Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 980
а) "за" - 507
Всего проголосовало: 1487
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тиімді тамақтандыру

Рационалды тамақтану денсаулықты сақтауға, балаларды тиімді оқытуға мүмкіндік береді.

         Рационалды тамақтану – жасына байланысты қажетті қоректік заттарды алу және олардың дұрыс арақатынасы:

 ақуыздар: майлар: көмірсулар = 1: 1: 4

Тамақтың биологиялық құндылығы тамақтану рационының ақуыз мөлшерімен анықталады. Толық құнды ақуыздың көздері – ет, балық, құс, жұмыртқа, сүт өнімдері. Майлар өсімдіктен пайдалы, ал көмірсулар – күрделі, яғни жасұныққа бай көкөністер, жемістер, жармалар, тәттілер емес.

Рационалды тамақтану – тамақтану кезінде тәуліктік калорияны дұрыс бөлу болып табылады. Балаға күнделікті таңертеңгі асқа - 20%, түскі ас - 35-40%, түстен кейінгі асқа -10%, кешкі асқа - 20%  тәуліктік колорияны қабылдау ұсынылады. Балаларға тәулігіне 5-6 мезгіл тамақтану қажет.

Күннің бірінші жартысында ақуызға бай тағамдарды, ұйықтарға дейін  2 сағаттан көп емес кешкі асқа – сүт - өсімдіктен жасалған тағамдарды жеу қажет.

Тамақтану арасындағы аралық 3,5-4 сағаттан аспауы тиіс.

Баланың күнделікті рационында:

- ет

- сүт

- сары май

- өсімдік майы

- нан

- көкөністер

- қант

Аптасына кем дегенде 1 рет балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті сияқты өнімдерді қосу керек.

Ұйымдастырылған балалар ұжымдарында тамақтану объектінің басшысы бекіткен күзгі-жазғы және қысқы-көктемгі 2 апталық перспективалық ас мәзірі негізінде құрылады.

Бір тамақтың бір күн бойы және 2-3 күн қатарынан қайталануына жол берілмейді.

Балалар мәзірінде флотша макарон, хот-дог, қуырған жұмыртқа, крем қосылған өнімдер, майонез немесе қаймақпен салаттар, зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттер, ішіне майдаланған құймақ сияқты тағамдарға жол берілмейді. және т. б.

Мектеп оқушыларын

рационалды тамақтандыру бойынша

жадынама

Павлодар облысы

қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

2018 жыл