Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Твое настроение после посещения школной столовой?
Голосовать
Очень плохое - 11
Очень хорошее - 10
Хорошее - 5
Плохое - 5
Всего проголосовало: 31
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Курбан айт

 

                             Құрбан айт- мүбәрак болсын

   Айт – исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Ол «ораза айты», «құрбан айты» деп аталады. Құрбан айты мұсылмандардың бас мейрамы. Ол ораза айтынан соң 70 күннен басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, аруақтарға бағыштап мал сойып құрбан шалады. Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы. Құрбан шалушыға «Құрбандық қабыл болсын» дейді.

  7 қарашада әлемдік деңгейде мәртебесі биік, діни мереке саналатын құрбан айтқа байланысты №34 инновациялық үлгідегі жалпы білім беру мектебінің педагогикалық ұжым мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілін үйренейік» үйірмесінің жоспары бойынша іс шара жүргізілді. Педагогикалық ұжым мұғалімдерінің әр тобына арналған іс шара 3 кезеңнен құралды. Викториналық сауалдарға жауап беруде, дінге байланысты толық мәліметтер айтуда, құобан айт кезінде пісірілетін ұлттық тағамдар жайлы өз ойларын ұстаздар жан – жақты көрсетті. Жүздері қуанышқа толы азаматтарымыз биылғы Құрбан айт мейрамына аман- есен жеткеніміз жайлы, келер мерекені есендікпен көруге жазсын деп тілек тілесті. «Мерекелі айттық шай» шарасына қатысқан әр топтың ұстаздары түрлі номинацияларға ие болды.

  Ел Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен тұспа- тұс келген биылғы Құрбан айттың маңызы да ерекше екендігін педагогикалық ұжым мұғалімдері атап өтіп, егемендіктің, азаматтықтың арқасында бүгінде мемлекетімізді төрткүл дүние танығанын тілге тиек тіледі.Көпшілік қауымға береке, бірлік тіледі.

«Қазақ елі ешкімді ренжітпеген,

Жаманат пен қиянат көрсетпеген.

Бар бұл елде қазақтың ұл- қыздары

Қазақтың салт- дәсүрін өзгертпеген»-деп қазақ халқымыз айтқандай ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт- сананың мызғымас тірегі- Тәуелсіздік. Осы қанатты сөзді ойымызға сіңіріп, халқымыздың салт- дәстүрін, тілін, дінін қасиет тұтуымыз керек.

  Қасиетті мерейтойға ұйымдастырылған шара мұнымен ғана шектеліп қоймайды.Алдағы уақытта мектептің педагогикалық ұжымы мерейтойларда түрлі іс шаралар жүргізбек.