Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп жанындағы «Академия добрых дел» лагері

«Павлодар қаласы №24 Жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Мектеп жанындағы «Академия добрых дел» лагері

Басты мақсаты: «Академия добрых дел» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:

-    Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

-    Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

-    Балалардыңойын алаңындағы ертеңгілікдене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

-   Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

-   Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

-  Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;

-   Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

«Академия добрых дел» лагерінің І ауысымыойын-саяхат моделі түрінде жоспарланған.

Лагерьдің мақсат-міндеттерін іске асыру сюжеттік-рөлдік ойын түрі ретінде жүзеге асады.

Лагерьдің сөздігі:

Лагерь — «Академия добрых дел»

Лагерьдегі барлық балалар– планетаның тұрғындары

Лагерьдің басшысы— Президент  

Лагерьдің тәрбиешілері– әкімдер

Бөлімшелер  - планеталар

Бөлімше командирі– планета басшысы

Барлық балалар жеті бөлімшеге бөлінеді. Әрбір бөлімше өзінің жоспарын жалпы лагерьлік жоспарға сәйкес жоспарлайды.

Балалар мен педагогтар лагерьдің жұмысы кезінде қала (планета) бойынша саяхаттар жасайды. Әрбір бөлімшенің « рәміздері» бар (атауы, ұраны).

Ойын-саяхат 15 күн бойы өрбиді, яғни лагерьдің бүкіл жұмысы кезінде әрқайсысының өзінің ерекшелектірі болады.

Ойын материалын, көрнекілігін, сөздігін дайындау, рәсімдеу ойынға деген қызығушылықты арттыра түседі.

Балалар ойын бағдарламаларын, концерттерді өткізуде белсенділік танытады. Лагерьдің үлкен іс-шараларына қатысады.

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. 

   Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Академия добрых дел» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:

-         Салауатты өмір салтына баулу;

-         Эстетикалық тәрбие;

-         Азаматтық - патриоттық және ұлттық тәрбие;

-         Тәрбие беру - сауықтыру жұмыстары;

-         Спорттық шаралар.

«Академия добрых дел» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама  негізінде жұмыс  жоспарлары жасалынды.

 І ауысым маусымның 1-нен маусымның  21-не дейін «Академия добрых дел» атты жазғы мектеп жанындағыдемалдыру алаңы  7 отрядпен жұмыс жүргізді. Лагерьдің жұмыс уақыты: 1 сынып оқушылары сағат  09:00-ден 17:00-ге дейін ,

2,3,4 – сынып оқушылары сағат 9:00 – ден 15:00 –ге дейін.

І ауысымда лагерде барлығы 175 оқушы қамтамасыз етілді. Оның ішінде ата-анасыз қалған балалар-   5   бала, отбасы жағдайы төмен және көпбалалы балалардың отбасынан -   21  бала.

 Осы аралыққа лагердің жұмыс жүргізу жоспары құрылып, күнделікті іс-шаралар өткізіліп, оқушыларды қала ішіндегі көркем жерлерге саяхат жасалды.

Таңертеңгі сағат 9.00.-ден кешкі сағат 17.00.-ге дейін лагерь өз жұмысын өткізді. Таңғы дене шынықтыру жаттығуларынан бастап, асхана тәтті тамақпен қамтамасыз етсе, медбике денсаулықтарын, тазалықтарын қарап отырды. Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс - шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»атты викторина, «Біз – Павлодар өрендеріміз!» ,«Кіші олимпиада ойындары»  лагердің әр күні нақты бір атаумен аталды. ұлттық – танымдық тәрбие сағаттары демалушыларды өте қызықтырды.

Әр күнге мақсатты түрде қала ішіндегі мәдениет орындарына, музей, кинотеатрлар мен спортклубтарына т.с.с  жерлерге саяхат жасап, әсерлі көңіл күймен барып келдік.       15 күндік демалыс лагері ерекше есте қалды. Балалар  дем алды, ойнады, денелерін сауықтырды. Түрлі жарыстарға қатысты. Жалпы айтқанда мектепішілік жазғы лагерь өз мақсатына жеткендей болды.     Балалар өз қолдарымен  отряд бұрышын жасады, өз ұрандарын құрастырды, балаларға арналған әртүрлі  көңілді әндер жаттады.

Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?», «нашақорлық-денсаулыққа зиян», «Отпен ойнама», «Қазақстан болашағы –біздің қолымызда»атты тәрбие сағаты, викториналар,ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді.  

«»лагері балалардың жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, балалармен патриоттық бағыттағы мәдени- көпшілік іс- шараларды ұйымдастыру мақсатында. Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.

                «Академия добрых дел» лагерінде 04 маусым  күні «Рәміздерім Мақтанышым» атты тақырыппен өтті. Лагерьдің бұл күні Потанин атындағы Облыстық өлкетану музейіне саяхатпен басталып, Павлодар облысының тарихына көз жүгіртіп қана қоймай, Елордамыз, Елбасымыз, еліміздің ұлттық нышандары жайлы керекті де қызықты деректер тыңдап, балалар өз білгендерімен бөлісті. Ары қарай  №10 кітапханада «Қазақстан –татулық аумағы» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, «Астана- мақтанышым менің» атты викторинамен жалғасын тауып, Нұр-Сұлтан  жайлы видеофильм көріп, оқушылар белсене қатысты. Осы викторинада «Здоровячки» тобының оқушысы Аглеев Владислав ерекше көзге түсті.  Мектебімізде балалар алғаш Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жайлы «Балалық шағымның аспаны» атты фильмді тамашалады. «Жұлдыздар» тобының оқушысы Кураисов Амир «Менің Нұр-Сұлтан  саяхатым» атты альбом мен Нұр-Сұлтан  көркі Бәйтеректің макетін дайындап әкелген. Күн соңында белсене қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар үлестірілді. 

         «Дельфинчики » отряды  «Академия добрых дел»   атты бағдарлама бойынша жұмыс істеді. Алдын ала осы проект бойынша жұмыс жоспарланып бекітілді.1 сезонның 15 күніне сәйкес қамтылған іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізіліп отырылды. Барлық  отрядтарға  әр күн  қызыққа толы болды. Оқушылар қызығушылықпен лагерь күндерін өткізді. Таңертеңгі сағат 9.00.-ден кешкі сағат 17.00.-ге дейін лагерь өз жұмысын өткізді. Асхана тәтті тамақпен қамтамасыз етсе, медбике денсаулықтарын, тазалықтарын қарап отырды.15 күндік демалыс лагері ерекше есте қалды.  Ғажайып әлем  бағдарламасы балалардың көңілінен шықты.Әр күн бір ғаламшар атауымен аталып қызықтыра білді.Балалар  дем алды,ойнады, киноға барды, әр-түрлі мұражайларға барды. Денелерін сауықтырды. Түрлі жарыстарға қатысты. Жалпы айтқанда мектепішілік жазғы лагерь өз мақсатына жеткендей болды.

Оқушыларды неге үйретеді:Еліне деген жауапкершілікке,қоғамдық жерлерде өздерін ұстауға, мәдени мекендерді білуге, жан – жақты оқушы болуға үйретеді.

Қорыта айтқанда,  жазғы сауықтыру лагерьінде  көп нәрсеге қол жеткіздік,оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс — әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отан сүйгіш, ел сүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Жазғы лагерь туралы ата-аналар жазба пікір жазды. Қорытынды күнде балалар өз өнерлерін көрсетті.

Қорыта айтқанда,  жазғы сауықтыру лагерьінде  көп нәрсеге қол жеткіздік,оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс — әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отан сүйгіш, ел сүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.