Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Анализ работы 2017-2018 учебного года

2017-2018 оқу жылындағы мектептің әдістемелік жұмысының             талдауы

Әдістемелік қызмет мектептің жұмыс жүйесін бір тұтастыққа біріктіретін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыратын құрал болып табылады. 2017-2018 оқу жылынан бастап мектеп жаңа

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында көптілділік пен функционалды сауаттылықты дамыта отырып,оқушылардың білімдерін критериалды бағалау енгізу арқылы жетілдіру» деген әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істеді

Тақырып 3 жылға есептелген.Әдістемелік қызмет алдына мынадай мақсат пен міндеттер қояды: педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерінің өсуін, бастаманың дамуын,  оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеп меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың  іс-әрекеттік дағдыларының дамуына жағдай жасайтын әдістемелік-дидактикалық материал базасын жасау, оқу пәндерін оқытудың педагог пен оқушының құзыреттілік мінез-құлықтарының ашылуына  бағытталған  инновациялық тәсіл қолдану, оқушыларды білімінің сыртқы сараптамасына дайындау: ОЖСБ, ҰБТ, ТIMS және PISA халықаралық тестілеуіне дайындау.

2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік жұмысының мақсаты мен міндеттері бойынша жылдық қорытындысы. Пән мұғалімдері жыл көлемінде оқушылардың білім алуының жеке маршруттарын әзірледі. Теориялық және тәжірибелік семинарлар мен коучингтер өткізілді:

  • Оқушының жеке маршруты – оқушы құзыреттілігі дамуының құралы.
  • Педагогикалықтехнологияның жиынтығы.
  • Сыни тұрғыдан ойлау және оның оқу іс-әрекеті үрдісінде қалыптасуы.
  • Ынталандыру – жақсы оқу іс-әрекетінің басты жағдайы.  

Шығармашылық және проблемалық топтың мектеп тақырыбы бойынша ПК БАИ-нда мектеп ӘБ, қалалық ӘБ, облыстық ӘБ шеңберіндегі қызметі.

  1. Облыстық және қалалық семинар шеңберінде іс-әрекеттік тәсіл негізінде 19 сабақ көрсетілді.  
  2. Педагогикалық кеңестер:
    • «Критериалды бағалау»
    • «Оқу мен оқытудағы жаңарту үрдісіндегі тәрбие жұмысы»
    • «Сатылар арасындағы сабақтастықты нығайту»(4-5)сынып арасындағы сабақтастық бойынша 2 кіші пед кеңес
    • 11-сынып оқушыларының орта мектеп курсы бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері жайлы»

       Мұғалімдердің өздігінен білім алу қызметі әдістемелік тақырып бойынша жұмыстың  негізгі  бағыттарынан тұрады.  Мұғалімдер бұл мәселе бойынша өз біліктерін курстық қайта даярлық жүйесі арқылы, мектеп, қала, облыс семинарларына  қатысу,  мектеп, қала, облыс деңгейінде шығармашылық және проблемалық топтарда өзара әрекеттесу арқылы көтерді. Ұйымдастыру-іс-әрекеттік ойындарға қатысты, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар мазмұнын дайындады, сабақтардың технологиялық карталарын құрастырды.  Мұғалімдер оқудың жоғары ынтасына ие және үлгерімі төмен оқушыларға арналған жеке білім беру жоспарларын әзірледі. Пән мұғалімдерінің рейтингтік көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда өсті.

Халықаралық деңгей:Сәтбаев оқулырына 3 мұғалім  баяндама жасады

(Аманжолова М.Б,Мұхаметжанова С.С,Садық Н). «Золотой микрафон»әнші балалар байқауына оқушыларын нәтижелі дайындағаны үшін

 Сейсембинова Д.М бірнеше рет Алғыс хаттармен марапатталды.

Республикалық деңгей: 1мұғалім тест тапсырмаларын сараптаудың ресми мүшесі (Байдолда Марат), Қазақ тілі,орыс тілі ,физика, ағылшын тілі, тарих,  бастауыш, математика ӘБ  мұғалімдері  қашықтықтық пән олимпиадасының  қатысушыларын  жыл көлемінде нәтижелі дайындады. «Рухани жаңғыру аясында» өткізілген конференциясында Кузембаев А.С облыс,республика көлемінде Алғыс хаттар мен сертификаттар.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуінің (TALIS-2018)негізгі кезеңін ұйымдастырып өткізуге жауапты әрі белсене атсалысқаны үшін мектеп директоры Бекбаева А.Т мен директордың оқу-ісі  меңгерушісі Айыпбаева Ш.Ж Алғыс хат

Облыстық деңгей:  1 мұғалім – пән олимпиадасының жүлдегері (физика пәнінің мұғалімі Дигай Айжан ),  

1 мұғалім - Республикалық « Өмірлік таңдау» жұмысшы мамандықтарды дәріптеу  Республикалық жобасы аясында өткен «Үздік тренер »байқауының жеңімпазы(Серимбаева Д.Т),

«Қалалық деңгей»

Қалалық «Мағжан оқулары» (қазақ тілі ӘБ мұғалімдер мен музыка пәнінің мұғалімі Сейсембинова Алғыс хат.

«Coca-CoIa Былғары доп 2018»2003-2004 ж.т мектеп оқушылары арасындағы  футбол  бойынша  турнирде  қалалық,облыстық деңгейде жүлдегерлер  дайындағаны  үшін  Жумакельдин С.Ж Алғыс хаттар мен мадақтамалар .

«Мұғалімдер арасындағы  47-ші спартакиада»бағдарламасында  Оспанов А.Н  жүзу бойынша II орын, «Үстел теннисінен »Оспанов А.Н, Огазова И.К, Жуспеков Б.К  II орын.

«Мектеп волейбол лигасы»турниринде мектеп командасының тренері : Картова Ж.М (III дәрежелі диплом) ,Аниярұлы Оралхан I дәрежелі диплом.

Қалалық пән олимпиадасыныңжеңімпазы  -6 мұғалім

( қазақ тілінен Оңғарова Г.С),(математика Хашым Нұрбақыт) , (тарих Кузембаев А.С),(физика Дигай  ), ( шетел тілі  Сейсембаева М.Ш) ,(география Жумажанова  З.К) «Әдістемелік-дидактикалық оқу құралдарының  » жеңімпаздары бастауыш  сынып мұғалімдері : Шахманова Р.К,Баймульдинова А.И,Балтабаева К.А Журсинова М.М ,Жакупова  А.Е , Шаханова Н.Т , Байғабылова Р.С ,Апсаликова А.Т,Оғазова И.К ,Арынова Д.К ,Камашева Г , Арыстанбекова Ж.Қ, .биология пәнінен Кульбекова  Ш.М ,Отарова А.Ж ,орыс тілі мұғалімдері Иванова В.А,Молдабаева Г.Т ,Информатика пәнінен Серикбаев А.С.

«Интернет-фестиваль» сайысының жүлдегерлері : Манай Б.Х, Балтабаева К.А, Жумажанова З.К, Отарова А.Ж, Кузембаев А.С,

 

 

 

Дарынды балалармен жұмыс.Дарынды балалармен жұмыс жасаудың

 «Жас дарын» бағдарламасының  тиімділігі  мен  нәтижелігі оқушылардың өздігінен танымдық және пәндік іс-әрекетіндегі, зияткерлік және ақпараттық-коммуникативтік саладағы кілтті құзыретерінің қалыптасуынан көрінеді. Оқушылардың  қалалық,  облыстық, республикалық, халықаралық  деңгейдегі  зияткерлік сайыстарда нәтижелерге жетуі педагог ұжымының оқушыларды олимпиадалар мен сайыстарға мақсатқа бағытталған    жүйелі  түрде ұйымдастыруының арқасы. Халықаралық деңгей:17 оқушы – математикадан

 «Кенгуру-лингвист»,15 оқушы «Золотое руно» конкурсының қатысушысы,23 оқушы  «Пони» халықаралық  турнирінің  жүлдегері , 15  оқушы  «Русский медвежонок» интеллектуалдық ойынының жүлдегері,6 оқушы ағылшын тілінен «Бритиш бульдог» зияткерлік  ойынының  жүлдегері , 3 оқушы «Ментальды арифметикадан» қалалық, облыстық , республикалық , халықаралық    халықаралық   деңгейдегі жүлдегер.      

 25 оқушы «Ақ бота»интеллектуалдық марафонының жүлдегері . 8 оқушы қалалық пәндер олимпиаданың жеңімпазы, 1 оқушы –  «Қалалық Махамбет» оқуларының жүлдегері. Қалалық деңгей: ғылыми жобаларды қорғау сайысының  5 жүлдегері, тәрбиелік шаралары бойынша «Балауса» конкурсының лауреаттары, 1 оқушы Абай оқуларының  жүлдегері, 1 оқушы «Бітібаева олимпиадасының»ұлдар арасындағы  «Мектеп волейбол лигасы»I дәрежелі диплом иегерлері.

         Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылында жоғарғы сынып оқушыларының арасындағы ғылыми жобаларды қорғауға қатысу белсенділігі өте төмен деңгейді көрсетті.

          Педагог қызметкерлерді аттестаттау,қайта даярлықтан өту.

Мұғалімдердің жоғарғы біліктілік санатына аттестатталуы педагогтың кәсіби өсуінің, жеке тұлғасының белсенділігінің, еңбек ынтасының белгісі болып табылады. Аттестацияның жаңа форматты үлгісіне 11 мұғалім қатысты. «Педагог зерттеуші»  8- мұғалім , «Педагог модератор»1 мұғалім, «Педагогэксперт » 1 мұғалім.

Курстық қайта даярлаудан уақытылы өту мұғалімдерге қазіргі педагогика, оқыту әдістемесі саласындағы жаңалықтарды білуге, білім деңгейін көтеруге, озат педагогикалық тәжірибені зерделеуге мүмкіндік береді. 2017 жылғы қыркүйектен 2018 жылдың  мамырына дейінгі уақыт аралығында барлық пәндер бойынша пән  мұғалімдері  курстық қайта даярлықтан өтті. Жаратылыстану бағытындағы химия-биология (Бекмағанбетова Н.С ,Отарова А.Ж) информатика мұғалімдері (Хамитова А.А, Абдрахманова М.М, Серикбаев А.С),физика пәнінің мұғалімдері

( Сұңғатова К .Н,Дигай А) үштілділікке байланысты ағылшын тілі  курстарынан өтті. 

«Жаңартылған білім мазмұны» курсынан денешынықтыру пәнінен 3 мұғалім (Картова Ж.М,Садвакасов Е.К, Аниярұлы О), орыс тілі пәнінен (Иванова В.А), химия пәнінен (Манай Б.Х ), алғашқы әскери дайындық пәнінен Багимов А.С ,бастауыш сынып мұғалімдері (Шаханова  Н.Т, Сүлеймен Қ. Ш ) курстан өтті.Отарова А.Ж, информатика,мұғалім үшінші деңгей курсының сертификатын алды, 1 мұғалім 2 деңгей курсын, 1 мұғалім 1 деңгей курсын өтіп жүр.

 

 

 

Қорытынды:

  • Әдістемелік жұмыс жаңа әдістеме, тәсілдер, технологиялар туралы білімдерін толықтыру, оларды өз қызметінде қолдану арқылы кәсіби деңгей сапасын көтеруге бағытталған.
  • Пәнді оқытудың оқушылардың іс-әрекетіне вариативті тәсілдерді қолдануды қамтитын ең тиімді технологиялары іріктелген.
  • Диагностикалық негізге сүйенген әдістемелік жұмыс мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне әсер етеді, шығармашылығын ынталандырады, оқушылардың білім сапасының өсуіне мүмкіндік береді.
  • Мұғалімдердің кәсіби деңгейі өсуінің оңтайлы динамикасы қарастырылады. Мұғалімдердің  белсенділігі, шығармашылыққа деген талпыныстары артты.
  •  Ұсыныстар:
  • Жыл проблемасы бойынша тәжірибе жинақтауды белсендендіру.
  • Пән олимпиадасындағы, зияткерлік сайыстардағы сапалы көрсеткіштерді көтеру.
  • Әдістемелік жұмыстарды мерзімдік журналдар мен газеттерде басу мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.