Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебі» ММ оқушыларына емтихандар өткізу туралы

 

 

Павлодар қаласының                                 Средняя общеобразовательная

№ 26 жалпы орта                                                          школа № 26

білім беру мектебі                                                   города Павлодара

 


     БҰЙРЫҚ                                                                ПРИКАЗ

   №________                                                            № ________

2013ж. «____»______________                   «____» ______________ 2013г.

 

 

2012-2013 оқу жылын аяқтау және

«Павлодар қаласының № 26 жалпы

орта білім беру мектебі» ММ

оқушыларына емтихандар өткізу туралы

 

Павлодар қаласы білім беру  бөлімінің 2013  жылғы 19 сәуірдегі     № 1-14/578 «2012-2013 оқу жылын аяқтау және Павлодар қаласы жалпы білім беру оқу орындарының оқушыларына емтихандар өткізу туралы» бұйрығын орындау үшін,  2012-2013 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау және мектеп оқушыларының аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Мектептегі мектепалды, 1-11 сыныптардағы оқу сабақтары 2013 жылғы 25 мамырда аяқталсын.

 

2. Көшіру, көшіру емтихандарына және түлектерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы педкеңес 2013 жылғы 24 мамырда  өткізілсін.

Емтихандар қорытындылары бойынша, оқушыларды көшіру, оқушыларды шығару және оларға  негізгі және орта мектепті аяқтау туралы сәйкес құжаттарды беру  бойынша педкеңестер  негізгі және қайта жүргізілген емтихандар аяқталу  күні  өткізілсін.

 

3. Негізгі орта білім курсы бойынша 9-шы сыныптар оқушыларын қорытынды аттестаттау 2013 жылғы 30 мамырдан 15 маусымға  дейін, жалпы орта білім курсы бойынша 11-ші сыныптар оқушыларын қорытынды аттестаттау 2013 жылғы 31 мамырдан 20 маусымға дейін өткізілсін.

 

4. Бітіруші 9-шы сыныптардың оқушыларын қорытынды аттестаттауды өткізудің келесі тәртібі және мерзімдері белгіленсін:

§  ана тілі мен әдебиеттен (оқыту тілі)жазбаша  емтихан –  30 мамырда, жатжазу түрінде;

§  алгебрадан жазбаша емтихан – 3 маусымда;

§  орыс тілінде оқытылатын сыныптарда мемлекеттік тілден ауызша емтихан – 7 маусымда;

§  қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда  орыс тілінен ауызша емтихан – 7 маусымда;

§  9-шы сыныпта оқып жүрген кез келген пәннен ауызша емтихан (еңбекке және кәсіпке үйрету, дене шынықтыру, сызудан басқалары)  - 10-11 маусымда.

§   

          Пәндерді таңдау ақырғы мерзімі – 30 сәуір.

5.Ағымдағы оқу жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түскісі келетін 11-ші сыныптар түлектері қорытынды мемлекеттік аттестаттауды ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) түрінде  тапсырады.

Оқуды аяқтау  жылы жоғары білім  ұйымдарына түскісі және ҰБТ-ге қатысқысы келмейтін 11-ші сыныптар түлектеріне төрт міндетті емтихан келесі мерзімде белгіленсін:

§  орыс тілінде оқытылатын сыныптарда мемлекеттік тілден ауызша емтихан  - 31 мамырда;

§  қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда орыс тілінен ауызша емтихан  - 31 мамырда;

§  ана тілі мен әдебиеттеншығарма түрінде жазбаша емтихан  - 4 маусымда;

§  алгебра және анализ бастамаларынанжазбаша емтихан - 7 маусымда;

§  Қазақстан тарихынан ауызшаемтихан – 11 маусымда;

§  10-11 сыныптарда оқып жүрген кез келген пәннен ауызша емтихандар (еңбекке және кәсіпке үйрету, дене шынықтыру, сызудан басқалары)  - 14 маусымда.

Пәндерді ақырғы таңдау  – 30 сәуір.

6.  5-6 сыныптар оқушыларының қорытынды аттестаттауы 16-21 мамыр аралығында жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген  оқу жоспары және оқу бағдарламаларына сәйкес  жылдық бақылау жұмысы түрінде өткізілсін.

 

7. 7-10 сыныптар оқушыларының аралық аттестаттауы 2013 жылғы 28-31 мамыр аралығында өткізілсін.

·        7-8-ші сыныптардаәдістемелік кеңестің шешімі бойынша келесі пәндер бойынша бір көшіру емтиханы белгіленсін:  

7а сынып– биология (жазбаша),

7б сынып– орыс тілі  (жазбаша),

7в сынып-  орыс тілі (жазбаша),

8а сынып– физика (жазбаша),

8б сынып– химия (тестілеу),

8в сынып– шетел тілі (жазбаша).

·        10-шы сыныптардаәдістемелік кеңестің шешімі бойынша келесі пәндер бойынша екі көшіру емтиханы белгіленсін:

10а сынып–  математика (тестілеу), география, физика, биология,  дүниежүзілік тарих (пәндердің бірі оқушы таңдауы бойынша).

 

8. Жылдық, қорытынды бағаларды қою және қатаң есеп беру   құжаттарын толтыру дұрыстығын тексеру  бойынша келесі құрамдағы комиссия құрылсын:Н.П. Паршукова  – комиссия төрағасы;

   А.Т.Сачанова– комиссия мүшесі;

   Ю.А. Пшенко – комиссия мүшесі.

 

9. 11-ші сыныптардың қорытынды аттестаттауын өткізу бойынша емтихандық комиссия келесі құрамда құрылсын:

комиссия төрағасы: мектеп директоры Н.П. Паршукова,

емтихан алушылар және ассистенттер:

К.С. Шахметова, А.И. Халикова, А.А.Жантемирова, Г.З. Макатова, А.В. Резник, Р.Б. Садуахасова, Т.В. Горлова,  С.В. Хольченко, А.С. Шахметова,  Л.С. Терейковская, Е.И. Хованова, О.П. Тихонова, Е.И. Абубакарова, З.Н. Смаилова, А.Б. Касыбаева, Т.С. Муликбаева, С.О. Молдагельдинова, С.В. Хисамова, Г.Н. Викулова, А.Р. Медетова

9-шы сыныптардың қорытынды аттестаттауын өткізу бойынша емтихандық комиссия келесі құрамда құрылсын:

комиссия төрағасы: оқу-тәрбиелік үрдісі бойынша директор орынбасары А.Т. Сачанова,

емтихан алушылар және ассистенттер: Т.Т. Акпарова, Л.И. Фрик, А.В. Резник,  Н.П. Паршукова, С.О. Молдагельдинова, Г. Т. Абылхаирова , З.Г. Аубакирова, А.Т. Сачанова, Р.Б. Садуахасова, Т.В. Горлова, А.Б. Туйтебекова, Б.С. Байдильдина,  К.С. Шахметова, А.И. Халикова,  А.А. Жантемирова, Г.З. Макатова, Т.С. Муликбаева, А.А. Камбарова, С.В. Хисамова, Г.Н. Викулова, Л.С. Терейковская,  А.Б. Касыбаева, Е.И. Хованова, О.П. Тихонова, И.А. Эннс, О.Н. Солосин, Т.М. Ряжко, Л.Ф. Недовенченная

Көшіру емтихандарын өткізу бойынша емтихандық комиссия келесі құрамда құрылсын:

комиссия төрағасы: оқу-тәрбиелік үрдісі бойынша директор орынбасары А.Т. Сачанова,

емтихан алушылар және ассистенттер:Т.М. Ряжко, Л.Ф. Недовенченная, И.А. Эннс, О.Н. Солосин,  К.Т. Камарова, Г.Н. Викулова, С.О. Молдагельдинова, Т.С. Муликбаева, Т.В. Горлова, Р.Б. Садуахасова, А.Р. Медетова, С.В. Хисамова, А.Н. Хованова, О.П. Тихонова, Л.С. Терейковская, А.Б. Касыбаева, А.С. Шахметова, С.В. Хольченко, Е.И. Абубакарова.

10. Емтихандық комиссия құрамына ата-аналар қоғамдастығынан Елена Юрьевна Воронина, оқушылар қоғамдастығынан Татьяна Заболотских қосылсын.

 

11. Оқушылардың жылдық және емтихан бағаларымен келіспейтіні туралы өтініштерді қарастыру бойынша келесі құрамдағы келіспеушілікті шешетін комиссия құрылсын:

Н.П. Паршукова – мектеп директоры, төраға;

А.И. Халикова – мұғалім, комиссия мүшесі;

А.Т. Сачанова – директор орынбасары, комиссия мүшесі;

Т. Заболотских – мектептік обмудсмен, комиссия мүшесі;

Е.Ю. Воронина - ата-аналар қоғамдастығының өкілі, комиссия мүшесі.

 

12. Аттестатты және куәлікті  толтыру бойынша келесі құрамдағы комиссия құрылсын: С.О. Молдагельдинова, Г.Н. Викулова, Л.И. Фрик, М.А. Габдулина, А.Н. Хованова.

13. Оқу-тәрбиелік жұмыс бойынша директор орынбасары А.Т. Сачанова

·        Павлодар қаласының білім беру бөліміне ұсынсын:

     емтихандық материалға өтінімдер – 2013 жылғы 23 сәуірге дейін;

     оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан босатуға арналған  құжаттар - 2013 жылғы 18 мамырға дейін.

·        белгіленген тәртіпте кеңес берулер және емтихандар  кестесін бекітсін;

·        оқу жылын аяқтау, оқушылардың аттестаттауын өткізу бойынша нормативтік құжаттарды педагогикалық ұжыммен бірге оқысын.

 

14. Әдістемелік бірлестіктер жетекшілері(Т.Т. Акпарова, Е.И. Абубакарова, А.С. Шахметова, Е.В. Козорез, Л.Ф. Недовенченная, Г.Н. Викулова) көшіру емтихандарын өткізу үшін емтихандық материалды, сонымен қатар қорытынды  бақылау  жұмыстарын  өткізу үшін  материалды 2013 жылғы 23 сәуірге  дайындасын.

 

15. Мұғалімдер

·        оқу жылын аяқтау бойынша құжаттаманы, кабинеттерде қорытынды қайталау және қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша бұрыштарды 2013 жылғы 23 сәуірге дайындасын,

·        1-9, 11 сыныптарда көшіру және бітіру емтиханға шығарылатындардан басқа барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағаларды 2013 жылғы 22 мамырда қойсын.

 

16.Сынып жетекшілер

·        «Бастауыш, негізгі  орта, жалпы орта  білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдардағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелеріне» сәйкес емтиханнан босатуға арналған құжаттарды 2013 жылғы 05 мамырға дейін дайындасын,

·        оқушыларды келесі сыныпқа емтихансыз көшіруге ұсынысты 2013 жылғы 23 мамырға дейін дайындасын,

·        оқушыларды аттестаттау қорытындыларын, оларды өткізу кестесін, кеңес берулер кестесін, «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125  бұйрығымен  бекітілген бастауыш, негізгі  орта, жалпы орта  білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдардағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерінің» негізгі ережелерін  оқушылардың және олардың ата-аналарының мағлұматына жеткізсін.

 

17.    Оқу жылының ұйымдастырылған түрде аяқталуына және емтихандардың өткізілуіне жауапкершілік оқу-тәрбиелік жұмыс бойынша директор орынбасары А.Т. Сачановағажүктелсін.

 

18.    Осы  бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

 

 

 

 

№ 26 ЖОМ директоры:                                                Н.П. Паршукова