Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
1 сынып ата аналарына кеңес

1-ші сынып ата-аналарына жаднама

Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан Жаңа ғасырда мектебіміздің есігін алғаш ашқан кезде ойымызға «Бүгінгі күні заманымызға сай оқушымыз қандай, ұстазымыз қандай, мектебіміз қандай болу керек ?»-деген сан сұраулар көкейімізде тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасы мен нәтижесі ең алдымен алдымызда отырған өскелең ұрпақ пен соны өмірге жетелейтін мұғалім денсаулығына тікелей байланысты екені үнемі назарда ұсталады. Жыл басында 1-ші сыныпқа қабылданатын әрбір бала педагогикалық, психологиялық және дәрігерлік зерттеулерден өткізіледі. Ата-аналар мен бала денсаулығы, мінез-құлқы және мектепке дайындығы туралы пікірлесу. Баланың жеке басының ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат жинау. Қалалық балалар емханасынан бөлінген балалар дәрігерімен байланыста болу. Мектеп психологі, сынып жетекшілері оқушылармен тығыз байланыста болуы. Дені сау бала оқу үдерісіне белсене араласады, әрдайым жайдары,көңіл-күйі жоғары болады. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті- әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып,оқуға деген құштарлығын ояту,әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерді дамыту. Бұл міндетті орындау мектеп ұжымынан жаңаша педагогикалық көзқарасты, жарық көрген оқулықтарды жаңаша оқытуда , денсаулығын аялай отырып, баланың дамуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді.Оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру білікті маман кадрларымен толық қамтылған. Заман талабына сай мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы жыл артқан сайын өсуде.Осы мақсатта тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандардың сабақтастықта қызмет атқаруы оң нәтижесін беруде.

2016-2017 оқу жылында 1-ші сыныптарда дәріс беретін мұғалімдер:

1 «А» Жуманбаева Баян Бакиқызы (25 оқушы)

1 «Б» Мазанова Назгүл Төлегенқызы (26 оқушы)

1 «В» Сейтахметова Гүлстан Айтпайқызы (25 оқушы)

1 «Г» Жакитова Айгерим Рысбековна (25 оқушы)

1 «Д» Абушахман Жадыра Жарқынбекқызы (24 оқушы)

1 «Е» Шанбаева Жанар Есенғалиқызы (24 оқушы)

Бастауыш сынып бойынша 441 оқушының 1-ші сыныптарында 149 оқушы. 10 күн оқушылар адаптациядан өтеді. Адаптация аяқталғаннан кейін толық сабақ кестесі бойынша сабақтар 35 минуттан өткізіледі. Ұзартылған күн тобының жұмысы барлық 11 сыныпта ұйымдастырылады. Сабақ соңында 1сағат серуендеп, оқушылар дем алады. Күн жылы кезде далада, суық кездерде фойеде, сынып бөлмелерінде дем алу кезеңдері өткізіледі. 1-ші сыныптарға мектеп психологі Назымгуль Бейсенбайқызы Идрисова оқушылардың мектепке икемделуі мен үйренуіне, қобалжу деңгейлерін түсіруге қызмет жасайды. 1-ші сынып оқушыларына төмендегі ережелерді ескеру қажет. 1. Бала зейінін 10-15 минут тұрақтандыра алатынын есте сақтаңыз. Сабақ дайындаған уақытта оқушыны 15 минуттан кейін сергіту сәтін ұйымдастыру қажет.Мысалы: 10 рет секірту, музыка қойып билету. Үй тапсырмасын жазбаша жұмыстан бастау керек. Сабаққа дайындалу уақыты 1 сағаттан аспауы керек.
  1. Компьютер, теледидар және көзге күш түсіретін басқа да әрекет түрлері 1 сағаттан аспауы тиіс.
  2. Оқудың бірінші жылында сіздің балаңызға өзіңіздің қолдауыңыз ауадай қажет. Мұғаліммен дұрыс қарым-қатынасқа түсу, сыныптастарымен достасу кезеңдерінен дұрыс өтуге әсер ету қажет.
  3. Сіздің қызығушылығыңыз бен қатысыңыз баланың танымдық процестерінің дамуына өте жағымды әсер етеді. Баланың бұл қабілетін сіз әрі қарай дамытып,бағыттауға міндеттісіз.
  4. Бала алдында мектеп пен мұғалімдер жайында теріс нәрселер айтуға жол бермеңіз.
  5. Балаңызды сыныптастарымен салыстырмаңыз, олар сізге өте сүйкімді болса немесе керісінше болса да.Сіз балаңызды қандай болса,сол қалпында сүйіңіз, қандай болса сол қалпында қабылдаңыз. Оны жеке тұлға ретінде сыйлаңыз.
  1. Өз талаптарыңызда бірізділікті сақтаған дұрыс. Егер де баланың өздігінен бір нәрсені істегенін қаласаңыз, көмек көрсетуге асықпаңыз, өзін ересек сезінуге мүмкіндік беріңіз.
  2. Балаңыздың қолынан бір нәрсе келмей жатса, ол жай нәрсе болып көрінсе де, оған түсіністікпен қараңыз. Шыдамды болыңыз. Қанша рет қайталауға болады? Сен қашан үйренесің?- деген сөздер тек ашуға әкеліп соғатынын естен шығармаңыз.
Сіздің балаға деген сеніміңіз оған барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Ата-аналар мен мұғалімнің арасындағы ынтымақтастық жарасымды,үйлесімді болып бір-бірлерін түсінушілікке бағыттаса, міндетті түрде оқушының дұрыс бағытта болуына жол ашылатыны сөзсіз.

ДТЖО: Абдимбетова Г.Б.