Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сүйенбай Бұқар

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен. Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған. Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған. 1929 жылы алғаш рет “Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”). Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған. Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/biography/3391-aronuly.html
© www.ZHARAR.com

Жақсы меен жаман адамның қасиеттері

Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, 
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай.
Жамандар - өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман» ─ деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын - ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Жамандар өсек-аян айтып жүрер,
Ешкімнің білмесе де қылмысын- ай.
Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,
Ақылы ауысқан адамның жындысынд - ай.
Екеуін салыстырып әдейі айттым,
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа - ай.

 

 

Төрелерге

Дәулетбақтан - Ноғайбай сен бір арсыз, 
Байсүгір - Қараталдан тұғыянсыз.
Ыстанбек төремін деп мақтанбағын,
Бұл арсыздың ішінде сен де барсың.
Қаратал өмірінде жалшымаған,
Қарашолақ өгізін қамшылаған.
Қаршыға қайраттанса қаз алады,
Олжаңды қарға тапқан салшы маған?!
Дүниеден Сарыбай да кетті көшіп,
Бұл жерде Нарбота отыр желдей есіп.
Алдыңа бір жауапкер екей келсе,
Түйе басы тоғызды салма кесіп.
Ала бұқа көзденген Атамқұл бай,
Жұртыңа жақсы болсаң боласың жәй.
Құланаяын, маржаны айдап жедің,
Тәңір алдына барғанда қайтесің-ай!
Сен өзің Әжібайдан туып едің,
Жасыңнан жамандыққа жуық едің.
Қияметке қайтесің кісі ақысын,
Зар жылатып талайды қуып жедің.
Кісі екен қабырғалы Дәуіталы,
Сәмбеттің ат түгіндей айғыр жалы.
Арбаң сынса қаңғырып жолда өлесің,
Сен келдің жазған байғұс не қылғалы?!
Билерім, салшы маған тапқаныңды,
Істеп жүрсің өзіңе жаққаныңды.
Қарымсақ, Жалайырдан сен келіпсің,
Қырқаңда салып жатпай қақпаныңды.
Белгілі қыстақтағы сабаншысың,
Сен өзің жаннан асқан амалшысың.
Қыстақтың көп ұрысы өледі деп,
Билерге кеп отырған хабаршысың.
Ақшаны жанқалтаға толтыра сап,
Дегенге жауабың сол: «Сені ме, қап!»
Пәреге билер қарны бөккеннен соң,
Жаныңдағы ұрыны ақтары хақ.
Біреудің көз саласын құзырына,
Мен тұрмын аң-таң болып қызығына.
Аударып ақты арамға пәле жейсің,
Не дейін әділетсіз бұзығыңа.
Келіңдер осы топқа барайын деп,
Бір шайқам май түсе ме қарайын деп.
Момын малын зұлымға алып беріп,
Нашардың қайтарсыңдар талайын жеп.
Айтамын білгеннен соң көзім ашық,
Төрелер, кеп отырмын дидарласып.
Тау басына жиналған тазқаралар,
Жемей ме қарны ашса көкей жасық.

 

 

Батырбек датқа айтқандары

 

Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек, 
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Төрт Дулаттан тараған Сыпатайдың,
Келді ме деп ойлап ем қайғысын жеп.
Бойың биік болғанмен, ойың қысқа,
Дәу Батырбек дейді екен сені босқа.
Жақынын жаттай көріп айып сұрап,
Қысқалығың көрінді осы тұста.
Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,
Ақылы дариядай көл кісі еді,
Жаныстан өтіп кеткен әзіз Төле,
Сенкібай, Шойбекпенен тең кісі еді.
Құлмамбет, Таңсықпенен о да кетті,
Сүйегі соларменен бір кісі еді.
Батырбегім, топ болса айқайлайсың,
Үшеуінің қасында нең кісі еді?!
Елімді қорашсынба, дәу Батырбек,
Кеткен жоқсың олардың ақысын жеп.
Дәң кеуде, сом қабырға, қомпылдаған,
Жуан кісі екенсің ақылың жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұраншыға

Батыр - ай, кедейшілік жаман екен, 
Бұл дүние азулының заманы екен.
Қолдаушың арт жағыңда көп болмаса,
Жауапсыз кедей жазған қалады екен.
Күжірейіп мына отырған Көпірбайың,
Бермеді Сүйінбайға тайдың майын.
Тай тұрсын, Сүйінбайға сен кімсің деп,
Жауапсыз бос қайтарды айтпай жайын.
Бар дейді мырза төре Тезек деген,
Жыланып Итенбайың безектеген.
Үш жүз жылқы ішінен тай тимеді,
Итенбай аттың майын беред деген.
Тезекке ойланып ем барайын деп,
Осындай сұрап едім керекпенен.
Өлеңді сөйлегеннен аянбадым,
Жеңген соң кедейшілік баяуладым.
Батыр-ай, атты қайдан мен аламын,
Шоңқайып қараша үйде жаяу қалдым.
Түспей не ғып тұр екен жер мен аспан,
Бос отырып кедейлар өле ме аштан?
Жылап жүрген нашарға көз салмайды,
Байдан - бейіл, батырдан - рахым қашқан.

 

Бұқар жырау

Бұқар жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:

“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.

Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытаймен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:

“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.

Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:

“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”…

Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.

 

Тілек

 

Бірінші тілек тілеңіз: 
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған, 
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.

 

Қазақтың ханы Абылай

 

Қазақтың ханы Абылай 
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал қорғаны.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті Бөгенбай.
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан
Батыр шыққан даңқынан,
Қарсыласқан асылдар
Қорғасындай балқыған,
Батырың өтті Бөгенбай.
Бұтақты мүйіз бұғысы
Саласындай жайылған,
Мылтық айтқан мергені
Киігін қойдай қайырған,
Құланы құлындай тулаған,
Түлкісі иттей шулаған,
Қыс қыстайтын жеріңді
Сол сықылды тау қылған,
Батырың өтті Бөгенбай.
Асу салған, тас бұзып,
Тарбағатай белінен,
Қол қондырған қос тігіп,
Борлы деген көліңнен,
Қалмақты шапқан шулатып
Ақшәуілің өрінен,
Қоныс қылған найманға
Бәрін қуып жерінен,
Батырың өтті Бөгембай.
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаз дауысты Қазыбек.
Шашақ ұлы Жәнібек,
Ормандай көп Орта жүз.
Содан шыққан төрт терек,
Тұғыр болған сол еді,
Сіздей төре сұңқарға.
Бәйгелі жерден бақ болған,
Сегіздей жүйрік тұлпарға.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Келмей тұр аузым айтарға,
Батырың өтті Бөгенбай.
Өкпе қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарп қылған бар күшін,
Қайыры болсын халқыңа,
Сабыр қыл, ойла келмесін,
Қарияң келіп жырлап тұр
Еңбегі сіңген ер үшін
Батырың өтті Бөгенбай.

 

 

Ай, заман - ай, заман -ай

Ай, заман - ай, заман - ай, 
Түсті мынау тұман - ай.
Істің бәрі күмән -ай.
Баспақ, тана жиылып
Фәни болған заман - ай.
Құл - құтандар жиылып,
Құда болған заман - ай.
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірткен заман -ай.
Азаматың құлапты,
Жұрт талық болған заман - ай.
Арғымақтың жалы жоқ,
Жабылар жалымен теңелер.
Жақсылардың малы жоқ,
Жамандар малымен теңелер.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,
Алланың аманаты - жан,
Қай күн алары болжалсыз.
Шашырап шыққан қандар көп,
Шашау жатқан малдар көп.
Қайсы бірін айтайын.
Айта берсем сөздер көп.
Үй артында төбешік,
Ерттеп қойған ат болар.
Қариясы кімнің бар болса,
Жазулы тұрған хат болар.
Өзіңнен туған жас бала
Саудагердей сарт болар.
Өзіңмен бірге туысқан
Алаштан бетер жат болар.
Сыйынған пірің сарт болар,
Бір құдайға шет болар.
Өтермеден кетер ме
Жарлы менен байғұстар?
Байдың малын көтерме,
Тайып кетсе табаның,
Шашыңды берсең жетер ме?
Аздың да ісі бітер ме,
Көптің де ісі жетер ме?
Көп ішінде бір жалғыз,
Сөйлесе, сөзің өтер ме?

 

Абылай ханның асында

 

Абылай ханның асында,
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді,
Соғыспа деп жырлайды!
Зарын қосып жырлайды,
Соғыспа деп жырлайды,
Бұқар деген кәріңіз!
Соғыспен кетер сәніңіз,
Жауластық жолды сүймеңіз.
Мынау жалған сұм дүние
Өтпейді менен демеңіз.
Сырдарияның суынан
Кесіп әрі өтіңіз.
Үш жыл малды тусытып,
Жиделібайсын жетіңіз.
Шұрайлы жердің ұйығы , —
Адамы жүзге келмей өлмеген,
Малы екі рет төлдеген,
Ел-жұртыңнын қамы үшін,
Солай таман кетіңіз.
Менің жасым тоқсан үш,
Мұнан былай сөйлеуім
Маған болар әлі күш.
Өліп қалатын тай үшін,
Иен қалатын сай үшін,
Қылмандар жанжал, ерегес.
Егер тілімді алмасан,
Ай, Абылай, Абылай,
Сені мен алғаш көргенде,
Тұрымтайдай ұл едін.
Түркістанда жүр едің,
Әбілмәмбет төренің
Қызметінде тұр едің.
Қалтылдап жүріп күнелткен,
Үйсіндегі Төле бидің
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырма беске келген соң,
Бақ қонды да басыңа,
Алтын тақтың үстінде
Ак сұңқардай түледің.
Дәулет бітіп басыңа,
Қызыр келді қасыңа,
Бейішке нақ түнедің.
Алыстан тоят тіледің,
Қылышыңды тасқа біледіңі
Алмасаң жауыңды қоймадың,
Алсаң да әсте тоймадың,
Ырыздықты елден ойладың.
Уа, сен қанжығалы Бөгенбай,
Тоқымы кеппес ұры едің.
Түн жастанып жүр едің,
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қашан жауға тіредің?
Абылай-ау, Абылай,
Момынға келіп бек болдың,
Атаңды ұқпас ұл едің.
Қарсы менен құзарда
Жалаңаяқ жүр едің.
Жалаңаяқ жар кешкен,
Бөз тоқыған сарт едің.
Ата тегіңді сұраса,
Арқар ұранды жат едің,
Қай түріңмен төре едің?
Шешеңді және сұраса,
Қай алтынның буы едің?
Оны да мен білуші ем,
Түрікпеннің жерінде,
Қашып жүріп күнелткен
Мәскенің қара күңі едің.
Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен ерді соңыңнан,
Ақ жол тапты күніңіз.
Арсы менен күрзіге
Тайталасты үніңіз.
Өзің болған күніңде.
Жер-жиһанға сыймады,
Азат болған құлыңыз.
Ашуланба, Абылай,
Ашулансаң, Абылай,
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазыға салармын.
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Басына мұнша көтерген
Еліңе жаулық сағынба!
Күнінде мендей жырлайтын,
Мініңді айтып сынайтын,
Тоқсан үштегі қария
Ендігәрі саған табылмас!

 

Сәлем - сөздің анасы

 

Сәлем - сөздің анасы, 
Әлік алған данасы.
Шығанақтан шырқайды
О біреудің танасы.
Оның сөзін тыңдасаң,
Баяғы айтқан жаласы.
Өтірікті шын қылған
Ол Алланың қызыл көздің пәлесі.
Айтқаныңа көнбесе,
Айдауыңа жүрмесе,
Көңілінде бар оның аласы.
...Жақын жерден шөп жесе,
Жердің сәнін кетірер.
Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер.
Жарау, семіз байда бар,
Құйрығы бітеу қойда бар,
Қос қанаты тимеген,
Қанаты бітеу қуда бар.
Ат тұяғы тимеген
Ақ кірпіш тас суда бар.
Әзірейіл келген күн
Жан қалар дер қайда бар?
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс салсаң,
Киген тонын түлкі етер.
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас, не пайда.
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес, не пайда.
Дін пұсырман болмаса,
Тіл пұсырман не пайда.
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда.
Мал араға түспесе,
Құр айтқаннан не пайда.
Байдан қайыр кеткен соң,
Мал да кетер, не пайда.

 

 

 

Ай, Абылай сен он бір жасыңда

 

Ай, Абылай сен он бір жасыңда 
Тұрымтайдай ұл едің.
Он бес жасқа келгенде,
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің .
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар,
Жаныс Қарабайбайдың қолында
Түнде туған ұл едің.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа:
Отыз жасқа келгенде,
Дүниеге кең едің:
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Шайқалып аққан сең едің;
Қырық жасқа келгенде,
Алтын тонның жеңі едің;
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің;
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің;
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң маужырап барып соларсың;
Алпыс бес жасқа келгенде,
Әрбір атқа қонарсың;
Жұмсасаң бала тіл алмай,
Қатының қарсы шауып ұялмай,
Әрнешек күнің сол болар,
Еңкейтіп орақ орарға
Тоңқайып масақ терерге.
Жетпіс жасқа келгенде,
Жетпіс деген жел екен,
Шала ауырып пір екен.
Жетпіс бес жасқа келгенде,
Жылуы болмай қойныңның,
Қаруы болмай сойылыңның,
Өлмесең де жойылдың,
Әр атаққа қойылдың.
Сексен деген сор екен,
Шындап ұрған пері екен;
Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзді алар,
Ауыздағы сөзді алар,
Бойыңдағы әлді алар,
Бетіңдегі нұрды алар,
Бойыңдағы шырды алар,
Ауызыңдағы тісті алар,
Қолыңдағы істі алар,
Өлмегенде не қалар?
Тоқсан бес деген тор екен,
Дәйім жаның қор екен,
Қарғиын десең екі жағы ор екен;
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен,
Келмейтұғын неме екен.

 

 

Арту, арту бел келсе

Арту, арту бел келсе, 
Атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп.
Жал, құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Қалын малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат болмас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.
Садыр, қайда барасың,
Сарысуды көбелеп?
Сен қашсаң да, мен қойман,
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын
Қар, жаңбырдай себелеп.
Ежелгі дос жау болмас,
Шірнеуіште хаты бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Көңілінде кірдің таты бар.