Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 225
Б) нет - 69
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 347
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Агрессия жағдайын алу бойынша ұсынымдар

Агрессия жағдайын алу бойынша ұсынымдар

Ата-аналар баламен қарым-қатынас жасаған кезде туындаған қиындықтарға кезіге отырып, көбіне бала өсіп есейген жағдайда өзін қалай ұстау керектігіне үйренеді, осылайша барлық қиындықтар өзінен өзі жоғалады деп ойлайды. Бірақ кейде балаға ықпал ету, оның бойында жақсы қасиеттер тәрбиелеу мүмкіндігінің уақыты өтіп кетіп жатады. Егер де ата-аналар бала туған сәттен бастап оның тәрбиесімен айналыспаса білімді, педагогикалық мәдениеті биік ата-ана болуға тырыспайтын болса, онда ол өз сәбиінің жеке ерекшеліктерін түсініп, ескермейтін болады. Баланың есею кезінде кездесетін қиындықтармен күресуге күш-жігерлері жетпейді. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында пайда болған эмоционалдық реакциялар және мінез-құлықтық модульдер кейіннен мінез-құлықтың сипаттамасы мен жеке тұлғаның мінездемесіне айналары сөзсіз. Дана халқымыз «баланы жастан» деп текке айтпаған болар. Ата-аналар әрдайым мынаны есте ұстаулары керек: сүйкімді сәбилерінің мінез-құлқында ұнамсыз болмаса баланың өзіне қасірет әкелетін қасиеттерді: иеленуге болатынын кейбір қасиеттерге биологиялық, тұқым қуалаушылық факторлар ықпал етеді, бірақ олардың көпшілігін иеленуге болады, яғни оны түзетуге де болады. Агрессивтік мінез-құлық мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында ең көп таралған ауытқушылықтардың бірі. Күнделікті жағдайда балалар арасында әр түрлі қарым-қатынастар орнап жатады: балалар ұрысысады, төбелеседі, достасады. Барлық осындай қатынастар балаларды уайымға салады, әр түрлі эмоцияларды бастан өткізеді. Ал біз мәне бермей қалуымыз мүмкін. Олардың қандай сезімде қалғанын, қарым-қатынасы қай деңгейде екенін түсінбеуіміз мүмкін. Ал негізінде құрдастарымен орнаған алғашқы қарым-қатынас баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын іргетас болып саналады. Осындай мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым-қатынастың проблемалық түрлерін анықтау және балаға оны жеңіп шығуға көмектесу педагог-психологтың негізгі міндеті. Агрессия – қоршаған ортадағы адамдарға зиян келтіру, тұрақты жағдайларға қарсы тұратын мінез, адамдарға психологиялық немесе физиологиялық тұрғыдан зиян келтіруші күш. Қатыгез, агрессивті, төбелесқор және сотқар бала-ата-ананың ғана емес, педагогтар мен психологтардың, ең бастысы бүкіл қоғамның көкейтесті мәселесі. Балада агрессивтіктің пайда болуына көптеген факторлар ықпал етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: Отбасындағы тәрбие стилі Орталық нерв жүйесінің ауруы Шамадан тыс бақылау немесе бақылаудың мүлде болмауы Бала еркіндігіне жол бермеу Қозғалыс белсенділігіне тыйым салу Агрессиялы психологиялық қорғаныс құралы