Сенім телефоны
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Мекенжайы: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі-15.00-17.00 Сәрсенбі-15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Менің отбасым
13-09-2017 04:22
Менің отбасым

№ 86 сәбилер бақшасында Ұлттық Отбасы

күнін өткізу бойынша ақпарат

     Ұлттық Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасына деген құнды қарым қатынасқа тәрбиелеу, отбасылық қарым-қатынастың жағымды тәжірибесін қалыптастыру, балабақша мен отбасы арасында табысты ынтымақтастықты орнату. Педагогтардың басты міндеттері: ынтымақтастықты нығайту және отбасымен жағымды қарым-қатынас шеңберін кеңейту, ата-аналарды балабақшаның тәрбие үрдісіне жұмылдыру, «ата-аналар — балалар — тәрбиеші» бірыңғай тәрбиелеу кеңістігін құру.
      Мереке флэш-мобпен ашылды. Аталмыш тақырыпқа байланысты «Отбасы адам өмірінде» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
     Тәрбиешілер «Менің отбасым — менің қорғаным», «Сенің отбасың — сенің арқа тұтарың», «Семь плюс Я», «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыптары бойынша әңгімелесулер өткізді. Әңгімелесу барысында балалар толық және жағымды отбасы және отбасында үнемі махаббат, мейірімділік, сыйластық, әр адамда туған отбасы болуы керектігі туралы білімдерін толықтырды. «Отбасылық мұрағаттан», «Отбасылық альбом» тақырыптары бойынша тұсаукесер конкурсы жарияланды. Бұл конкурсқа тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге белсенді қатысты, таңдаулы қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
      Топтар арасында «Менің отбасым — ең ғажайып отбасы», «Бақыттың жеті түсі» тақырыптары бойынша сурет конкурсы өтті.
      Тәрбиеші Л.П.Ващенко «Әке, ана және мен, спорттық отбасы» атты спорттық шара өткізді.
     Шараға ең спорттық және белсенді отбасылар қатысты және өздерінің қабілеттерін көрсетті. Отбасында махаббат, өзара түсінушілік, мейірімді қарым-қатынас болған жағдайда ғана бақытты және жеңімпаз болуға болатынын дәлелдеді.
Барлық шаралар әр адамның өмірінде отбасының мәнін ашып, барлық отбасы мүшелерінің жағымды қарым-қатынасын дамытуға көмектесіп, адамгершілікті, рухтандырушылықты нығайтуға мүмкіндік берді. 

Әдіскер Н.В.Полынцева