Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Адрес: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 137
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 438
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАЙМЫЗ!

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылаймыз!

Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын ашық талқылау үшін WhatsApp жедел желісін іске қосты
6 желтоксан 2018

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жасақтауға тікелей атсалысады. Аталған құжатта ұстаздарға материалдық стимулдар мен әлеуметтік кепілдіктер, түрлі тексерістерден қорғау мен құзыретіне жатпайтын жұмыстарға жекпеу туралы тың ұсыныстар қамтылған.

Салалық кәсіподақ барлық мүдделі тараптарды, әсіресе ұстаздар қауымын аталған тарихи заң жобасын кеңінен талқылауға шақырады.

Талқылау мен ұсыныстар қабыладуды  барынша кең қамту үшін ұстаздар кәсіподағы 24 сағат бойы онлайн режимде жұмыс істейтін  +7 747 919 38 51 WhatsApp  желісін іске қосты және ұсыныстар қабылдауды бастады.

Айта кету керек, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жасақтау жұмысы  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Халыққа жолдауы аясында жүзеге асуда.

Қазіргі таңда аталған құжат ҚР Білім және ғылым министрлігінде талқылаудан өтуде.

Заң жобасын талқылау кезінде қазірдің өзінде Кәсіподақ кеңсесіне 300-ден астам ұсыныс келіп түсті. Салалық кәсіподақ заң жобасына қатысты ұсыныстарды дәстүрлі әдіспен кәсіподақтың www.edu-tradeunion.kz  ресми сайты мен proin.kz@mail.ru электронды поштасына жолдау мүмкіндігі бар екенін де еске салады.

Заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына 2019 жылғы қаңтар айында өткізу жоспарланған.

http://edu-tradeunion.kz/kz/news/show/20/2885