Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 980
а) "за" - 507
Всего проголосовало: 1487
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОБ ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарды басшылыққа алу керек.

Тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.

Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламасына сай әзірленеді.

Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.

4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

  • әр пән бойынша берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған, 15 жабық түрдегі тест тапсырмасы;

  • әдебиеттік оқу пәнінен оқу сауаттылығын бағалау үшін мәтіндік тапсырмалар енгізілген.

4-сынып бойынша максималды балл – 30 балл.

 

9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

  • Қазақ тілі пәнінен – бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;

  • Жалпы білім беру пәні бойынша – 40 тест тапсырмасы:

         - 25 тапсырма – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы, оның ішінде контекстке арналған 5 тест тапсырмасы;

         - 15 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы.

9-сынып бойынша максималды балл – 75 балл.

 

11-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

  • 1-ші пән – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тапсырма;

  • 2-3 пәндер 30 тест тапсырмасынан тұрады, оның ішінде:

         - берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;

         - берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы.

11-сынып бойынша максималды балл – 100 балл.

 

Тест тапсырмаларының бағалануы:

  • бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін – 1 балл;

  • бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – барлық  дұрыс жауапты анықтаған жағдайда – 2 балл;

  • бір қате жіберілсе – 1 балл;

  • екі немесе одан да көп қате – 0 балл.