ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Закон Республики Казахстан об образовании
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрлар даярлау нысаны; 2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны; 2-1) академиялық оралымдылық – оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру; 2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер)...
Ғылым туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Ғылым туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 25 ақпандағы № 59-61 (26463); "Казахстанская правда" от 23.02. 2011 г., № 66-67 (26487-26488); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4 (2581), 36-құжат Қолданушылар назарына! Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады. МАЗМҰНЫ РҚАО-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптанқараңыз. Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуінің және оны дамытудың негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындайды. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануды иеленетін рәсім; 2) ғалым - ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам; 3) ғылым - функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық...
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандаєы N 113 Заңы "Егеменді Қазақстан" 2000 жылғы 16 желтоқсан N 317-318 МАЗМҰНЫ Ескерту. Тақырып бойынша орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV(алєашқы ресми жарияланєан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша: «Жасөспірімдер үйлерінің», «Жасөспірімдер үйлерінде», «Жасөспірімдер үйлері», «Жасөспірімдер үйлерін», «Жасөспірімдер үйлерінен», «Жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздер тиісінше «жасөспірімдер үйлерінің», «жасөспірімдер үйлерінде», «жасөспірімдер үйлері», «жасөспірімдер үйлерін», «жасөспірімдер үйлерінен», «жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздермен; «18 жасқа», «жасы 23-ке», «23 жасқа», «16 жастан», «18 жастан» деген сөздер тиісінше «он сегіз жасқа», «жиырма үш жасқа», «он алты жастан», «он сегіз жастан» деген сөздермен; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; «білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «Білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «уәкілетті білім беру органы» деген сөздер тиісінше «білім беру саласындаєы уәкілетті орган», «Білім беру саласындаєы уәкілетті орган», «білім беру саласындаєы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР...
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 21 қаңтарда № 8287 тiркелдi "Егемен Қазақстан" 20.02.2013 ж. № 71 (28010); "Казахстанская правда" от 20.02.2013 г. № 63-64 (27337-27338) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн. 2. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментi (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым вице-министрi М.Ә. Әбеновке жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министрдiң мiндетiн атқарушы М. Орынханов Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекiтiлген Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн...
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты отандастар! Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз. 1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды. Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді. Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет...
«100 нақты қадам»
Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» 20 мамыр 2015 ж 11:00 Астана «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялайды. «100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ 1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс. 2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу. 4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші...
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін: Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2.Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін; 2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айкындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады. Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей...
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 января 2010 года № 13 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации дошкольных организаций образования"
"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6048 болып енгiзiлдi Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқыұтық актiлерi Бюллетенi, 2010 жылғы N 3; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенi, 2011 жылғы N 1 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 7-бабының 5) тармақшасына, 145-бабының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық...
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы МАЗМҰНЫ Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен. Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 1 тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық); 2) ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi; 3) ономастика комиссиясы – Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының...
Закон Республики Казахстан об информатизации
Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ РҚАО-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 67-баптан қараңыз. Қолданушылар назарына! Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады. МАЗМҰНЫ Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автоматтандыру – ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, өзгертуді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі; 2) ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс; 3) ақпараттандырудың сервистік моделі – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының ақпараттық-коммуникациялық...
2017 жылға Мемлекеттік сатылымдар
2017 жылға арналған ережелерімен бірге берілген конкурстық құжаттар Конкурс туралы хабарлама 2017 жылға арналған жоспар 2017 жылға арналған жоспарға бұйрық КҚ-ды бекітуге бұйрық2017 жылға арналған ережелерімен бірге берілген конкурстық құжаттаржүктеуКонкурс туралы хабарламажүктеу2017 жылға арналған жоспаржүктеу2017 жылға арналған жоспарға бұйрықжүктеуКҚ-ды бекітуге бұйрықжүктеу
Приемный день
Приемный день Время приема Контактный телефон Четверг 15.00-18.00 8 (7182) 66 -24 - 07
Аз қамтылған және жағдайы төмен отбасы балаларымен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс жоспары жүктеу
Жастар саясатын жүзеге асыру
    Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда. Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады. Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады: 1.       Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік; 2.       Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу; 3.       Еңбекке құрмет; 4.       Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет; 5.       Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік; 6.       Қиындықтан қорықпай табысқа жету;...
Оқушыларға арналған ақпарат
 Жастар мен жасөспірімдер ұйымы «ЖАС ҰЛАН» және «ЖАС ҚЫРАН» жүктеу Көңілді жаз жүктеу Сабақ кестесі жүктеу Оқушылар жетістіктері жүктеу
Мамандыққа баулу
Мемлекеттік сатылымдар - 2017
2017 жылға арналған ережелерімен бірге берілген конкурстық құжаттар Конкурс туралы хабарлама 2017 жылға арналған жоспар 2017 жылға арналған жоспарға бұйрық КҚ-ды бекітуге бұйрық
Басылымдық қызмет