Телефон доверия
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі: 15:00-18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
3 сынып Қазақ тілі "Зат есімнің тәуелденуі"
11-01-2017 08:20
Мақсаты Мақсаты: 1. Оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы алған білімін пысықтау; сонымен оқушыларға грамматикалық көрсеткіштер заттың үш жаққа да, яғни маған да, саған да, оған да тәуелді екендігін түсіндіру. 2. Білім берудегі жаңа технологияны меңгеруде білім сапасын дамытып, деңгеймен оқытуға, сөйлеу дағдысын дамытуға көңіл бөлу. 3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге кәсіптік білімге баулу.
Күтілетін нәтижелер Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, мәтінді түсініп оқуға талпынады.
Сабақтың түрі Алған білімдерін пысықтау
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы
Керекті жабдықтар Оқулық, қимақағаздар, ватман, стикер, маркер, қосымша әдебиеттер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Уа- қыт модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Психологиялық ахуал 2 мин ЖЕ, ОЖТ Оқушыларды түгендеу, топқа бөліну, сәттілік тілеу Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған Өзара сәттілік тілеу, дыбыссыз қадам арқылы топқа бөліну, сабаққа дайындалу. Топ ішінде міндеттерін бөліп алу.
Білу 5 мин ТДО,СТО ОЖТ,ЖЕ, АКТ 1.«Ыстық орындық» стратегиясы. Өткен материалды еске түсіру. Материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді -Топқа бөлінген сөздерге қарап, бүгінгі тақырыбымыз қандай болады деп ойласыңдар? Мақсатымыз не болмақ? 2. Жаңа тақырыпты ашу үшін АКТ-да «Ассоциация әдісі». Зат есім дегенде ойларыңа не келеді? Топтың көшбасшысы шығып, оған қалған балалар 1 сұрақтан қояды. Оқушылар тақырып пен мақсатты ашады. 2. Оқушылар ереже шығарады, сабақтың мақсатын ашады. Жауаптары: Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады. (Дәптерлеріне ережені түртіп алады.)
Түсіну 4 мин АКТ ТДО, СТО,КБ Семантикалық картамен жұмыс
Мысал І жақ ІІ жақ ІІ жақ (сыпайы түрі) ІІІ жақ
Ағасы +
Дәптерім +
Мұғалімің +
Мектебім +
Бесігің +
Ауласы +
Қаламыңыз +
Ойларын жазады. Өздері сондай мысалмен жалғастырады.
Қолдану 10 мин АКТ ТДО, СТО,ЖЕ. оқулық Оқулық сөзін жекеше, көпше тәуелде. «Әдемі жазу» Көркем жазу: Сс Дәптерімізді ашайық Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық. С дыбысынан басталатын мамандық иелерін ата. Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырмалар береді. 3-жаттығу Сөздерді үлгі бойынша тәуелдеп жазыңдар. Оқулық, қозы, әке, шеше 4-жаттығу Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын жалғап, өлеңді көшіріп жазыңдар. Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу. Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті 2 мин Оқушылармен бірге жаттығулар жасау. Бір,екі тұрайық, Алақанды ұрайық. Саңырауқұлақтай отырып, Емендерше тұрайық. Отырайық,тұрайық, Орнымызға жайғасайық Оқушылар дауыстап қимыл жасайды
Талдау 10 мин СТО,ЖЕ. Деңгейлік тапсырмалар. Карточкалар ІІІ деңгей: 1.Көп нүктенің орнына коректі зат есімдерді қойып жаз Төлдер: қозы__________________ Құстар: торғай,________________ Жемістер: алма,________________ 2.Берілген зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Кітап, қалам, қарындаш __________________________________________________________ ІІ деңгей: Туынды зат есімдерді негізгі зат есімдерге айналдырып жаз. Іскер,жылқышы, ойыншық, сыйлық, өнерпаз 2. Сурет орналасқан сөйлемдерді оқыңдар. Сурет орнына заттың атын қойып көшіріп жаз. І деңгей: 1.Төрт түлік малдардың аттарын төлдермен қоса жаз. 2.Сөзжұмбақты шешсен сөз табының аты шығады 1.Жыл мезгілі 2. Асыл да аяулы жан 3. Ыдыс 4. Әкенің әкесіне кім деп атайсың ? 5. Қыз баланың есімі ? 6. Туған жер алтын... 7. Жазу жазатын құрал 3. «Менің досым» атты шағын әңгіме жаз. Зат есімдердің астын сыз. Өз білімін толықтырады, талдайды, ойын дәлелдейді.
Жинақтау Үйге тапсырма 5мин 2 мин АКТ ТДО, СТО,ЖЕ. Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Тест жұмысы. Тест сұрақтарына жауап беру. 1. Тәуелдеулі зат есімді тап. а) кілем ә) ағасы б) кірпі 2. Туынды зат есімді белгіле. а) топырақ ә) кесе б) күйші 3. Түбір сөздер қатарын белгіле. а) су, теңіз, өнер ә) өнерпаз, сулы, теңіздей б) өнерлі, судай, теңізде 4. Жалғау жалғанған сөзді тап. а) сауыншы ә) бастық б) дәптерді 5. Жұрнақ жалғанған сөздерді тап. а) домбыра ә) іскер б) сауысқанның Кілті 1) ә 2) б 3) а 4) б 5) ә 5 сұрақтан құрастырылған тесті орындайды. Бір-бірін жауап кілті арқылы тексереді
Бағалау 3 мин Критерий береді. Формативті бағалау. Оқушылар өздерін бағалайды
Рефлексия 2 мин Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну. Ұсынылған стикерді толтыру
Бағалау парағы
Оқушылардың аты-жөні Үй жұмы- сын тексе ру Семантикалық карта Оқулық-пен жұмыс Карточкалар- мен жұмыс Тест Бағалау
1.
2.
3.
4.
Бағалау критерийлері: Тапсырманы толық дұрыс орындауы-3 Идеялар ұсынуы-2 Тақтаға шығу-1 ІІІ деңгей: 1.Көп нүктенің орнына коректі зат есімдерді қойып жаз Төлдер: қозы__________________ Құстар: торғай,________________ Жемістер: алма,________________ 2.Берілген зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Кітап, қалам, қарындаш ______________________________________________________________________________________ ІІ деңгей: Туынды зат есімдерді негізгі зат есімдерге айналдырып жаз. Іскер,жылқышы, ойыншық, сыйлық, өнерпаз
  1. Сурет орналасқан сөйлемдерді оқыңдар. Сурет орнына заттың атын қойып көшіріп жаз.
І деңгей: 1.Төрт түлік малдардың аттарын төлдермен қоса жаз. 2.Сөзжұмбақты шешсен сөз табының аты шығады 1.Жыл мезгілі
  1. Асыл да аяулы жан
  2. Ыдыс
  3. Әкенің әкесіне кім деп атайсың ?
  4. Қыз баланың есімі ?
  5. Туған жер алтын...
  6. Жазу жазатын құрал
  1. «Менің досым» атты шағын әңгіме жаз. Зат есімдердің астын сыз.