Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҰБТ 2017 ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Сынып оқушыларымен №40 ЖОББМ бойынша ҰБТ-ға 11 сынып оқушыларының дайындығы туралы ақпарат

1 Мектептің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі мектеп бітірушілерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуін тапсыру нәтижелері болып табылады. Ал нәтижелері әкімшілік пен мұғалімдердің осы бағытта жоспарлы, тиімді және жүйелі жұмысына байланысты. Біздің мектепте өзіндік арнайы жұмысы жүргізіледі.

Ең бірінші және маңызды кезең 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы болып табылады. Мектеп психологтарымен мектеп оқушыларында кәсіптерге қабілеттері мен зейінін анықтау мақсатында компьютерлік диагностика жүргізіледі, кейін жеке ұсыныстар әзірленеді. Жалпы мектептік жиналысқа колледж өкілдері, 9 сынып оқушылары және олардың ата-аналары шақырылады. Ата-аналар оқу мекемелерінің презентацияларымен, олардың жетістіктерімен, материалды-техникалық базасымен және орналастыру нәтижелерімен танысу мүмкіндігіне ие. Мектеп сайтының «Кәсіптік бағдарлы жұмыс» парағында әркім қаланың барлық оқу мекемелері туралы толық ақпаратты біле алады. Ал экскурсияның жүргізілу барысында міндетті түрде ата-аналар шақырылады. Бұл жұмыс оқуға мотивациясы төмен деңгейлі оқушыларды «іріктеуге» септігін тигізеді.

Екінші, маңызды кезеңнің бірі 10 сынып оқушыларымен жұмыс болып табылады. Аталған кезеңде 2дайындықтың ең тиімді формасы оқушылар білімдерінің қоғамдық қарауы болып табылады. Бес жыл бойы оқу жылында 10 сынып оқушыларына арналған ҰБТ 4 негізгі пәні бойынша қоғамдық қараулар болып отырады. Қарауға ата-аналар, аталған сыныптарда жұмыс істемейтін мұғалімдер және мектеп әкімшілігі қатысады. Бұл әдіс мектепке ҰБТ-ға дайындықта ата-аналармен өте тығыз байланыста болуға мүмкінігін береді, ал мектеп бітірушілерге бүгінгі таңда ең көкейкесті болып табылатын тақырыптар бойынша теориялық білімдерін шындай түседі. Ата-аналар балаларының білім деңгейінің жеткіліксіздігін көріп 10 сыныптан соң колледжге орналастырады, немесе оларды дәстүрлі емтиханға өткізуді сұрайды.

11 сынып оқушыларымен ҰБТ тапсыруға анықталған жұмыс мектеп бітірушілерінің ҰБТ тапсыруға дайындығында анықталды.

Жыл сайын мектеп әкімшілігі 11 сынып оқушыларын ҰБТ тапсыруға және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау үшлін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен серіктестік туралы келісімшартқа отырады. Компьютер кабинетінде ҰБТ тапсыруға дайындалуға сынақ тестілеуді жүргізуге арналған «5+++» бағдарламасы орналастырылған, 2011- 2014 жылдардың сұрақ кітапшалары пайдаланады, логикалық тапсырмаларымен математика пәні бойынша дисктер алынды.

Әр пән мұғалімі өз пәндері бойынша сынақ тестілеуінің мониторингісін жүргізеді. Директордың орынбасары «ҰБТ электрондық базасы» бағдарламасы бойынша жалпы мониторинг жүргізеді.

Мектеп әкімшілігі сабаққа келуінің, қосымша сабақтардың өткізілуінің және оқушылардың оларға қатысуының сапасын бақылау жоспары бойынша мектеп бітірушілерінің ҰБТ дайындығын бақылап отырады, мектеп бітірушілерімен жұмыс істейтін пән мұғалімдерімен жеке әңгімелесулер жүргізіледі, оқушылар мен ата-аналары арасында анықтама жұмыстары жүргізіледі, мектеп дәлізінде «ҰБТ-2015» атты стенд орналастырылған, ҰБТ ұйымдастыру және жүргізу бойынша 2 ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мектеп бітірушілерін кешенді тестілеуінің нәтижелеріне пәндерге толық «ену» жағымды әсерін тигізеді. «Енуді» демалыс мезгілінде, жыл соңында және «Жалын» жазғы жұмыс мезгілінде жүргіземіз.

Демалыс мезгілінде оқушылар бекітілген кесте бойынша айналысады. Мысалы, дүйсенбі және сейсенбі күндері сабақтар орыс тілі пәні бойынша өткізіледі, Сәрсенбі күні – 2 күн бойы жұмыс істеген күндері бойынша тек осы пәннен тестілеу, сосын – түзету жұмысы.

Бейсенбі және жұма күндері математика пәні бойынша сабақтар жүргізіледі. Сенбі күні – математика пәнінен тестілеу және түзету жұмысы.

Келесі демалыс мезгілінде дәл солай қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндері бойынша сабақтар өткізіледі. Осылай оқу жылы бойы оқушылар екі рет әр пән бойынша және екі рет «Жалын» жазғы мектептің жұмысы барысында жұмыс істейді. (маусым және тамыз айларында). Осындай жұмыс жүйесі оқушылардың айтуы бойынша өте тиімді, себебі ол бір пәнге топталуға және өзінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға, сонымен қатар, белгілі тақырыптар бойынша білім деңгейін анықтауға, ақауларды жоюға көмектеседі. Сонымен қатар, қайталау білімдерінің мықты болуына мүмкіндік туғызады.

Біздің ойымызша, ҰБТ-ға дайындалу бойынша ұсынылған жұмыс жүйесі жағымды динамика береді және балалар мен олардың ата-аналары тарапынан қолдау тапты.

Қосымша сабақтарда пән мұғалімдері сынақ тестілеу барысында анықталған ақауларды жою бойынша жұмыс жасайды. Сабақтар мен қосымша сабақтарының оқу материалы мазмұнына логикалық тапсырмалар да енгізілген. ПМУ мұғалімі 10-11 сынып оқушыларына арналған барлық пәндер бойынша сұрақ кітапшаларынан логикалық тапсырмаларын өндейтін «Логика» атты арнайы курсын жүргізеді.

Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету және ҰБТ-ға мектеп бітірушілерінің дайындығын бақылау мақсатында 11 сынып оқушыларының сабақтары мен қосымша сабақтарына кіру кесте бойынша жүргізіледі.

Мектеп бітірушілерінің ҰБТ тапсыруына дайындығы бойынша психологиялық көмек жоспар бойынша жүргізіледі. Мектеп психологы мектеп бітірушілерінің қорқынышы деңгейінің диагностикасын, пән таңдауы бойынша кәсіби бағдарлы жұмысын, жүргізеді, кәсіби анықтаудың сауалнамасын, айына екі рет шиеленісті шығару үшін балалармен тренингтер жүргізеді. Ата-аналар мен оқушылардың қалауы бойынша әр түрлі сұрақтармен жеке консультациялар береді.

ДОТІЖО Е.И.Минаева
 

ҰБТ-ға дайындық бойынша 10.10.2015 жылғы өткізілген 11 сынып

оқушыларының сынақ тестілеуінің талдауы

  1. Түлектердің жалпы саны 8 оқушыдан ҰБТ формасымен қорытынды аттестациялауды 7 түлек тандады (орыс тілінде оқытылатын 4 оқушы және қазақ тілінде оқытылатын 3 оқушы).

1 түлек дәстүрлі мемлекеттік емтиханды тапсыруға дайындалып жатыр:

Барлық оқушылар құжаттандырылған.

ҰБТ бойынша мұғалімдердің кадрлық құрамы:

Барлық мұғалімдер – 13.

Оның ішінде жоғары білімді - 6, 1 санатты – 7.

Мектептегі тестілеудің саны –4.

Әр пән мұғалімі өз пәні бойынша сынақ тестілеудің мониторингісін жүргізеді. Директордың орынбасары жалпы мониторинг жүргізеді («ҰБТ электронды базасы» бағдарламасы).

Қосымша сабақтарда пән мұғалімдері сынақ тестілеуі талдауының барысында оқушылармен ақауларды жою бойынша жұмыс істейді. Мұғалімдермен өте бай тестілеу материалы жинақталды: білім беру және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығымен шығарылған 2008-2015 жылдарының пәндері бойынша түлектерге арналған тест жинақтары. Оқу материалының мазмұнына сабақтар мен қосымша сабақтардың логикалық тапсырмалары енгізілді.

ҰБТ ұйымдастыру және жүргізу бойынша 1 ата-аналар жиналысы өткізілді.

Түлектердің ҰБТ тапсыруға дайындығы бойынша психологиялық жетекшілігі жоспар бойынша жүргізіледі. Мектеп психологы түлектердің үрейлілік деңгейінің диагностикасын, пәндерді таңдауы бойынша кәсіби бағдарлы жұмысын, кәсіби анықтаудың сауалнамасын жүргізді.

Соңғы тестілеудің орташа балы:

Пән атауы

3.09.2015 жылғы орташа балы

10.10.2015 жылғы орташа балы

динамика

Орташа балы

қазақ тілі бойынша

орыс тілі бойынша

Қазақстан тарихы бойынша

математикадан

биология пәнінен

физика пәнінен

ағылшын тілінен

географиядан

60,5 13,5 11,1 14,3 9,6 15 9 10 9 71,2 б 17,7 б 14 б 15 б 11,6 б 15,3 б 6 б 12 б 12 б

+10,7

+11,8

+2,9

+0,7

+2

+0,3

+3

+2

+3

Барлық пәндер бойынша орташа баллдың жағымды динамикасы байқалады.

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география, орыс тілі және дүниежүзілік тарих пәндері бойынша орташа баллдар көрсеткіші қала бойынша тиісті көрсеткіштен асып тұр.

Физика пәні бойынша орташа баллдың көрсеткіші қала бойынша тиісті көрсеткіштен төмен.

Аталған бағыт бойынша жұмыстың талдауы 11 сынып оқушыларының ҰБТ тапсыруға дайындығы бойынша біраз мәселелерін көрсетті, бұл оқушылардың үй тапсырмасына жүйесіз дайындалуы (сабақ үстінде мұғалімдермен орындалуы бақылауының болмауы) және математика, физика және биология пәндері бойынша түзету жұмыстары тиісті деңгейде орындалмайтыны.

Ұсыныстар:

1.Мұғалімдерге міндетті түрде сабақта дараландыру, саралау бойынша жұмысты жүргізу және жұмыстың басқа да әр түрлі тиімді белсенді формалары мен әдістерін қолдану ұсынылсын. Әр сабақта үй тапсырмасын жүйелі түрде тексеріп отырсын. Сынақ тесттері нәтижелерінің мониторингісін жүргізіліп, оқушылардың білім сапасын жоғарылатуға бағытталған мәселелерді шешу және түзету жұмыстары уақытылы өткізіліп отырсын.

ДОТІЖО Е.И. Минаева

10.10.2015