Кюизенер таяқшалары – түстердегі сандар
Джордж Кюизенер (1891 – 1976) - белгиялық педагог, Кюизенер таяқшалар әдістеменің авторы.
Бастауыш сынып мұғалімі болып, көптеген жылдар бойы жұмыс істеген. Ол өзінің оқушыларына оқуда көмектесу үшін өте көп еңбек етті. Джордж Кюизенер түрлі – түсті ағаш таяқшалар жиынтығын ойлап тапты. Ол әдістің негізіне неміс педагогі Фридрих Фребельдің әдісі жатады. Кюизенер таяқшаларды арифметиканы оқытқанда пайдаланып, әдістің тиімді екенін байқады.
Бұл әдіс әмбебап. Оны пайдалану басқа әдіске қайшы келмейді, сондықтан оны жеке де қолдануға болады, соңымен қатар басқа да әдістермен бірге, оларды толықтыра отырып қолдануға болады.
Кюизенер таяқшаларды қарапайым және түсінікті, олармен жұмысты сәбилер ойын ретінде қабылдайды.
Өзектілігі: қол моторикасын дамытады, қисынды ойлау қабілетін дамытады, бүтінді бөлікке және объектіні шартты өлшеуішпен өлшеуге, ұжымдық жаттығумен алмастыру, ойын түрінде, кіші топта түстерді тиянақтау.
Кюизенер таяқшалары
Жинақ 10 түрлі - түсті және көлемді кезейінпризмалардантұрады. Ең кішкентай призма - 10 мм-ден тұратын текше болады.
Жиынтық құрамына кіреді:
ақ - 1 саны - 25 дана,
қызғылт- 2 саны - 20 дана,
көгілдір – 3 саны - 16 дана,
қызыл– 4 саны - 12 дана,
сары– 5 саны - 10 дана,
күлгін– 6 саны - 9 дана,
қара– 7 саны - 8 дана,
қызыл күрең– 8 саны - 7 дана,
көк– 9 саны - 5 дана,
тоқсары– 10 саны - 4 дана.