Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Адал ұрпақ" клубтың жұмыс жоспары

 

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ

ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.

«Туралықты тұғыр еткен Төле би»тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.

Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.

Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.

Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады.

Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес.

Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: «Жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – тілазарлық» деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.

Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.

Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай.

Естеріңізге сала кетсек, Агенттікпен жастар арасында парасаттылық пен патриоттық сезімді нығайту мақсатында, әр апта сайын атақты тұлғалар мен Қазақстанның жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттары» өткізілуде.

Бейне-дәріске сілтеме:

https://youtu.be/oco0qFCBJDo

 

"БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ: ҚҰРМЕТ ПЕН ЕРЛІК – БАТЫРДЫҢ БЕЛГІСІ»

Биыл аты аңызға айналған қолбасшы, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.
 
Батырлық, адалдық және қайсарлық – Бауыржан Момышұлын халық қаһарманына айналдырды. Патриотизмнің жоғары рухы, шешім қабылдаудағы батылдық, тәртіптілік, даналық пен әдептілік оның жеке басын сипаттайды.
 
Онлайн-дәріс барысында жастар Ұлы полк командирінің ерліктері мен өмірлік ұстанымдарын тағы да еске алды.
 
Оның көзқарасы бойынша сенім-бұл адамгершілік пен адалдыққа әкелетін күш. Сенім-үміт тамыры. Жастарға арнаған сөзінде ол: "сен ата-анаңның үмітісің. Сен – дербес, сен – жасампаз өмір, сондықтан сену ғана керек.».
 
Осылайша, ол өзіне сенімді және білімді адам ешқашан дөрекілік танытпайтынын және дұрыс жолдан шегінетінін баса айтады.
 
Оның халыққа деген адалдығы мен ана тіліне деген сүйіспеншілігі ерекше назар аударуға лайық. "Ана тілінсіз ұлт жоқ. Тілін жоғалтқан ұлт – өз тарихы мен тамырын жоғалтқан ұлт", - деді ол.
 
Бауыржан Момышұлының мұрасы батырлыққа, тәртіп пен патриотизмге толы, оның өмірі адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарына негізделген.
 
"Парасаттылық сағатын" ұйымдастырушылар осы құндылықтарды жас ұрпаққа сіңіре отырып, сыбайлас жемқорлық орын алмайтын, адамгершілігі жоғары адами қасиеттер мен адал еңбек құнды болатын ізгі қоғам құруға болатынына сенімді.