Денсаулық күні
Жыл сайын біздің балабақшамызда «Денсаулық күніне» арналған іс-шаралар өткізіледі.
Бүгін дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі және жүзу нұсқаушысы «Денсаулық» флэшмобы мен кедергілері бар кросс ұйымдастырды.
Мерекеге балалар, ата-аналар және педагогтар қатысты. Балалар үшін бұл әрқашан қызықты және қуанышты сәттер. Жақсы көңіл-күй денсаулықтың кепілі екені бәріне мәлім. Кішігірім мерекеміз өте жарқын, көңілді өтті. Балалар мен ересектердің көңіл-күйін көтеріп тастады.