ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы (1841-1889)             Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин ­­– қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.             Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды.            Мектеп 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім...
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың еңбектері мен ғылымдағы ізденістері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. «Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай...
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы(11 шілде (24 шілде) 1858-2 қазан 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ҚұнанбайдыңКүңкедеген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен...
Сенім телефоны
8(7182)34-00-20 Электрондық почта 22shool@mail.ru
Сүйенбай Бұқар
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен. Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”,...
Міржақып Дулатұлы
Міржақып Дулатұлы(1885—1935) — қазақтыңаса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ - Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?! Өмірбаяны Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысыныңЖанкелді ауданынақарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсітіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектепМіржақыптың білімін толықтырумен қатар, азаматретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалімұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариніргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғайқаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттерінеде ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің...
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...” Еңбектері 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады. 1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп...
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы(25 маусым1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз1938, Алматы) – Алаш қозғалысыныңқайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Өмірбаяны Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905– 1910жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаисекілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910– 1913жылдары Уфақаласындағы “Ғалия” медресесіндебілім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинментанысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912жылы Қазан қаласындағыКәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін...
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
          Қаныш (Ғабдулғани)Имантайұлы Сәтбаев геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик 1899 жылы12 сәуірдеБаянауыл ауданы, Павлодар облысында дүниеге келіп,1964 жылы31 қаңтарда Мәскеуде қайтыс болды.           Қ.И. Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым академиясы ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогениямектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.           Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды.           1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.           1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясынатүсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.           1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды....
Жүсіпбек Аймауытов
Аймауытов Жүсіпбек 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы Қызылтау ауылында дүниеге келді. 1931 жылы Мәскеу қаласында дүниеден өтті. Жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. Павлодарда орысша-қазақша екі кластық мектепті, Семей оқытушылар семинариясын бітірген. Аймауытов 1911-14 жылы ауылда мұғалім, 1919-1922 жылы Халық ағарту комиссариатында алқа мүшесі, Семей губерниялық оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы. 1922-1924 жылы Қарқаралыда мұғалім, 1924-1926 жылы «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер, 1926-1929 жылы Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарған. 1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұиқындалып, 1931 жылы атылған. Шығармашылық жолы 1910 жылы басталды. Педагогика, психология, әдістемелік, эстетикалық тәрбие туралы кітаптар жазды.  «Ақбілек», «Қартқожа» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комлексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми еңбекбектері сан-салалы талант иесінің қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалары. 1918-1919 жылы М. Әуезовпен бірге...
Бөкейхан Әлихан
Бөкейхан Әлихан өмірбаяны. Алаш арысы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы — аса көрнекті қоғам, ұлт-азаттық қозғалыстың және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғалым, аудармашы, публицист 1866 жылы 25 наурызда бұрынғы Семей облысы, Қарқалы уезі, Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірак ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы каласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды, 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны техник мамандығы бойынша бітіріп шыкты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялык институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Әлихан Бокейхан туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүріп кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдарға...
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Әлкей Хақанұлы Марғұланның өмір жолы (1904-1985)           Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 жылы мамырдың он бірінде Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы.             Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан.             Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы...
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынұлы(5 қыркүйек1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданыСарытүбекауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Өмірбаяны Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралықалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесіндежазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы(арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралыпетициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және...
Абай
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты. Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос...
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекет басшысының мақаласы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих...
Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалармен жұмыс
  Павлодар қаласы № 30 орта мектебінің тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша  іс-шаралар жоспары Отбасын қолдау қызметінің  жұмыс жоспары   «Павлодар қаласының №30 ЖОМ» ММ оқушылардың тамақтануының сапасы мен ұйымдастырылуын бақылау бойынша мектеп комиссиясының жұмыс жоспары
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша ақпараттық
БЕКIТЕМIН:                                                                       №6 ЖОМ  директоры                                                                             _______ С.Ж.Калиаскарова 2022 ж.        2022-2023 оқу жылына арналған «Рухани Жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары   № р/с Іс-шаралар атауы   Өткізу уақыты Жауаптылар 1 Мектеп мұражайында мектептің педагогикалық еңбек...
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде "Туған жер" жобасын жүзеге асыру жоспары
Іс-шара жоспары
E-government бұрышы
Мектебіміздегі E-government бұрышы   "Электрондық үкімет енгізу – бұл  мемлекеттік басқарудың  тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік  реформаның маңызды элементі." Н.Назарбаев Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге әлде қашан жеттік. Құрметті Ұстаздар, Оқушылар, Ата - аналар!!! Сіздерді электрондық үкімет порталын тиімді пайдалануға шақырамыз!!!
Дарынды балалармен жұмыс
План работы с одаренными детьми Кенжекольской СОШ 2019-2020 уч.год.   № Основные направления Сроки Ответственные Организационная работа 1.1 Корректировка плана работы с ОД. Август Зам. дир.  Джагапарова Е.М. 1.2 Семинар - практикум: «Умственная одаренность и ее психологические проявления. Склонности учителя к работе с ОД». Сентябрь Зам. дир.  Джагапарова Е.М Диагностическая работа 2.1 Подготовка диагностических материалов          (анкеты для родителей, тесты для учащихся, карты наблюдений и др.).   Сентябрь     В течение года Зам. дир.  Джагапарова Е.М 2.2 Изучение интересов и склонностей обучающихся: уточнение критериев всех видов одаренности. Классные руководители 2.3 Диагностика родителей и индивидуальные беседы....