Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Павлодар қаласының «№10 сәбилер бақшасы» Даярлық тобының тәрбиешісі Торғын Құдайбергенқызы Хамитова Рухани тәрбие – салауатты қоғам негізі
29-03-2011 09:49

Рухани тәрбие – салауатты қоғам негізі

 

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халқымызда «Баланың жасында көргені, бүкіл өміріне азық болады» деген тұжырымдама бар. Балаға жастайынан тәлім беріп, болашағынан үміт күтіп, қоршаған ортасына ерекше мән беретіні айқын. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөздің мәні де арта түсуде. Бүгінгі күні 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық барысында 3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту басты мақсатты көздейді.

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу мәселесіне деген қызығушылық, оның өзектілігі ешқашан әлсіреген емес. 20-21 ғасырлар тоғысында елімізде болған әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы елеулі өзгерістер моральдық-адамгершілік құндылықтар мен қоғамдағы мінез-құлық нормаларына да өзгерістер алып келді.

Бала — ата-анасының, отбасының айнасы. "Ұяда не көрсең — ұшқанда соны ілесің" дегенді жиі айтамыз. Десекте, қазір сол айнаға қараған сайын жан ауыртар жағдайлар көп болып барады. Мұндайда "Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме" деген сөз еске түседі тағы.

 Қазіргі балаларға адамгершілік тәбие беруде келеңсіз жағдайлардың белең алып келе жатқандығы жасырын емес. Кітапқа деген қызығушылық күрт төмендеп, оның орнын теледидар экрандары басты. Ал ондағы ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлеріне адамгершілік  пен қайырымдылық тән деп айта алмайсың.  Балабақша жасындағы балаларға білім беруде ата-аналары көбінесе танымдық дамуға көбірек көңіл бөледі. Түрлі-түсті энциклопедиялар сатып әперіп, педагог-репетиторларға қосымша сабақтарға апарады. Ал отбасында бірігіп кітап оқып, туыс-бауырларына қолдан сыйлық даярлап, бірге ойнап, серуендеуге уақыттары жоқ. Ал сонда оларға адамгершілік сабақтарын кім беруге тиіс? Кім оларды қайырымды, шыншыл да әділ болуға үйретуі тиіс?

Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, адамгершілік сынды құнды қасиеттерді сіңіруде тәлім-тәрбиенің бесіктен кейінгі қасиетті ордасы – балабақша дер едім. Олай болса, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру сияқты ізгі істі балабақша тәрбиешілері атқарады деп ойлаймын. Және осы игі іске ата-аналарды да жұмылдыра алу тәрбиешінің басты парызы. Тәрбиеші тек балабақшадағы баланы ғана емес, оның ата-анасын да қоса тәрбиелеуді жүзеге асырады. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.

Жас баланың бойына руханияттың ұрығын сеуіп, адамгершілік құндылықтарды сіңірмейінше, елжандылық, ұлтжандылық сияқты сезімдерді дарыту мүмкін емес.

Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайшамейірімділіктіңнегізіқаланады, немқұрайдылықтыңпайдаболуына, құрбыларына, төңіректегіүлкендергеқалайболсасолайқарауғамүмкіндігіжасалмайды.

Қарапайымәдеттердітәрбиелейотырыппедагогбалдырғаннныңбарістішынпейілменәрісаналыатқаруынақолжеткізеді, яғнисыртқыұнамдымінездеріоныңішкіжандүниесін, оныңережегедегенкөзқарасынайқындайды.

Тәрбиеніңнегізгімақсаты- денісау, ұлттықсанасезіміоянған, руханиойлаудәрежесібиік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданымол, еңбекқор, іскер, бойындабасқадаигіқасиеттерқалыптасқанұрпақтәрбиелеу.

АтақтыпедагогСухомлинский:«Балакездеүшжастанонекіжасқадейінгіаралықтаәрадамөзініңруханидамуынақажеттінәрсеніңбәріндеертегіденалады.Ертегініңруханитәрбиелікмәнізор. Олбалағаруханиләззатберіп, қиялғақанатбітіретін, жасбаланыңрухыныңөсіпжетілуінеқажеттінәрсеніңмолқорыбарруханиазық», – депатапкөрсеткен.

Сондықтан да балабақшада өткізілетін әрбір ертеңгілік те, жекелеген сабақтар да ертегілер желісіне құрылғаны абзал. Әсіресе, теледидар экрандарына көретін агрессияшыл мультфильмдерге қарама-қарсы, халқымыздың қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлерін көбірек сөйлетіп, балалардың өзін сол кейіпкерлердің ішкі жан сезімін сезіне білуге үйрету сәбидің санасын да, жүрегін де баурап алары сөзсіз.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтыңнегізіндеадамныңмінез-құлқықалыптасады, ар-ұят, өзін-зібағалаужәнеадамгершіліксапаларыдамиды. Мұныңөзімейірімділікке, ізгіліккешақырады.Рухы биік, санасы сау ұрпақ тәрбиелейік десек, қазақ ертегілеріне, батырлар жырына жүгінсек, ұтпасақ ұтылмаймыз.

Осы орайда, қазақ ертегілерінің желісіне құрылған мультипликациялық фильмдер айналымға көптеп шығарылып, шетелдік сайқымазақ, жауыздықты насихаттайтын, кері энергетикаға толы мультфильмдерінің орнын басып, бірнеше телеарналар арқылы көрсетілсе жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан балапандарымыздың жүректері әлдеқайда нұрлы болар еді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақтәрбиесі— келешекқоғамтәрбиесі. Солкелешекқоғамиелерінжан-жақтыжетілген, ақыл-парасатымол, мәдени— ғылымиөрісіозықетіптәрбиелеу— біздіңдеқоғамалдындағыборышымыз.

ТөңіректентүңілгенсәттердеқолымызғаалыпжүгінетінАбайдыңоныншықарасөзіндебала, балатәрбиесітуралыайтылады. Абайдан артылтып кім айта білген. Сол оныншы сөзде... "Баланың жақсысы — қызық, жаманы күйік" делінген. Баламыз жанымызға күйік түсірмес үшін біз тәрбие деген тәңірді естен шығармауымыз керек.