1. Жұмыстың міндеттері және мазмұны:
Жас маманныңтәлімгері міндетті:
· Жас маманды мектеп педагогика ұжымның жұмыстарымен таныстыру;
· Оқу бағдарламасын және түсінік хаттарын талдауына көмектесу;
· Тақырыптық жоспарын құруға, жиі қайталауға және тәжірибелік, зертханалық жұмыстарға, тақырыптық топсеруенге арналған материалдарды таңдауға көмектесу;
· Сабақтарға дайындалуда әдістемелік және дидактикалық материалдарын, көрнекілік құралдарын, бақылау жұмыстарын таңдауға көмек көрсету;
· Жас маманның сабақтарына қатысу, ұқыптылықпен талдау; ӘБ бойынша әріптестердің және үздік мұғалімдердің сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, бірге талқылау,талдау
· Өз білімін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиетті таңдауға жәрдем ету.
· Өз білімін жетілдіру бойынша жас маманның жұмысын бақылау және бағыт беру.
2. Тәлімгерді тағайындау тәртібі
Тәлімгер кандидатурасы мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесімен ұсынылады. Директор тәлімгерді тағайындау туралы бұйрық шығарады.
3. Тәлімгер жұмысын бақылау
Тәлімгер жұмысына мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесі бақылау жасайды.
Мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесі тәлімгердің есебін тоқсанда 1 рет қарайды.
Ғылыми-әдістемелік кеңесінің өкілдері жас маманның сабақтарына және сыныптан тыс іс-шараларына қатысады. Содан кейін талқыланады, талдайды.