Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 137
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 438
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Экстремизімнің белгілері

 

Қазақстан Республикасының лаңкестікпен және экстремизмнің өзге де белгілерімен күрес саласында қолданып жатқан шаралары туралы

Қазіргі уақытта, бұған дейін болуы мүмкін болып қарастырып келген, лаңкестік пен экстремизмнің таралу қаупі Қазақстан үшін мемлекет, қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр. Осыған байланысты халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің өзге де белгілеріне қарсы әрекет ету республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде басым бағыттардың біріне айналды.

Бұл бағытта ел басшылығымен және құзырлы мемлекеттік органдармен, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік Комитетімен, бұл зұлыммен күрестің тиімділігін арттыру жолында құқықтық, ұйымдастырушылық және тәжірибелік саладағы барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Халықаралық лаңкестікпен және экстремизммен күрестің мемлекеттердің барлық деңгейдегі бірлескен күштері мен өзара әрекеттестігін (жаһандық, аймақтық және екіжақты) талап ететіндігін есепке ала отыра, республикамызбен осы салада бірқатар халықаралық және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Қазақстан бұл мәселені ұжымдық және кешенді шешудің сенімді жақтасы болып табылады. Республикамыз БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі барлық 12 әмбебап Конвенциясына қосылды. Осы салада, сондай-ақ, халықаралық лаңкестіпен күресте 13 мемлекетпен екіжақты келісімдер жасалды.

ТМД қатысушы елдер мемлекет басшыларының саммитінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Лаңкестікке қарсы комитетінің IV –ші арнайы мәжілісін республика аумағында өткізу туралы шешімнің қабылдануы Қазақстан үшін елеулі оқиғаға айналды және бұл мәжіліс 2005 жылдың қаңтарында Алматы қаласында болып өтті. Мәжіліс жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және ОАЫҰ мүше елдер министрліктері мен ведомстволары, жұмыс органдары басшылары, сондай-ақ, лаңкестікке қарсы әрекет етумен айналысатын 70 астам халықаралық, аймақтық және субаймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Лаңкестікпен және экстремизммен күрес саласындағы ұлттық заңдар біртіндеп жетілдірілуде. 1999 жылдан бастап Қазақстанда «Лаңкестікпен күрес туралы» Заң жұмыс істейді. Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңдарға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі басқа да заң актілеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енігзілді. 2005 жылдың ақпанында «Экстремизмге қарсы әрекет ету» және «Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдар қабылданды. Атап айтсақ, бұл заңдарда азаматтардың құқығы мен бостандығын, конституциялық құрылым мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негіздерін қорғау мақсатында экстремистік қызметке қарсы әрекет етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері анықталған. Шетелдік немесе халықаралық ұйымдардың қызметтерін экстремистік деп танудың механизмдері анықталған. Астана қалалық сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы «Хизб-ут-Тахрир» діни партиясының қызметін экстремистік және тыйым салынған деп тану туралы шешімі аталмыш Заңның қағидаларын тиімді іске асырудың мысалына айналды.

Қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес халықаралық лаңкестік ұйымдардың республикамыздың аумағына енуін болдырмау және қызметін жою бойынша адыналу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің материалдарының негізінде 2004 жылғы 15 қазанда Бас прокуратураның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «Әл-Каеда», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Күрд халықтық конгресі» және «Өзбекстанның ислам қозғалысы» халықаралық лаңкестік ұйымдардың қызметіне тыйым салынды.

Қазақстан Республикасы ҰҚК одан әрі таяу және қиыр шетел мемлекеттерінде, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына және «Орталық Азия ынтымақтастығы» Ұйымына қатысушы елдерде қызметіне тыйым салынған халықаралық лаңкестік және экстремистік ұйымдарға қатысты қолда бар және түсіп тұратын ақпараттарды ұдайы түрде талдау жүзеге асырылып отырды. Шетелдік әріптестерден түсіп тұратын мәліметтер жинақталып қорытылды және жүйеленді. Нәтижесінде, 2005 жылғы 15 наурызда Жоғарғы соттың шешімімен тағы да 7 халықаралық лаңкестік ұйымы – «Асбат әл-Ансар», «Мұсылман ағайындар», «Боз гурд», «Тәлібан» Қозғалысы, «Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты», «Әлеуметтік реформалар қоғамы» - лаңкестік деп танылып, қызметіне республика аймағында тыйым салынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес 2004 жылы құрылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық Лаңкестікке қарсы орталығы толығымен жұмыс істей бастады. Орталық мемлекеттік органдар қызметтерінің лаңкестікпен күрес саласындағы қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыруға, лаңкестікке қарсы заңдарды сақтаудағы және тиісті мемлекеттік бағдарламаларды орындауды бақылаудың тиімділігін арттыруға арналған.

ЛҚО негізгі міндеттеріне лаңкестіктің қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет етудің бірыңғай жалпымемлекеттік жүйесін құру, лаңкестік пен экстремизмнің кез келген белгілерінің алдын алуға және қоғамдық наразылыққа бағытталған ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Орталық құрылған уақыттан бастап лаңкестікпен күрес саласындағы, соның ішінде халықаралық сипаттағы бірқатар заң жобалары, келісімдер, концепциялар және басқа да нормативті құқықтық актілер қаралды. ЛҚО ТМД елдері Лаңкестікке қарсы орталығының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымының және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік органдардың лаңкестікке және экстремизмнің өзге белгілеріне қарсы әрекет ету саласындағы өзара әрекеттестікті одан әрі жетілдіру мәселелері республикалық министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысатын ЛҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының мәжілістерінде талқыланады. 2005 жылдың басынан бері комиссияның лаңкестікке қарсы қызметті жандандыру бойынша бірінші кезектегі бірлескен шараларды іске асыруға қатысты бірқатар шешімдер қабылданған екі мәжілісі болып өтті.

Орталықтың бастамасымен лаңкестікпен, экстремизммен және сепаритизммен күрес бойынша 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, ЛҚО қуатты күштердің лаңкестікке қарсы бірлескен жаттығуларын дайындауды және өткізуді іске асырады. 2004 жылы ірі масштабтағы «Қалқан» және «Дабыл» ойындары, сондай-ақ, теміржол көліктері объектілеріндегі лаңкестік актілердің алдын алу және жою бойынша жаттығулар өткізілді.

Лаңкестікпен және экстремизммен күрес желісінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті күнделікті жедел қызметтік қызметі шеңберінде қомақты нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтсақ, 2004 жылы ТМД төрт мемлекетінің аумағында әрекет еткен және «Әл-Каеданың» бір бөлшегі болып табылған, қызметін өте мұқият жасырын ұстаған «Орталық Азия моджахеттерінің жамағаты» лаңкестік ұйымының қызметі әшкереленіп, жолы кесілді. Солайша, «Жамағаттың» бірқатар лаңкестік актілер өткізу, сондай-ақ республика аумағында содырлар дайындайтын базалар құру туралы жоспарлары орындалмай қалды

Лаңкестік әрекеттерге қатысы бар 5 тұлға анықталып, Өзбекстанға, Ресей мен Түркияға экстрадицияланды. Тағы 5 қылмыскерге қатысты процедуралық мәселелер аяқталуда.

Алматы қаласында «Хизб-ут-Тахрир» партиясының жасырын типографиясы жойылды, 14 белсенді қызметшісі ұсталды.

Лаңкестік құралдарының заңсыз айналымының арналарын жою бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Қолдан жасалған 3 жарылғыш құрал, 301 кг жарылғыш зат, 94 бас оқатар қару, 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Радиоактивті материалдармен құқыққа қарсы істер жасамақшы болған 11 адам ұсталы, олардың 5 сотталды.

Бүтіндей алсақ, Қазақстан Республикасында лаңкестік пен экстремизмнің өзге де белгілеріне қарсы әрекет ету осы процеске бүкіл қазақстандық қоғамды барынша тарту арқылы сақтандыру-алдын алу, құқықтық және жедел сипаттағы жалпымемлекеттік шаралар кешенін іске асыру негізінде жүзеге асырылады.