Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 137
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 438
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас ұстаздар мектебі

Жас мұғалімдер мектебі – жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуді, тәлімгерлер мен ұстаздар арасында байланыс, өзара сабаққа қатысу, жас мамандар үшін дәстүрлі емес ашық сабақтар, семинарлар, тренинг, пікірталас өткізуді жүзеге асырады, жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Еленич В.А.

Мақсаты – оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, әрбір сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктерін арттырып, парасатты жеке тұлғаны қалыптастыру

 

 

Баланың дүниетанымы мен тәрбиесіне зор үлес қосатын ұстаздың асыл болуы, дара тұлға болуы өмір бойы оқып-тоқуымен, үйренуімен іске асады. Ұстаздардың өз ісін өнер деңгейіне жеткізуге, кәсіби сауаттылығын шыңдауға ұйтқы болатын әдістемелік жұмыстың қажеттілігі бүгінгі таңда ерекше. Мемлекеттік білім стандартын жүзеге асыру, Қазақстан мектебінің ұлттық моделін қалыптастыру тәрізді келелі мәселелер ұстаздардан жоғары кәсіби шеберлік пен іскерлікті талап етеді. Жас мамандар жаңалықты дұрыс түсініп, өз әрекетін күн талабына сай құруына бағыт-бағдар беру, көмек көрсету – мектеп әкімшілігінің негізгі міндеті. Әр пәннің мазмұны мен мақсатына қарай өзіндік ерекшелігі бар десек те, білім беруді жаңаша ұйымдастырып, жас ұрпақты қоғамдағы өзгерістер мен өмір талабына бейімдей оқыту қажет.

Жас маманның мектеп өміріне араласуы бірден түрлі проблемаларға тірелумен басталады, қызметіне қажетті құжаттарды талапқа сай толтырудан оқулықтағы білім мазмұнын баланың санасына қондырудың әдіс-тәсілі мен оқу әрекетін білім меңгерудің технологиясына айналдыруға дейін қаншама уақыт еңбектену керек, мұндайда жас маманға жол сілтер тәлімгердің, әсіресе, білікті әдіскердің көмегіне мұқтаж, сондықтан үнемі жіті бақылауда болатын жағдай.

           Жалпы жас ұстаздардың бүгінгі күнгі жағдайына тоқталсақ барлық мектептерде бірдей, атап айтсақ мектепке жаңадан келген жас ұстазға жүктеме беру мәселесі. Пән мұғалімдерінде «өздерінің сыныптары» бар, ал жаңадан келген жас ұстазға сағат беру қажет. Сондықтан білім сапасы төмен сыныптар және әр түрлі паралель жас ұстаз үлесіне келеді. Бұл бастапқы кезде қиналып жүрген ұстаздың сабаққа дайындалуын және дәптер тексеруін қиындатады. Психологиялық тұрғыдан да әр түрлі деңгейдегі сыныпқа сабақ жүргізу, дайындалу қиындықтар туғызады. Әрине мектеп басшылары баса назар аударатын мсәселелердің бірі, осы тұс деп ойлаймын.

         Жас ұстаздар тарапынан жіберілетін негізгі кемшіліктер:

Біріншіден, оқушылармен қарым-қатынаста қаталдық, жеку, айғайлау, сабақта күнделікті жауап алу, зачет алу, «екілік » бағаны журналға жиі қою орын алады. Жас ұстаздың ойынша тек өзі ғана оқушыларға дұрыс білім беретін, оқытатын сияқты, ал қалған ұстаздар қатал емес оқушыларды бос ұстайды және немқұрайды қарайды деп ойлайды.

Екіншіден, кейбір жас ұстаздар оқушылармен қарым-қатынаста тең құрдасы сияқты, әр түрлі тақырыпта әңгімелер айтып, олармен бірге темекі тартып, өзінің ұстаздық беделін түсіріп алады да, сабақ барысында дұрыс талап қоя алмайды.

Оқу жылының басында жас ұстазға жыл бойы өткізетін іс-шаралардың тізімі, өткізетін мезгілі және кімге тапсырылатынын жазып қолына ұстатамыз. Біріншіден жас ұстаздың сенімділігін, екіншіден жауапкершілігін арттырады. Ұстаз жетістігінің шыңдалатын жері – сабақ.

Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы екенін жас маманға ең алғашқы күннен бастап-ақ талап қойған жөн. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді. Сабақ жыл өткен сайын маңызды бағыт алып, құрылымын талапқа сай өзгертіп отырады. Сабақ барысында ұйымдастыру жұмысы болу міндетті және сабақ барысында ғана емес, қажетті жерінде жүріп отыру орынды.Ал жаттығу жұмыстары түр-түрге бөлініп, мақсаттары, жүргізу, тексеру әдістері белгіленіп, оқушы деңгейлеріне байланысты саралау көздеп отырады. Сабақ жоспарын жазу-міндетті. Күнтізбе, күнделікті сабаққа арналған жоспар. Осы және т.б. мәселелер төңірегінде жас ұстаздарға нақты көмек көрсетіледі.