Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мүмкіндігі шектеулі балалармен «арт-терапия»

«Мүмкіндігі шектеулі балалармен «арт-терапия» түзету-дамыту бағдарламасы

Мақсаты: жұмыс істеудің процесінде танымдық процессті, ұсақ моториканы, жұмыс, шығармашылық процессті дамыту.

Міндеті:

- Еңбек терапиясы процесінде бұзылған функцияларды түзетуге ықпал ету;

- қозғалу икемділігі мен дағдысын қалыптастыру;

- шығармашылық потенциалын дамыту және мүмкіндігі шектеулі балаларды белгілі бір қызметке икемділітерін анықтау: сурет салу, жапсыруға, матамен жұмысы, күйдіру, құрастыру және т.б.

Мақсаттық топ: 6 жастан 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар (ПДТ, ДЦП).

Бағдарлама бойынша жұмыстың негізгі принциптері: дара тіл табу, жүйелілік, көрнекілік, материалды ақырындап меңгеру «оңайдан қиынға».

7 жасқа дейіңгі балаларға жұмыстың негізгісі сурет салу болып табылады. Бұл қызметтің түрлері балалардың ұсақ моторикасын дамытуға көмектеседі, сонымен қатар шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді.

7 жастан 16 жасқа дейіңгі балаларға еңбек қызметі: матамен жұмыс істеу. Табиғи материалдардан, қағаздардан жасалған бұйымдар жасау мүмкіндігі шектеулі балалардың көркемөнер және еңбек қызметінің түрлеріне деген қызығушылығын арттырады.

2016 қаңтар-2017 қаңтарға бағдарламаны жүзеге асыру.

Құм терапиясы- «Sand play» әдісі –құммен ойнау. Құммен ойыны балалардың эмоционалды көңіл күйіне жақсы әсерін тигізеді. Маман өз жұмысында құм, су және ойыншықтарды қолданады (жануарлар, ағаштар, адамдар, үйлер, тастар, шынылар және т.б.).

Мүмкіндігі шектеулі балалармен арттерапия бойынша сабақтар (ПДТ, ДЦП) мүмкіндік береді:

4- жаңадан келген баланың білімі, үлгерімі мен дағдысы деңгейін анықтауға;

-балалардың қолының ұсақ моторикасының деңгейін зерттеуге;

- Балалардың көркемөнер қызметінің түрлеріне бейіндігін анықтап, дамытуға;

Күтілетін нәтижелер

- еңбек терапиясы процесінде бұзылған функцияларды түзету;

- еңбек икемділігі мен дағдысын қалыптастыру;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды белгілі бір қызметке икемділітерін анықтау және шығармашылық потенциалын дамыту: сурет салу, жапсыруға, матамен жұмысы, күйдіру, құрастыру және т.б.

- көркемөнер-эстетикалық талғамын, өз ойын жеткізе алу қабілетін тәрбиелеу.