ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек - алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны Сөзін жазғаңдар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны,  Алтын дән даласы,  Ерліктің дастаны,  Еліме қарашы! ...
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы...
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Мазмұны І. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы 1. Қуатты да табысты мемлекет 2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел 7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз 8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері 1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы 5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы 7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция 8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 11 (26413); «Казахстанская правда» от 15.01.2011 г., № 13-14 (26434-26435); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж. № 1 (2578), 1-құжат Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.   1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бақылау және қадағалау органдары - заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері; 2) жедел ден қою шаралары - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге...
Мектеп көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты
Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету кестесі:   Дүйсенбі - 9.00-ден 18.00-ге дейін.   Сейсенбі –9.00-ден 18.00-ге дейін.   Сәрсенбі – 9.00-ден 18.00-ге дейін.   Бейсенбі – 9.00-ден 18.00-ге дейін   Жұма – 9.00-ден 18.00-ге дейін   Сенбі - 9.00-ден 18.00-ге дейін   Жексенбі – демалыс   Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты   Стандарт-аттестация-каз жүктеу «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жүктеу «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»...
"Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті;
1. Негізгі ұғымдар 1. Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ҚФБ – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық–функционалдық бірліктер; 2) уәкілетті орган – "Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі. 2. Жалпы ережелер 2. Мемлекеттік қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес көрсетіледі (әрі қарай - стандарт). 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар және тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы); 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар...
"Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті;
1. Негiзгi ұғымдар 1. Осы регламентте келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ҚФБ – мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер; 2) уәкiлеттi орган – "Бұқар жырау ауданының бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi. 2. Жалпы ережелер 2. Осы "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау рәсiмiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) айқындайды. 3. Мемлекеттiк қызмет "Бұқар жырау ауданының бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және аудандық коммуналдық мүлiк болып табылатын Қазақстан Республикасының бiлiм беретiн ұйымдарымен (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) көрсетiледi (байланыс мәлiметтерi осы Регламентке 1-қосымшада көрсетiлген). 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттiк қызмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын...
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті;
1. Негiзгi ұғымдар 1. Осы регламентте келесiдей негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) балаларға қосымша бiлiм беретiн ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы; 2) ҚФБ – мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер. 2. Жалпы ережелер 2. Осы "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) балаларға қосымша бiлiм беру үшiн қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау рәсiмiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) айқындайды. 3. Мемлекеттiк қызмет балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарымен көрсетiледi (байланыс деректері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетiлген). 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттiк қызмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бап 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес көрсетiледi (бұдан әрi - стандарт). 6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу...
Мемлекеттік қызмет стандарты «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру»
1. Жалпы ережелер 1. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 9) тармағына және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымының веб-сайтында орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды; 2)...
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік қызмет стандарты
Жалпы ережелер «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары көрсетеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; 3) «Баста­уыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру­дің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға берілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны білім беру ұйымдарының жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Жалпы ережелер «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары көрсетеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. Мемлекеттік қызмет: 1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен; 2) «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңымен; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысымен бекітілген Арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережемен; 4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 бұйрығымен бекітілген Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережемен реттеледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылады. Мемлекеттік қызметті...
Мектеп директоры
    Мамбетова Майра Қабиденқызы         «Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы  жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры             Білікті басшының әріптестеріне қоятын талабы – білім сапасы. Заманына сай іскер басшы атанып, қайраткерлік қырымен көзге түсіп жүрген Майра Қабиденқызың еңбегі өте зор. Тәжірибелі, педагогикалық шеберлігі шыңдалған мұғалім. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарында жаңа технологияны пайдаланып, заман талабына сай сапалы білім береді. Бұған оқушыларының да, өзінің де жетістіктері дәлел: 2013 ж. Павлодар облысының 75-жылдығына медальмен марапатталды. 2013 ж. Халықаралық «Русский медвежонок» атты сайысында 6 сынып оқушылары Багиенова Лаура, Абраева Динара жүлдегер атанып, дипломдармен марапатталды; 2013ж. Шығармашыл ұстаз халықаралық ғылыми-әдістемелік «Диахроникалық зерттеудің әдістемесі: тілге деген когнитивтік бейімдеу» атты тіл мамандарына арналған семинарға қатысып, сертификат иеленді; 2013 ж. Республикалық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудегі жаңа сапаны қамтамасыздандыру факторы» атты педагогикалық...
Виртуалды қабылдау
Қабылдау бөлмесі Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ қабылдау бөлмесіне қош келдіңіздер!!! 2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Сіздер бұл сайтқа пікірлеріңізді жазуға, кеңес алуларыңызға, сонымен қатар өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алуларыңызға болады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін. Біздің ақпараттық ресурс беттерін жиі қарауға және сіздерді білім мен тәрбие, мектеп мәселесі, мектептен тыс мәселелерді қарастыруға шақырамыз!
Мектеп тарихы
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебі Тың және тыңайған желерді игеру жылдарының бастапқы кезеңінде Павлодар облысы Мостопоезд атты тыңшылар поселкісінде №22 сегізжылдық мектеп жұмыс істей бастады. Павлодар қаласының халық депутаттар Кеңесінің шешімімен 1980 жылы 7 тамызда Мостопоезд поселкісіне қатысты, №22 сегізжылдық мектеп Лесозавод поселкісіндегі бастауыш мектепке айналсын. 1981 жылғы тамыздың екісінде қалалық халық депутаттар Кеңесінің орындаушы комитеті шешім шығарды: “...Мектеп ғимараты пайдалануға келмейтіндіктен және оқушылар саны аз болғандықтан №22 мектеп жабылсын. ” Улес 1981 жылдың 29 тамызында Павлодар қаласы халық депутаттар Кеңесінің 33 Мөлтек ауданында 1568 орындық мектеп пайдалануға берілуі туралы шешім қабылданды. 1981 жылдың 3 қыркүйегінде 33 Мөлтек ауданындағы 1568 орындық мектепке 22 номері берілсін деген қалалық халық депутаттар Кеңесінің шешімі шықты. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай №22 мектебіне Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы батырдың есімі берілді. Осы мектепке жетекші еткен адамдар: 1)Овчинникова Зоя Петровна – мектептің алғашқы директоры. 1981-1987 жылдар аралығында директор болды. Қалыптастырған қабілетті ұжымы мектептің дамуына мол еңбек етіп, қаланың үздік мектептерінің қатарына қосты. 2)Романтеева Наталья Анатольевна – орыс тілі мен әдебиет...
Мектептің орналасу схемасы
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ шағын ауданы
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебіне қатысты шағын аудан шекарасы № Көше Үй нөмірі 1 Ак. Сатпаев 253,292,294,296,298,300, 302 2 Ломов 2,30,32,34,36 3 Ак. Шөкин 1,2,3,7,9,13,15,17,19,21,2323/1,25,29,29/1 4 Карл Маркс 257,265,267,269/1,269/2,273,275,277,279,281,283,285,287,306,308,310/1,310/2 312,314,316,317/1,318/3 5 Ленин 253,255,257,259,261,263,265,267,268,270,274,284/1,284/2,284/3,286,288,290, 294,296,298,300,302,304 6 Маяковский 1,2,3,4,5,8,10,12,14 7 1 Май 284,284/1,286,288  
Мектеп әкімшілігі
      ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ   Педагогикалық ұжымның ағымдағы және перспективалық қызметін жоспарлауды ұйымдастырады, мектептің оқу жұмыс жоспарын жасайды. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, шығармашылық бірлестіктердің жұмысына басшылық жасайды, мектеп педагогтарының курстық қайта даярлануын уақытылы қадағалайды.  Мектепте үш тілді оқытуды енгізу бойынша эксперименттік жұмысты үйлестіреді.  Гимназиялық сыныптарда, пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда жұмысты үйлестіреді  Педагогикалық ұжымның дарынды оқушылармен жұмысын үйлестіреді, олимпиадаларға, ғылыми конкурстар мен жарыстарға, семинарларға, ғылыми – практикалық конференцияларға дайындықты ұйымдастырады.   РАКИШЕВА ЖАНАТ ЕРКЕНҚЫЗЫ ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР МҰҒАЛІМІ Бастауыш сынып бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындалуы мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау мәселелерін бақылайды. Сыныптарды жинақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды. Бастауыш бойынша педагог қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу...
Оқушылардың жетістіктері
Мектеп оқушыларының облыстық,аймақтық, қалалық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Мекеш Жанерке 11 «Б» сынып 53-ші қалалық пәндер олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ дәрежелі жүлдегері дипломы 12 желтоқсан 2015 жыл. Қалалық «VІІІ Мәшһүр – Жүсіп Көпеев» оқуларында жоғары танымдық шығармашылық танытып және әдеби мұралардың көркемдік ерекшеліктерін терең түсінгені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Павлодар қаласы 2016 жыл 10 сәуір. «Старт в Науку» ғылыми конференциясына шағын ғылыми жұмысын баспаға ұсынды. 2017 жыл, 13 сәуір. Қуандық Айғаным 7 «Б» сынып оқушысы Бастауыш сыныптар аралығындағы V қалалық пән олимпиадасының қазақ тілі пәні бойынша ІІ орын иегері. (2017 ж. наурыз) Омар Айбала 6 "А" сыныбы Сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІ қалалық конкурсының І орын иегері (2016 ж.наурыз) Жасұланова Мерей 6 «Б» сыныбы ІІІ қалалалық қазақ тілі пәні олимпиадасында ІІІ дәрежелі жүлдегері, 2015 жылы 26 ақпан күні «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында «Жеңісжалауын желбіреткен» атты бейнесюжетте түсіріліп және арнада көрсетілді ,Облыстық радио эфирінде 13 сәуір 2016 ж. «Жеңіс жалауын желбіреткен» деген тақырыбы...
Мектеп ережесі
Оқушылар ережесі Оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін өзі ұстау ережесі: Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті: · Өзінің жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту; · Мұғалімнің талаптарына бағыну; · Мұғалім ескертсе сыныптан шығу; ·Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тиым салынған (мектептің төбесі, подвал, физикалық, химиялық лаборатория) жүруге болмайды, басқа жерлерде еркін жүре алады; ·Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшілктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды; ·Үзіліс кезінде оқушыларға бірін бірі итеруге, күш қолдануға болмайды; · Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тиым салынады; · Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде жүгіруге болмайды; · Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі; Сабақ кезіндегі тәртіп: · Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады; · Сабақ кезінде өзінің де өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек. Қатаң тыйым салынады: 1. Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/ 2. Мектепке сай формасын сақтамауға; 3. Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға; 4. Кешкі уақытта коғамдық орындарда, көшеде жүруге;...
Кестелер
  Сабақ кестесі 2017-2018 оқу жылы  Қоңырау кестесі         Сабақ кестесі 2017-2018 оқу жылы жүктеу Қоңырау кестесі жүктеу