Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 982
а) "за" - 507
Всего проголосовало: 1489
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕКТЕП АСХАНАСЫНА БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Оқушылардың мектеп асханасына бару ережелері .

Жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастырып, асхананы жалдаушы мектептегі сапалы және қауіпсіз ыстық тамақтануды қамтамасыз етеді.

6. Мектеп әкімшілігі оқушылардың тамақтану кестесін құрып, асханада кезекшілік орнатып, бастауыш сыныптағы оқушылардың тамақтануын есепке алып отыратын жауапты адамды тағайындайды. Сонымен қатар: 1) ас үйдің санитарлық жағдайын; 2) мектеп асханасының, буфеттің эстетикалық безендірілуі, ас үйдің қазіргі заманғы дизайны мен мектеп эргономикасы талаптарына сай жабдықталуын; 3) азық-түліктердің арнайы бөлінген автокөлік (рефрижератор немесе изотермиялық кузовы бар автокөлік) ыдыстарында жеткізілуін; 4) қоймалық бөлмелерде азық-түліктердің дұрыс тіркеліп, уақытылы жұмсалуына тапсырысты құрастыруды; 5) азық-түліктердің сақталу жағдайы мен тұтыну мерзімін қадағалауды; 6) ас үйге түсетін тез бұзылатын азық-түліктердің сапасын бақылау журналының дұрыс әрі толық толтырылуын; 7) ас дайындау технологиясы мен азықтың суықтай өңделу ережесін қадағалаудын; 8) шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақтылы толтырылуын; 9) азық-түліктер жаймасы бар тағам картотекасының болуы мен ас үй жұмысшыларының оны үнемі пайдалануын; 10) бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігін; 11) ас үй құжаттарының болуы мен толтырылу жағдайын, сонымен қатар ас үй қызметкерлерінің жеке медициналық кітапшасын; 12) кез-келген уақытта шаруашылық қызметтеріне араласпай қызмет көрсету барысы мен сапасын қадағалап, бақылау жүргізіп отырады. 7. Мектеп мейірбикесінің міндеті: 1) әрбір тамақ әзірлеген қазаннан тікелей тамақ сынамасын алып, оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журналға жазады; 2) жүйелі түрде (тосыннан) тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымын тексеру; 3) тәуліктік сынама алу мен сақтауды қамтамасыз ету; 4) ата-аналар мен басқа бақылаушылар тарапынан түскен талап-тілектер мен өтініштер журналындағы мәліметтермен танысу. 8. «Жалдаушы»: 1) бекітілген ас мәзіріне сәйкес оқушыларға ыстық тамақтануды ұйымдастырады; 2) қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес сапалы әрі қауіпсіз азықтар жеткізеді; 3) бөлмелер мен құрал-жабдықтардың қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне арналған қолданылып жүрген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай санитарлық жағдайда болуын қамтамасыз етеді; 4) сапасы төмен, ақауы бар азықтарды өз есебінен алмастырып, алмастыру мүмкін болмаған жағдайда тауарды өндірушіге немесе сауда желісіне кері қайтарады; 5) тез бұзылатын азық-түліктерді сақтау, тарату мерзімін бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкестігін қадағалау; 6) ассортименттік тізімге сәйкес қажетті азық-түліктер ассортиментімен қамтамасыз етеді; 7) азықтарды санитарлық өңдеуден өткен ыдыстармен жеткізу; 8) азықтарды санитарлық паспорты бар болған жағдайда жекеменшік көлігімен жеткізеді; 9. Тамақ таратушылар үлестіру кезінде тамаққа қолдарын тигізбей, екінші тағам, гарнирлерді арнайы қасық, шанышқылармен салуы тиіс. 10. Күнделікті ас үйде әзірленген дайын тамақтың тәуліктік сынамалары, қажеттілігіне қарай зертханалық бақылаулар үшін қалдырылып отырады. 11. Күнделікті мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышының қасында, әрбір ата-ана баласы бүгін қандай тамақ ішіп-жегенін білуі үшін ас мәзірі ілініп тұрады.