Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектеп тарихы

 

№ 43 жалпы орта білім беру мектебі

( №188, 180, 108 мектебінің әр кезеңі)

1921 жылы Павлодар мен Құлынды арасында темір жол салу құрылысы басталды. Осы жылы Короленко көшесінде бастауыш мектеп ашылды, бұл мектеп темір жол жұмыскерлерінің балаларына арнап ашылған еді. Осы деректер облыстық мұрағат мәліметтерімен расталады (1921 жылы 11 қарашадағы Уисполком Президиум отырысының хаттамасы). 1926 жылдан бастап мектеп Мир көшесіндегі мұнарасы бар ағаш ғимаратқа орналасқан. Оны 1923 жылы "Омбы темір жолының тапсырысы бойынша жолаушыларға арналған күту залы ретінде Латвиядан шыққан сәулетші Илиус Якобович Ломбак" салған еді. Бұл 13 сынып және интернаттан тұратын 7 жылдық мектеп болатын. Мектептің қосалқы шаруашылығында жылқы, екі өгіз, сауылатын сиыр болған. 1926 жылы интернат бастығы П.С. Цыбульскаяның айтуынша қаланың сыртында 10-12 км. қашықтықта егістік даласы да болған, осы жерде егін егіп, көкіністер салды. 1951 жылы мектеп екі қабатты ғимаратқа көшіріліп, жалпы орта білім беру мектебіне ауысты. 1970 жылы Жеңістің 25-жылдығына орай, мектеп алдына Ұлы Отан соғысында қаза тапқан мектеп түлектеріне ескерткіш қойылды. Осы ескерткішті орнатуға мектеп мұғалімдері, оқушылары, теміржолшылар бастықтары қаражатпен көмектесіп атсалысты (мүсінші Ершов). Мектепке еңбек сіңірген қайраткердің арқасында (отряд командирі И.В.Герасимов, қазіргі таңда №43 мектепте мұғалім) соғыста қаза тапқан жиырмадан астам мектеп түлектерінің ата-тегі «Комсомольская правда», «Дружные ребята» басылымдарында жарық көрді. Мектеп қалада оқу, еңбек және спорт жетістіктері жағынан алдыңғы қатарда болды. Мектеп директоры қызметін атқарған: Прасковья Семеновна Цыбульская, Антон Станиславович Врублевский, Андрей Павлович Калашников, Валентин Кузьмич Лутков, Иван Трофимович Батрак, Мария Николаевна Кудряшова, Владимир Моисеевич Лифшиц, ал 1987 жылдан бүгінгі таңға дейін Николай Захарович Семига атқарып келеді. 1973 жылы Лермонтов көшесі 95, жаңа ғимарат салынды. 1997 жылы қалалық білім басқармасына берілген. Мұғалімдер ұжымы жақсы дәстүрлерді сақтап, педагогикалық ынтымақтастықты ұстанумен қызмет атқарды. Мектеп түлектеріміздің білімі кемел, әрі терең. 1980 жылдары қалада алғаш спорт сыныптары ашыла бастады, осыған байланысты тәрбиеленушілер облыстық, бүкілодақтық және халықаралық жарыстарға белсене қатыса бастады. Мектеп - жыл сайын қалалық Спартакиядасы жеңіпазы атанады. Мұғалімдер ұжымы «Развитие речи и мышления школьников» тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізеді, дамыта оқыту қағидасының жұмысын игерді, заманауи оқу технологияларын меңгере бастады. 1997 жылы №108 теміржол мектебіне жаңа №43 мектебі атауы берілді. 30 жыл ішінде 28 рет түлек-бітіруші шығарылды. Қазіргі таңда мектепте 1246 оқушы оқиды, олардың басым көпшілігі басқа шағын аудандардан келіп оқиды. Мектепте 78 мұғалім, олардың ішінен жас маман (5 жылға дейін)19,2% құрайды, 5 мұғалімде «Білім үздігі» атағына ие. Мұғалімдердің орта жасы шамамын 42,3 жас. Негізгі оқу пәндерінен басқа, балаларда қосымша білім алу мүмкіндіктері бар, яғни ағылшын тілі, математика, логика, тіл дамыту, риторика, бизнес-математика пәндері тереңдетіп оқытылады. Демек жақсы нәтижелер береді. Түлектеріміздің басым көпшілігі таңдаған мамандықтары бойынша ЖОО түседі. Олардың басым көпшілігі ҚР гранттары, несие арқылы оқиды, Ресей ЖОО бюджеттік топтарына (Томск, Омск, Новосибирск, Барнаул қ.), Америка, Германия ЖОО түседі. Жыл сайын мектепте оқыған шәкірттеріміз мұғалімдер қатарын толтырады, ал олардың балалары оқушылар санын көбейтеді. Мектеп дәстүрі бұрынғысынша сақталуда. Жыл сайын мұғалімдермен кездесу үшін 500-ден астам шәкірт келеді. Жыл сайын орта буын оқушылары 188 темір жол мектебі түлектерінің ескерткіші жанында жиналып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға тағзым етеді. Ал жоғары сынып оқушылары Локомотив депосындағы митингке қатысады.  Уақыт қалай өзгерсе де, жыл сайын мерекеге біз жоғары сынып оқушыларының хорын дайындаймыз. Осындай дәстүр үлкендерге де, кішілерге де өте қымбат. «Эстетика», «Интеллект», «Гармония», «Ал-тын беак» тәрбие орталықтарының атқарған жұмысы мектеп өмірін қызыққа батырады. Негізгі мақсаты жеке тұлға бойында ерекше әсер қалдыру болып табылады. "Эстетика" орталығындағы «Радуга» театрлық студиясын аса жақсы көреді (жетекшісі А.А.Чужинова). «Балауса» сайысында аталған студияның «Медовый месяц Золушки» қойылымы ерекше бағаланды; ал осы жылы 8 "Б" сынып оқушысы Крыжная Светлана П.Васильевті еске алуға арналған оқырмандар сайысында бірінші орынға ие болды. «Алтын бес» орталығының мүшелері «Әй, жарайсың» қалалық сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болады. «Азимут» туристік клубының қатысушылары жаз кезінде туризм жарыстарына қатысуға дағдылану үшін спорттық және туристік даярлықтан  өтеді. туристтік дағдылардан  спорттық және туристік дайындаудан өтеді. Үш жыл ішінде біздің команда Ертіс өңіріндегі Баянауыл, Алтай, Рудный тауларына сапар шекті. 2002 жылдан бастап мектепте «Наше будущее» балалар ұйымы дамып келеді. Қазіргі таңда онда 5-7 сыныптар арасынан 160 оқушы қатысады. Балалар ұйымы 5 бағыт бойынша жұмыс істейді: көшбасшылар, жас тәлімгер, тимуршылар, ойын-сауық орталығы, пресс-орталық. Мектепте "Большая перемена" газеті 2 айда бір рет шығарылады. Оны құрастыратын біздің оқушылар. Олар мақалалар жазып, өздерінің өлеңдерін шығарады, мектеп мұғалімдер мен оқушыларға әлеуметтік сауалнама жүргізіп, сұхбат алады. Әрине оқушыларымыздың көпшілігі спорттық секцияларға қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Оған дәлел біздің спорттық командамыздың жетістіктері. Мектеп 5 жыл қатарынан қалалық оқушылар спартакиадасының жеңімпазы атанды. Мектеп оқушыларға психологиялық тұрғыдан жақсы әсер етеді. Осында әр балаға көмек, қолдау көрсетіліп тұрады. Біз №188,180,108, қазір №43 мектеп түлектерімен жүздесуге әрдайым ризамыз.