Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дулатұлы(1885—1935) — қазақтыңаса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -

Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!

Өмірбаяны

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысыныңЖанкелді ауданынақарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсітіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектепМіржақыптың білімін толықтырумен қатар, азаматретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалімұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариніргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғайқаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттерінеде ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.

 

«Алаш» партиясының басшылары, сол жағында Ахмет Байтұрсынұлы, ортасында Әлихан Бөкейхан, оң жағында Міржақып Дулатұлы, 1917 жылғы сурет

Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.

Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыстілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904жылы Міржақып Омбықаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлыменкездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлыменбipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылыпатша өкіметіне қазақ халкының атынан петицияжазушылардың қатарында болады.

Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлыныңүнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.

1906жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907жылы Петербургтешыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақалаавторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.

1913жылы ол Ахмет Байтұрсынұлыменбipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920жылы Ташкенткекеліп, сондағы “Ақ жол" газетіндеқызмет атқарады. 1922жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағыағарту институтында оқытушы болады. 1928жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Шығармалық мұрасы

Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913жылы Орьнборда"Азамат", ал 1915жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.

Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романыҚазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем прозаүлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914жылы екінші peт басылды.

Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондаржазады. 1922жылы Ташкенттеекі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.

М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.

«Оян, қазақ!» мазмұнына келгенде, бұл – қазақ ұлтшылдарының сол кездегі пурграмы деуге болады. Қазақ ұлтшылдары ұлт туын қолға алып, патша үкіметіне қарсы шыққанда осы «Оян, қазақты!» өздеріне пурграм ретінде қолданылды. «Оян, қазақ!» жарыққа шыға сала, қазақ зиялыларының жəрдемімен, қазақ елінің түкпір-түкпіріне аз уақытта тарап, тіпті, сол кездегі ұлт туын ұстауға ынталы оқығандар «Оян, қазақты!» ел аралатып сатты. «Оян, қазақ!» көп кешікпей қуғынға ұшырады. Жер-жердегі патша үкіметінің полициялары «Оян, қазақты!» іздеп, оны ұстаушыны қузап, сатушыны абақтыға жаба бастады. «Оян, қазақ!» үшін Міржақып абақтыға түсті. Бұл туралы өмір тарихында толық айтылды. Ахмет Байтұрсынұлының «Масасы» ұлтшылдықты қазақ даласына ызыңдаған маса ғана болса, «Оян, қазақ!» аттан салып, айғайға басқан ащы ұран болды.

«Оян,қазақ!» өлеңі

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!

Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ

Алашағың аз ба мына дүниеден

Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!

Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!

Ауырыңды арқала да, алға бас,

Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!

Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,

Ер мінезбен өр рухқа болма жат.

Ортасына жалғыз орыс кіргенде,

Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.

Аталардан қалған асыл мұрамыз –

Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.

Азаттығы ұмытылған ұлт болып,

«Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.

Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,

Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз!

Тойланады мерекеміз жат жұртша,

Ойланады өзге тілде баламыз.

Құранды да, Құдайды да сүймейміз.

Сұлу көрсек ,оңашаға сүйрейміз.

Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз,

Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.

Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз,

Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз.

«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,

Бірақ оның не екенін білмейміз.

Дүниенің пайдасына пысықпыз.

Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.

Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,

Басқаларға бас игенде – мысықпыз.

Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз,

Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз.

«Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп,

Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз.

Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып,

Селтеңдейміз әуейі боп ән салып.

Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,

Өлгендерге әуреміз там салып.

«Қаным таза, жаным таза» дегенмен,

Көш соңында қалып қойдық неге елден?

Мойындаған күллі адамзат неміз бар?

Не шығардық ел ынтыққан, еленген?

Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп,

Ғарышты да игеруде бұрын кеп.

Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде

Белесебет жасай алар білім жоқ.

Шіренгенде үзеңгіні үземіз.

Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз.

Оралманға одырая қараймыз,

Келімсектен дірілдейді тіземіз.

Ертегіге есігін кең ашқаның,

Ертеңіне қатырмайды бастарын.

Қонағы би жаман үйдің тұрғыны,

Шеттерінен шел басқан көз, месқарын.

Құдай берген мұнай, көмір, мысың да,

Біздікі емес, билігінде басқаның.

Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап,

Ақылымыз ашып бітті айран боп.

Қамқор Алла сақтамаса біздерді,

Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ.

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…