, бәйгеге қосқан мектебіміздің 7 – сынып оқушысы Солоденко Анастасия қорғады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында өткен жобаның өңірлік жеңімпаздарын марапаттау салтанатында еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар арасынан оза шауып, іріктеуден сүрінбей өтіп, республика көлемінде өз өнерін көрсетуге мүмкіндік алды. Аталмыш жобаның латын қарпінде эссе жазу бағытына облыс атынан Сырдашева Аруке қатысты.

Өз бағыттары бойынша үздіктер қатарындағы оқушыларымыз қанжығаларына қасиетті домбыраны байлады. Сонымен қатар, ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев атынан дипломдармен марапатталды. Оқушылардың жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абильдинова А.Е.