Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 137
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 438
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көшіру мен бітіру емтихандары

 


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығымен

Бекітілген

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі

 


  

 

 

2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,

аралық аттестаттауды өткізудің тәртібі

 

3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының негізінде аттестатталады.

1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.

Бірінші сыныптың  бірінші жарты  жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.

5. Бастауыш және негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушылардың бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген деңгейлерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

6. 2-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.

7. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.


8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-cыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.

9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады «3», «4», «5» бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.

Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және өзге де заңды өкілдердің) және медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.

 

23. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.

Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.

24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттерінің бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты;

2) І және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;

3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына қатысушылар.

25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың медициналық-әлеуметтік сараптамасының (бұдан әрі - МӘС) қорытындысы;

2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты;

3) үлгерім табелдері.

2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.

26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім алушылары өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.

27. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері дайындайды.

28. Оқу курсын аяқтаған және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылуына байланысты қорытынды емтихандарын тапсырмаған кешкі (кезекті) оқу орындарының білім алушылары әскери қызметін аяқтағаннан кейін бір кезең ішінде жалпы орта білім курсы бойынша емтихандар тапсырады.

29. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның төрағасы келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері шешеді.

30. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық (қалалық) білім департаменттері жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.

31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға оқушылар шетелге оқуға кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және пәндер бойынша оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихан нысанында өткізіледі.

32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.

 

5. Қорытынды емтихандарды өткізу тәртібі

 

65. Емтихандар мұғалімдер мен білім алушылар емтихандардың басталуынан 10 күн бұрын танысатын білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.

Кестеде:

әрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;

әрбір оқу пәні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;

егер пән бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша одан соң ауызша емтиханның өткізілуі қарастырылады.

66. Білім беру ұйымының негізгі сатысындағы 9 (10)-сыныпта диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, шығармаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3 (3,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3 (3,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.

11 (12)-сыныпта шығармаға - 6 (6,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4 (4,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5 сағат) бөлінеді.

67. Жазбаша емтихандарды өткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бөлмелерін дайындау қажет: 11 (12)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден, ал 9 (10)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден немесе екіден үстелге немесе партаға отырғызылады.

Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.

Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқтамаған қалпында тапсырады.

68. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.

69. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстарын комиссия мүшелері білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.

Тексерілмеген жұмыстар білім беру ұйымының басшысына сақталуға тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады.

Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттағы қателер саны жеке көрсетіледі.

Шығармаға, мазмұндамаға және математика пәні бойынша жазбаша жұмыстарға «2» (қанағаттанарлықсыз) және «5» (үздік) бағалары қойылған қысқаша пікір жазылады.

Тіл мен әдебиет бойынша қайта жазбаша аттестаттау нысанын білім беру ұйымының емтихан комиссиясы белгілейді.

9 (10) және 11 (12)-сыныптарындағы шығарма екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математика пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысы - бір бағамен бағаланады.

70. Негізгі жалпы білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер 9 (10)-сынып, сондай-ақ өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептің жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттары жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер 11 (12)-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын оқу орнының емтихан комиссияcының мүшелері емтихан тапсырғаннан кейінгі бір күн ішінде, үміткерлер көп болған жағдайда екі күн ішінде тексереді.

71. Жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда (білім беру ұйымында білім алушылардың саны көп болғанда осы ереженің талаптары мен тәртібін сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша емтиханды өткізу бойынша) екінші нұсқа бойынша өткізуге болады.

Шығарма тақырыптары, диктант және мазмұндама мәтіндері салынған пакеттер білім алушылар мен емтихандық комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.

Математикадан материалдар салынған пакеттер 9-11 сыныптарда емтихан комиссиясы мүшелерінің ғана қатысуымен ұсынылған есептер шартының дұрыстығын тексеру үшін емтихан басталуынан 1 сағат бұрын ашылады.

72. Ауызша емтиханды өткізу үшін 25-тен астам білім алушысы бар сынып екі топқа бөлінеді және олар емтиханды бірінен соң бірі сол күні тапсырады.

73. Жауап дайындау үшін оқушыға 20 минуттан кем емес уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, емтихандық комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда бағасы 1 балға төмендейді).

74. Әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихан өткізілгеннен кейін емтихандық комиссия білім алушыға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды, емтихан хаттамасына енгізеді.

Хаттамаға осы пәннің емтихандық комиссиясының мүшелері қол қояды.

75. Емтихан комиссиясы қорытынды бағаларды шығарарда төмендегілерді басшылыққа алуы керек:

1) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негізінде ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жарты жылдық) бағаларын ескере отырып анықталады;

2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;

3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.

76. Егер бір пәннен ауызша және жазбаша емтихандар өткізілсе, екі емтиханды тапсырғаннан кейін бір ғана қорытынды баға қойылып, жазбаша мен ауызша емтихандардың тиісті хаттамасына жазылады. Жазбаша жұмысы «үздік» бағаланып, ауызша емтиханнан алған баға «4»-тен төмен болмай, тоқсандық және жылдық бағасы «5» болған жағдайда емтихандық және қорытынды бағаға «бес» қойылады.

77. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды бағаны қою кезінде, осы емдеу мекемесінің жанындағы жалпы білім беретін мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) және жылдық бағалары ескеріліп қойылады.

78. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады. Білім алушыларға жазбаша өтініші негізінде оған Жұмыстарды көрсетуді ұйымдастыру білім алушының осы білім беру ұйымының емтихан комиссиясының төрағасының қатысуымен өз жазба жұмыстарының тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.

79. Кезекті емтиханнан «2» алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.

9-сыныптағы қайта тапсыратын міндетті қорытынды емтихандарының мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалары білім департаменттерінің келісімі бойынша осы жылғы 25 маусымнан кешіктірмей аудандық, қалалық білім бөлімдері белгілейді.