Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Даволен ли ты сегодня школьной столовой?
Голосовать
Не даволен - 9
Очень хорошо - 7
Хорошо - 7
Очень плохо - 7
Всего проголосовало: 30
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
  Егер мектепте өрт орын алса Өрт дабылы жарияланса оқушылар орнынан тұрып, мұғалімнің нұсқауымен бір-бірлеп сыныптан шыға бастайды. Соңғы шыққан адам ұстаз бақылауымен кабинет есігін қымттап жабады.Әр сынып оқушылары асықпай мектептен шығарылады. Ұстаз оқушылар соңынан жүруі тиіс. Дәлізбен, сатымен жүрген кезде жүгірмеу керек. Жиналу тірегі оқу орнының жанында, әрі барлығына белгілі жерде боллуы тиіс. Жиналу орнына жеткесін әр ұстаз өз оқушыларын түгендеп, мектеп мүдіріне сынып оқушылары санын жеткізуі керек. Қалып қойған балалар іздеуіне өрт ортасына жақындамастан лезде кірісу керек.Өрт сөндірушілер келісімен мүдір мен оның орынбасарлары зардап шеккендер мн олардың болуы мүмкін жерлерді хабарлауы тиіс. Жедел жәрдем қызметі жеткенше түтін мен оттан зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету керек. Төтенше жағдайларда бала қатты шошып ойлау қабілетін жоғалтып алуы мүмкін. Қателіктер жіберіп өз өміріне қосымша қатер төндіреді. Оқушыларды аман-есен алып шығу- ұстаздың міндеті. Егер өрт сіз сыныптан тыс жерде болған кезіңізде басталса жылдам сыныбыңызға қосылыңыз не жиналу орнына жеке барып көріңіз.Мұрын мен аузыңызды дымқыл шүберекпен жабуға тырысыңыз. От пен түтін тез тарала бастаса терезе, есіктерді жабыңыз. Егер өрт сіздің кабинетіңізге жақындап қалса,су қоры мол болса еденді және кірер есікті сумен шайып тастаңыз. Егер шығар жолды өрт жалмап жатса сіз өзіңіз тұрған орынды білдіріңіз және қолда бар заттармен отты ауыздықтауға тырысыңыз. Себебі сізді іздеп жатыр! Егер оқу орнында әр түрлі ұйымдар болса, олар бір-бірімен қолтықтаса қимылдаулары керек. Аспаздар, еден жуушылар мен басқа да қызметкерлер жиналу орнына өз беттерімен баруы тиіс. Кітап, киім, құжаттарға бола қайта ғимаратқа кіруге өртке қарсы қызмет өкілдерінің рұқсатынсыз болмайды. Ғимараттың кез келген бөлігіндегі өрт дабылы адамдардың толығымен шығуына әкеп соғады. Эвакуация оқу орны бастығы бекіткен жоспарға сай жүзеге асады. Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек Күйік ауыр болса зардап шегуші өмірі қабылданған дұрыс іс-шараларға тәуелді болады. Сондықтан «Жедел жәрдем» қызметі жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Күйіктің төрт деңгейі болады: 1 - Терінің қызаруы, домбығу; 2 - Көпіршіктердің пайда болуы; 3 - Күйік орнында қабыршақ пайда болады; 4 - Терінің көмірленуі; 1 және 2 дәрежелі күйік кезінде күйік шалған жрді 10-15 минут аққан суға ұстап, соңынан таза матамен жауып қою керек. 3 және 4 дәрежелі күйік шалған жерді дымқыл матамен жауып қою керек. Медициналық көмек көрсетілмесе жарақат соңы ауыр болуы мүмкін. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Күйік орнына жабысқан заттарға тиіспеңіз. Сонымен қатар, ол жерге крем, лосьон жағуға, көпіршіктерді тесуге болмайды. Зардап шегушіні орындыққа отырғызыңыз не еденге, диванға ыңғайлы орналасуға көмектесіңіз. Дереу жедел жәрдем шақырыңыз. Қажет болса зардап шегушінің кйген жерлерінен артық заттарды (сағат, сақина, аяқ киім және т.б.) шешіп тастаңыз. Киімдерге теріге жабыспаған кезде ғана шешуге болады. Жедел жәрдем қызметін күтіңіз.

____________________

    Жаңа жылдық шыршада өрт қауіпсіздігін сақтау шарасы туралы   Ең алдымен мерекелік шараларды өткізу барысында балалардың жанында сынып жетекшілері, мұғалімдер мен тәрбиешілер болуы қажет. Олар алдын ала өрт қауіпсіздік шаралары және балаларды ғимараттан көшіру ережелерімен таныс болып, Жаңа жылдық шыршаның өту барысын бақылуға алулары қажет. Жаңа жылдық шыршаға жауапты адам мерекелік шара өтпестен бұрын барлық бөлмелерді тексеріп, олардың өрт қауіпсіздігіне толық дайындықтары мен алғашқы өрт сөндіру құралдармен қамтамасыз етілгеніне көзін жеткізуі қажет. Жаңа жылдық шыршаны орнату кезінде көптеген қауіпсіздік шаралары орындалуы қажет. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес мерекелік шара өтетін орын екінші қабаттан жоғары және оның терезелерінде темір тор болмауы керек, сонымен қатар екіден кем емес сыртқа шығу есіктері болуы қажет. Жаңа жылдық шырша өтетін орын міндетті түрде байланыс және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы қажет. Шыршаны адамдардың өтетін және бөлмеден шығатын жерлеріне орналастыруға болмайды. Ол бұтақтары бөлменің төбесі мен қабырғаларына тимейтін орнықты жерге орналастырылуы қажет. Шыршаны тез жанғыш ойыншықтар мен заттармен безендіруге тиым салынады. Сонымен қатар балауыз шам, шартылдақ қолдануға, фейерверк жағуға және тағы да басқа өрт қауіпті жарық шығарғыш заттарды қолдануға тиым салынады. Иллюминация оттарымен безендіруді тәжірбиелі мамандарға табыстау қажет. Егер шырша оттарында сәл ақау байқасаңыз (желінің қатты қызуы, лампа шамдарының бір өшіп, бір жануы, ұшқын шашырауы және т.б.) иллюминацияны дереу өшіру керек. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігіне жауапты адам Мемлекеттік өрт бақылау органындарына Жаңа жылдық шыршаның өту мезгілі мен уақыты жөнінде хабарлауы тиіс, олардың рұқсатынсыз шыршаны орналастыруға тиым салынады.  

Абайлаңыз, көктайғақ…

Біздің ауданда қыс бойы көктайғақтық белгілер байқалады. Көктайғақ барлық қозғалыс қатысушылары үшін, жаяу жүргіншілер және жүргізушілер үшін де қауіпті. Қыс басталысымен жолдың бетін мұз басып, машинаның астына түсу қауіпі артады, апаттық жағдай туындағанда жүргізуші тез тоқтай алмайды. Қардың жатуы көліктің қозғалысы уақытында көру мүмкіншілігін нашарлатады.

Зырянның қарқынды қозғалыс жерлерінде жол белгілері қойылған және жаяу жүргіншілер өтетін жерлер белгіленген, бірақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ережеге мән бермейді. Машинаның астына көбінесе мас жағдайдағы адамдар түседі. Олар апаттық жағдай туғызып, көбінесе өздері соның құрбаны болады. Көктайғақ кезінде жүргізушілерге ғана емес, асыққан жаяу жүргіншілерге де қауіп төнеді. Мұндай жағдайда асықпау керек. Көктайғақ кезінде зақымданудан қалай қашу керек?

Мұндай ауа райында аяқ алысқа мәе беру керек: - көктайғақта асығу құлау қауіпін арттырады, баратын жерге ерте шығуға тырысыңыз; - аяқты нық басу керек; - қолыңызда сөмке болмауы керек; - көктайғақта жұмсақ табанды аяқ киім киіңіз, тері және пластик тайғанақ болады.

Егер сіздің аяқ киіміңіз тайғанақ болса, бірнеше кеңестерді қолдануға болады: - өкшесіне кесілген поролон немесе лейкопластырь жапсырыңыз; - бүкіл табанға – лейкопластырь, шығар алдында құммен сүрту керек. - табанға егеу қағазын жапсырыңыз, бірақ су тиген кезде оның құмдары түсіп қалады; - аяқ киімнің өкшесіне екі дөңгелек резеңке кигізіңіз, мысалы, ескі грелкадан кесіп алуға болады.

Өте мұқият және абай болыңыз, сіз өз өміріңізді қорғап қана қоймай, жүргізушінің өмірін де қорғайсыз. Есте сақтаңыз, сіздің қауіпсіздігіңізге сізден басқа ешкім қам жемейді.