Телефон доверия
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы"

"Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы"

 

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі үлгілік қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 5-тармағын орындауда арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

         Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.

         Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса), ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен, қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.

         Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін № 18 ЖББОМ КММ 51-61-31 телефоны бойынша жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 1-14 ақпан аралығында.