ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Есепшілер
Жапарханова Армангүл Ағыбайқызы – бас есепші. Алматы экономика және статистика Академиясын 2014 жылы бітірген. Жалпы жұмыс өтілі – 14 жыл. №37 жалпы білім беру мектебінде 2015 жылдан бері бас есепші қызметін атқарады. 2016 жылы қалалық білім бөлімінің "Алғыс" хатымен марапатталған. Жаркина Сәлима Қабдоллақызы - есепші Алматы экономика және статистика Академиясын 2005 жылы бітірген. Жалпы жұмыс өтілі – 5 жыл. №37 жалпы білім беру мектебінде 2015 жылдан бері есепші қызметін атқарады.
Мектептің жұмыс жоспары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІП ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы   Мектеп туралы ақпарат Мекеменің толық атауы:«37 жалпы білім беру орта мектебі» ММ Мекеме басшылары: Директор - Л.Б.Жусупова Директор орынбасарлары: Байболова Ж.Х. Бектемирова Г.Б. Бегежанова Т.А. Медетова А.Р. Абдимбетова Г.Б. Мекеменің мекен - жайы: Ворушин 6/2, зеленстрой шағын ауданы Оқушылар саны - 958 Сабақ ауысымы: 1 ауысым Сынып комплектісі: 41 Даярлық топ: 2 Сынып сатылары бойынша сынып саны: -18сынып, 441оқушы -19 сынып, 445 оқушы -4 сынып, 72 оқушы Мұғалімдер саны -74 Білім деңгейлері бойынша: Жоғары білім -70 Арнаулы орта білім - 4 Санаттары бойынша: Жоғары -21 Бірінші -17 Екінші - 11 Санатсыз -17 Жасы бойынша :   20-30 жас 31-40 жас 41-50 жас 51-60 жас 61жастан жоғары Барлығы 18 20 15 9 4 % 27 30 22 13 6 Еңбек өтілі бойынша:   0-3 3-8 9-16 17-20 20 жоғары Барлығы 14 6 14 9 23...
Мектептің тәрбие жөніндегі жоспары
«№37 жалпы орта білім беру мектебі» ММ           Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2018-2019 оқу жылы Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Г.Б.Абдимбетова А.Р.Медетова Павлодар, 2018 Ап Т а Тәрбие жұмысының бағыттары Өткізілетін іс-шаралар, тақырыбы Түрі Мерзімі сынып жауапты 1 Қазақстандық патриотизм мен азаматтық-құқықтық тәрбие «1 Қыркүйек-Білім күні» «Мен өз елімнің патриотымын» «Білімім-байрағым мен ұраным» Оқушыларды мектеп жарғысымен таныстыру Әкімшілік кодекстің 12 бөлімімен таныстыру Салтанатты жиын Тәрбие сағаттары Кітаптар көрмесі Таныстыру парығы 01.09.16 1-11 1-11 1сыныптар 1-11 сыныптар ДТЖЖОА.Б.Баязитова АӘД пәні мұғалімі Сынып жетекшілер Кітапханашы С.К.Амренова Сынып жетекшілер инспектор 2 Отбасы тәрбиесі «Отан отбасынан басталады» «Менің балам мектепке барды» «Отбасы күні» Тәрбие сағаттары Ата-аналарға психологиялық кеңес Хат тарату шарасы 05.09-10.09 1-11 1с 1-11...
Кәсіподақ ұйымы
Бастапқы кәсіподақ ұйымының құрамы: Кәсіподақ төрайымы-Кайрбаева А.Г. Қәсіподақ ұйымының хатшысы-АбдуллаеваҚ.М. Көпшілікті ұйымдастыру комиссиясы- Адамбаева А.М. Мәдени-бұқаралық комиссиясы- Амренова  С.Қ. Спорттық сақтандыру комиссиясы-Нұрашева Ж.Б. Еңбекті қорғау және техникалық кауіпсіздік комиссиясы- Исагалиева Ұ.С.  Кәсіподақтың негізгі мақсаттары мен міндеттері: Кәсіподақтың жарғылық міндеттерін жүзеге асыру, әлеуметтік-еңбек құқықтары мен Кәсіподақ мүшелерінің кәсіби қызығушылықтарын қорғау; ҚР еңбек Кодексі және ҚР кәсіподақтар туралы Заңы сақталуын бақылау; қызметкерлердің аттестациясына қатысу; жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысу; Кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, денсаулықтарын нығайту және бос уақыттарын ұйымдастыру; Кәсіподаққа қабылдау және Кәсіподақ мүшелерінің есебін ұйымдастыру; Кәсіподақ мүшелігінің мотивациясын арттыру бойынша ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыру; Кәсіподақ жұмысына Кәсіподақ мүшелерін тартуды қамтамасыз ететін жағдайларды туғызу;. Жұмыс бағыты: -Еңбекті қорғау және әлеуметтік сақтандыру; -Мәдени - бұқаралық жұмысы; -Спорттық сауықтыру жұмысы; -Көпшілікті ұйымдастыру жұмысы; -Әлеуметтік қорғау.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы N 4, 217-құжат (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басылымы) Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз. I-бөлім. Жалпы ережелер II-бөлім. Адам және азамат III-бөлім. Президент IV-бөлім. Парламент V-бөлім. Үкімет VI-бөлім. Конституциялық кеңес VII-бөлім. Соттар және сот төрелігі VIII-бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару IX-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер I бөлім ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық...
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 03.05.2005ж №1567 ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы ережелері) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 19, 225-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 5 мамыр N 94 Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 137-құжат). 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік...
Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар N 20-21; "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2007 ж., наурыз, N 9 Қолданушылар назарына! Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады. МАЗМҰНЫ РҚАО-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 52-баптың 1-тармағынан қараңыз. РҚАО-ның ескертпесі! 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 2011.12.28 N 524-IVЗаңына сәйкес Заңның бүкіл мәтіні бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі. 2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді. 2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда...
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат МАЗМҰНЫ Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "заң актілеріне", "заң актілерінде", "заң актілерімен" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында", "заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 N 354-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана...
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 қазандағы № 497-500 (26892); "Казахстанская правда" от 15.10.2011 г., № 330-331 (26721-26722); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17 (2594), 135-құжат Қолданушылар назарына! Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады. МАЗМҰНЫ РҚАО-ның ескертпесі! ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 25-баптан қараңыз. Осы Заң Қазақстан Республикасының ізін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рґлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын; 2) діни қызмет – діндарлардың...
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық тїзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 16, 152-құжат МАЗМҰНЫ Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық тїзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жїйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мїгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi жою және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi; 2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және...
Закон о Государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 11 (26413); "Казахстанская правда" от 15.01.2011 г., № 13-14 (26434-26435); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1 (2578), 1-құжат МАЗМҰНЫ Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері; 2) жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 Заңы "Егемен Қазақстан" 2004 жылғы 14 шілде N 176. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 95-қўжат МАЗМЎНЫ Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн анықтайды. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары; 2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы; 3) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жїзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жїйесi; 4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға бiлiм беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге...
Закон Республики Казахстан об образовании
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрлар даярлау нысаны; 2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны; 2-1) академиялық оралымдылық – оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру; 2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер)...
Ғылым туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Ғылым туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 25 ақпандағы № 59-61 (26463); "Казахстанская правда" от 23.02. 2011 г., № 66-67 (26487-26488); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4 (2581), 36-құжат Қолданушылар назарына! Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады. МАЗМҰНЫ РҚАО-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптанқараңыз. Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуінің және оны дамытудың негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындайды. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануды иеленетін рәсім; 2) ғалым - ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам; 3) ғылым - функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық...
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандаєы N 113 Заңы "Егеменді Қазақстан" 2000 жылғы 16 желтоқсан N 317-318 МАЗМҰНЫ Ескерту. Тақырып бойынша орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV(алєашқы ресми жарияланєан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша: «Жасөспірімдер үйлерінің», «Жасөспірімдер үйлерінде», «Жасөспірімдер үйлері», «Жасөспірімдер үйлерін», «Жасөспірімдер үйлерінен», «Жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздер тиісінше «жасөспірімдер үйлерінің», «жасөспірімдер үйлерінде», «жасөспірімдер үйлері», «жасөспірімдер үйлерін», «жасөспірімдер үйлерінен», «жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздермен; «18 жасқа», «жасы 23-ке», «23 жасқа», «16 жастан», «18 жастан» деген сөздер тиісінше «он сегіз жасқа», «жиырма үш жасқа», «он алты жастан», «он сегіз жастан» деген сөздермен; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; «білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «Білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «уәкілетті білім беру органы» деген сөздер тиісінше «білім беру саласындаєы уәкілетті орган», «Білім беру саласындаєы уәкілетті орган», «білім беру саласындаєы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР...
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 21 қаңтарда № 8287 тiркелдi "Егемен Қазақстан" 20.02.2013 ж. № 71 (28010); "Казахстанская правда" от 20.02.2013 г. № 63-64 (27337-27338) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн. 2. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментi (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым вице-министрi М.Ә. Әбеновке жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министрдiң мiндетiн атқарушы М. Орынханов Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекiтiлген Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн...
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты отандастар! Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз. 1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды. Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді. Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет...
«100 нақты қадам»
Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» 20 мамыр 2015 ж 11:00 Астана «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялайды. «100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ 1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс. 2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу. 4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші...
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін: Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2.Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін; 2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айкындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады. Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей...