Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
2023 - 2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АТА- АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2023 – 2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АТА –АНАЛАРМЕН

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

р/с

Мазмұны

Түрі

Мақсаты

Мерзімі

Жауапты

1

«Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттері »

Ата-аналар жиналысы №1

1.МДҰ 2023-2024 жаңа оқу жылының жұмыс жоспарымен танысу және бекіту.

2.Ата-аналар комитетін сайлау.

Қыркүйек

Басшы,

әдіскерлер

 

 

 

 

 

 

2

«Балабақша және мен, менің балам»

Сауалнама

Бала және оның отбасы туралы алғашқы ақпарат алу және сараптау

 

 

Барлық жас шамалық топтәрбиешілері

3

Ата-аналар бұрышы

Ақпараттық бұрыш

Ата-аналарға педагогикалық білім тарату. Ата-аналардың назарын балабақшада бала оқыту және тәрбиелеу үдерісіне белсендіру

 

Тәрбиешілер

4

«Отбасы-балабақша»

 

Кеңес

 

Тәрбиешілер

Кіші,

Орта жас,

 Ересек, Мектепалды

 топтарының

5

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту.

Кеңес

Балаларда дұрыс сөйлеу тілін тәрбиелеудегі ата – аналарға көмек.

Логопед

6

«Балалардың балабақшаға бейімделуіндегі ата-ананың ролі »

 

Кеңес

Ата-аналарды балалардың бойында болатын психологиялық өзгерістер, мінезіндегі қиындықтармен таныстыру және оларды шешу бойынша жүргізілетін жұмыстармен таныстыру

Қазан

Психолог

7

«Күз сыйы 2023»

Көрме

Балалар еңбегін бағалау, бау-бақша маусымын қортындылау

 

 

Тәрбиешілер, ән – күй жетекшісі

8

«Біз ойнайтын ойындар»

Дидактикалық ойындар сайысы

Ата-аналарға бала тілін дамытуға көмек беру.

 

Қараша

Шығармашылық топ

 

9

«Біз қалай бейімделдік?» (кіші топтары)

Ата – аналар

Жиналысы № 2

Балалар балабақшаға бейімделу бойынша ата-аналармен бөлісу

Желтоқсан

 

 

Барлық жас шамалық топ тәрбиешілерімен педагогтары

10

«Саусақпен ойнаймыз»

Дидактикалық ойындар сайысы

Балалардың қол маторикасын дамытуға көмек беру

Ортаңғы топтарының тәрбиешілері

 

11

«Сөйлесуге үйрену үшін, сөйлесу керек»

Кеңес

Балалар дұрыс ана тілінде сөйлеуінің ата – аналарға көмек

Ересек топтарының тәрбиешілері

12

«Қыс қызығы»

Көрме

Балабақшаны мерекелік безендіруге қатысу

Шығармашылық топ

13

Қардан  жасалған құрылыс.

Қысқы саяжай сайысы

Балалардың қысқы ойын әрекеттерін түрлендіру

 

Қаңтар

Шығармашылық топ

14

«Дастархандағы дәрумендер»,  «Дені саудың- жаны сау»

Жоба әрекеті

Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде сабақтастықты орнату.

Ортаңғы, Ересек, Мектепалды топтарының тәрбиешілері

15

«Біз ойнайтын ойындар»

Дидактикалық ойындар сайысы

Ата-аналарға бала тілін дамытуға көмек беру.

 

Ақпан

 

Шығармашылық топ

 

16

Фото стенд: «Балабақшада біз не

істейміз?»

 

Көрме

Балалардың жетістіктерін ата – аналарымен бөлісу.

Барлық жас шамалық топтәрбиешілері

17

«Ұлттық ойындар».

Спорттық сайыс.

Ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау

Тәрбиешілер

18

« Сіз өз балаңызбен әңгімелесе білесіз бе? »

Сауалнама

 Отбасындағы қарым- қатынасты

анықтау арқылы, ақпарат жинап ,ата –аналарға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жолдарын бірлесе отырып анықтауға,жағдайды түзетуге ,отбасалық тәрбие мәдениетін көтеруге бағыт жасау. 

Наурыз

Топтарының

тәрбиешілері

 

19

«Сүйікті анашыма сыйлық»

Көрме

8 наурыз мейрамына, аналар күніне  ата – аналарды қатыстыру.

Шығармашылық топ

20

 

«Наурыз нақыштар»

Көрме

Ата-аналар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, наурыз мейрамына безендіру жұмыстарына қатынастыру

 

Шығармашылық топ

21

«Бағдаршам – біздің досымыз»

           Қеңес

 Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан  түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.

Сәуір

 

Тәрбиешілер

22

«Біз салауатты өмір салты туралы не  білеміз?»

Сауалнама

Ата – аналарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру

Тәрбиешілер

23

 

 

24

«Отбасылық серуенді ұйымдастыру»

 

«Құстарға қаморқор жасайық»

Кеңес

 

 

Көрме

Ата-аналардың балалармен серуенін мазмұнды және тиімді жүргізуіне көмек көрсету

Балаларды тірі табиғатты аялауды, құстарға қамқорлық жасауды  тәрбиелеу 

Тәрбиешілер

 

 

Тәрбиешілер

Шығармашылық топ

25

«Біз бір жылдың  ішінде не үйрендік?»

Ата-аналар жиналысы №3

Өткен жылдың отбасымен әрекетіндегі үздік іс шараларды,оқу жылынажұмысын  корытындылау.

Мамыр

 

Барлық жас шамалық топ тәрбиешілері

26

«Әкем менің жан досым»

Сурет көрмесі

Балабақша ұжымының отбасындағы әке тәрбиесінің маңыздылығын айқындауы

 

Шығармашылық топ

27

«Біз не білеміз?»

Сауалнама

Өткен жылдың отбасымен әрекетіндегі үздік іс шараларды анықтау, ата-аналардың оқу-тәрбиелеу үдерісіне қатысты көзқарасын анықтау, жаңа оқу жылына ата-аналармен жұмыс мазмұнын анықтау.

 

Әдістемелік бірлестік

28

«Жазғы демалысты қалай ұйымдастыру керек ?»

Кеңес

Ата-аналардың жаз кезінде балалардың  сауықтыру-шынықтыру түрлерімен таныстыру.

Мамыр

Тәрбиешілер

29

 

«Біздің әсем саяжай»

 

Байқау

Ата-аналардың баланың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысын белсендіру; Балабақша мен ата-аналар арасындағы шығармашылық әрекетті дамыту.

 

Маусым

Тәрбиешілер

 

30

«Бау-бақтағы дәрумендер»

Кеңес

Ата-аналардың жаз кезінде балалардың тамақтануын дәрумендендіру бойынша білімдерін кеңейту

Шілде

Тәрбиешілер

 

«Алтын күз»

Ойын сауықтардың  өту кестесі

 

Күні

Уақыты

Тобы

      Жаупты

 

 

 

 

18.10.23

 

 

9.00

Ересек топ

«Ақ желкен»

Үсен А.А.

Нурмагамбетова С.С.

 

9.30

Ересек топ

 «Күншуақ»

Үсен А.А.

Жайықпаева Ж.Е.

 

10.00

Ересек топ «Балдаурен»

Үсен А.А.

Абдиюсупова Б.Х.

19.10.23

 

 

9.00

Мектепалды топ

«Моншақтар»

Гостищева Т.Л.

Мадиева А.Б.

 

9.30

Мектепалды топ «Бүлдіршін»

Гостищева Т.Л.

Хамитова Т.Қ.

 

10.00

Мектепалды топ «Көбелек»

Гостищева Т.Л.

Ашимова Д.Ж.

 

10.30

Мектепалды топ

«Гүлдер»

Гостищева Т.Л.

Жуманова Қ.Ж.

 

 

20.10.23

 

9.00

Орта жас топ

«Жұлдыздар»

Үсен А.А.

Умралиева С.К.

 

9.25

Орта жас топ

«Айгөлек»

Үсен А.А.

Смагулова Г.Х.

 

24.10.23

 

16.00

Орта жас топ

«Балапан»

Гостищева Т.Л.

Кустаубаева А.К.

 

16.30

Орта жас топ

«Еркетай»

Гостищева Т.Л.

Жанбауова А.И.

 

«Қош келдің Жаңа Жыл»

Ертеңгіліктердің өту кестесі

Күні

Уақыты

Тобы

      Жаупты

 

 

 

25.12.2023

 

9.00

Кіші топ

«Зерек»

Үсен А.А.

Камалиденова Г.А.

 

9.30

Кіші топ

«Қарлығаш»

Үсен А.А.

Аязбаева Г.Қ.

 

10.00

Кіші топ

«Балдырған»

Үсен А.А.

Абуова Н.А.

26.12.2023

9.00

Орта жас топ

«Балапан»

Гостищева Т.Л.

Кустаубаева А.К.

9.30

Орта жас топ

«Еркетай»

Гостищева Т.Л.

Токтаганова А.Б.

10.00

Орта жас топ

«Жұлдыздар»

Үсен А.А.

Умралиева С.К.

10.30

Орта жас топ

«Айгөлек»

Үсен А.А.

Нурахметова Н.Қ.

 

 

 

27.12.2023

 

9.00

Ересек топ

«Ақ желкен»

Үсен А.А.

Нурмагамбетова С.С.

 

9.35

Ересек топ

 «Күншуақ»

Үсен А.А.

Жайықпаева Ж.Е.

10.10

Ересек топ «Балдаурен»

Үсен А.А.

Абдиюсупова Б.Х.

 

 

 

28.12.2023

 

9.00

Мектепалды топ

«Моншақтар»

Гостищева Т.Л.

Мадиева А.Б.

 

9.30

Мектепалды топ «Бүлдіршін»

Гостищева Т.Л.

Хамитова Т.Қ.

 

10.00

Мектепалды топ «Көбелек»

Гостищева Т.Л.

Ашимова Д.Ж.

 

10.30

Мектепалды топ

«Гүлдер»

Гостищева Т.Л.

Жуманова Қ.Ж.

 

Қауіпқа Назар аударыныз!!!

 

 

Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда болады. Электр  құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және  басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді  білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.

Қауіпсіздік ережелерін  сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне  әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:  

- 2001-2002 жылдары  Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған; 

- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;  

- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты.  Нәтижесінде, баланың екі қолын  бірдей ампутациялауға тура келген;

- 2018 жыл. қыркүйек Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып жаланаш токөткізгіш элементергетиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды. 

Сонымен үзілді-кесілді:

  • Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
  • Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
  • Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
  • Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды; 
  • Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
  • Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
  • Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер тығуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
  • Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қауіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
  • Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электрқұралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штепсель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
  • Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақтай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
  • Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін; 
  • Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
  • Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (керамикалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастархан) қауіпсіз қашық жерге  орнату қажет. 

Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.Мектепке дейінгі білім берудің инновациялық моделі заманауи талаптардың контекстінде.

 

( Павлодар қаласының №10 сәбилер бақшасының жұмыс тәжірибесінен)

        Бүгінгі күні өзгермелі даму үстіндегі заман талаптарына сәйкес  оқыту және тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, оның сапасы мен тиімділігін  жоғарылату,  баланың әлеуеттік қабылеттерін ашу үшін, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қойылатын талаптары жоғары. Балалардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың маңызы ерекше.

      Осы мәселелерді жүзеге асыру білім беруді жаңарту жағдайында ғана мүмкін болып табылады. Бұл бәрінен бұрын білім беру үрдістерін дұрыс сараптау,  сапасын жоғарлатуға мүмкіндік  беруге жүйелі тұрғыдан  келу және жаңа педагогтік технологияларды дұрыс пайдалану.

Біздің педагогтік ұжымымыздың негізгі жұмыс істеу мақсаты - әр баланың эмоциялық жайлы көңіл-күйін қамтамасыз ету, жұмыс жүйесін жасау және осы базада оның рухани, шығармашылық әлеуетін дамыту.  Балалар бақшасында денсаулықты қорғау – білім беру кеңістігі құрылған. Дамыту кеңістігіне мына бағыттар еңгізілген: балалардың дене бітімдерін, танымдық – сөйлеуін, көркемдік – эстетикалық талғамдарын және әлеуметтік жеке – дара тұлғаны дамыту.

   Балалар бақшасының жағдайы осы аталған мақсатты жүзеге асыруға сәйкес келеді, бұл – медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет көрсетулер,  спорт алаңы, суда жүзу бассейні, құрғақ бассейн, хореография, спорт және музыка залдары, интерактивтік тақтасы бар компьютер сыныбы, бейнелеу өнері кабинеті, өзін – өзі  тану, ағылшын тілі, психологтің кабинеттері және мұражай еңгізілген.

Жұмысымызда, ұйымдастыру іс- әрекеттінде жаңа технологиялар еңгізілген: балалардың танымдық тілдерін дамытуды модельдеу технологиясы, Дьенештің логикалық блоктары, Кюизенердің дамыту таяқшалары, Воскобович пішіндері, би билеу іс-әрекеттеріндегі ритмикалық пластика, Өнертапқыш тапсырмаларды  шешу    технологиялары.

  Психолог мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін,  қолдың ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған бағдарламаның әзірлемесін жасады. Жұмыста қолданылатын арт-терапияның, құм терапиясының, ертегі терапиясы элементтерінің тәсілдері психикаға қатысты үрдістерді түзетуге көмегін тигізеді.

Логопед – маман  компьютерлік жаттықтыру ойындарын тиімді пайдалануда, бұл дыбыстарды түзету жұмыстарына тиімді ықпал жасайды.

Денсаулықты қорғау технологияларыдатабысты түрде  қолданамыз. Әртүрлі мақсатты бағыттағы компьютерлік бағдарламаларды: «Сауат ашу», «Әліппе», «Сандар», «Мен санаймын», «Көңілді әліппе» пайдалану оқудың және санаудың дағдыларын қызығушылықпен қолдануға  мүмкіндік береді. Бала өзінің жас ерекшелігіне қарай сабақ оқу – үйрену жағдайында, толық эмоциялық күш – қуат алады. 

Барлық жағдайларда үш тілде коммуникативтік іс – әрекеттерді жүзеге асыруға  қабілетті, әлемдік көп мәдениеттілікті жақсы танып білген жеке тұлғаны дамыту қажет.

 Осы аталған бағытты жүзеге асыру үшін біз балаларға ағылшын тілін оқытудың бағдарламасын әзірледік, алған білімді бекітуге ықпал жасаушы мультимедиялық тапсырмалардың жинағын жасадық. Ойындар ойнау және театрландырылған жобалар жүзеге асырылды, мұнда балалар әртүрлі жағдайларды ойнай отырып, ағылшын тілінде заттарды атауды, диалог жүргізуді, қысқа әңгімелер құрастыруды үйренеді.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Тұжырымдамасында тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің арасында азаматтық жауапкершілікті, рухани – адамгершілікті,  мәдениеттілікті қалыптастыру көрсетілген.

Сәбилер бақшасында өзін-өзі тану «Балбөбек» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша зерттеу тәжірибесі жүргізілуде, бұл арқылы біз балаларды шын мәнінде нағыз адам болуға, айналаны қоршаған әлеммен және өз-өзімен үйлесімді өмір сүруге үйретеміз. Осы бағыттағы жұмыстардың түрлері: педагогтік қонақжай, аналар клубы, ата – аналар консилиумы және педагогтік ұжымының өзара қарым – қатынас жасау тиімділігін жоғарылатуға ықпал жасайды.

Балабақшада мектепке дейінгі мекемеге қатыспайтын балаларға және ата-аналарға арналған ақыл – кеңес беру пункті ашылды.

         Инновациялық жұмыс жүйесін жүргізетін кәсіби  біліктілігі  жоғары және бірінші санатты педагогтар.

Педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін жоғарылату мақсатында әдістемелік жұмыстардың әртүрлі үлгілері және тәсілдері пайдалануда. Әдістемелік қызмет көрсетулердің моделі құрылған. Педагогтар кәсіби шеберліктің көрсеткіштері бойынша «Жылдың ең үздік тәрбиешісі», «Мектепке дейінгі ең үздік вариативтік бағдарлама», «Инновациялық технологиялар» конкурстарының жүлдегерлері болды.

Балабақшамыз облыстық инновациялық орталығы болып  мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтарға «Шебер – сыныптар» көрсетіп, іс-тәжірибелермен бөліседі. Педагогтармен авторлық бағдарламалар әзірленді.

Біздің тәрбиеленушілеріміз балалар шығармашылығының «Рауан», «Бүлдіршін» сайыстарының лауреаттары, «Мен әлемді суреттеймін» атты  конкурсының, Халықаралық эстрада вокалының және би өнерінің «New star» конкурстарының жүлдегерлері болып табылады, республикалық «Би Бала» хореографиялық – би өнері сайысының бас жүлдесі – Гран-Придің жеңімпаздары атағының иегерлері.  Қызығушылығы мол балаларға арналған республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының, облыстық «Жауқазын» зияткерлік олимпиадасының, Халықаралық «ПОНИ» конкурсының жүлделерін  жылдан жылға жеңіп алуда.  Лауреат атанған балалар саны – 230.

Біздің мектепке дейінгі мекемемізде іргетасы қаланған білім бастауы тәрбиеленушілерімізге көркемсурет, музыка мектептерінде, білім дамыту орталықтарында өздерінің шығармашылық әлеуеттерін дамытуды одан әрі  жалғастыруға мүмкіндік береді. Жылдан жылға мектептегі гимназиялық сыныптарға баратын балалар саны -70 %-ды  құрайды. 

Дамыту Бағдарламасының негізіне қойылған біздің стратегиямыз, білім беру – тәрбиелеу үрдісінің сапасы бойынша жұмыстарда биік табыстарға жетуге, ал тәрбиеленуші балаларға мектепте оқуға,  болашақта сапалы  білім алуды  жалғастыруға жақсы мүмкіндік береді.                                                                                        

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА  РАХМЕТ!!!

  
   **********************

     "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу шеңберінде "Отбасы. kz"  порталының құрылғанын жеке белсенді жұмыс жасайтыны туралы мәлімдейді.

        Осы порталында ата-аналар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы өзекті ақпаратпен таныса алады, өз балаларын  дамыту мен тәрбиелеуде қызығушылық тудырған сұрақтар бойынша тәжірибе, пікір алмаса алады. Сондай-ақ, "жеке кабинет" ашып, өз материалдарын орналастыра алады.

       Сіздерден  ата -аналарға тіркелуге және "жеке кабинет" ашуға көмек көрсетуді өтінеміз.

Амалдардың реті қарапайым:

  1. "Отбасы. kz"  сайтына кіру (назар аударыңыз - Отбасы - кирилицамен жазылады).
  2. "Жеке кабинет" айдарын ашу.
  3. Логин, құпия сөз, Т.А.Ә., Е-маил, телефон толтыру.
  4. Мекен-жайы, баланың жасы, тіл.
  5. Тіркелу.

          ********************************
 

Құрметті ата-аналар!

Білім беру бөлімінің сенім телефоны - 321937

Электрондық адрес:  bilim-pavlodar.gov.kz

***********************************

№ 10 сәбилер бақшасының  сенім телефоны - 655610

Электрондық адрес: balabaksha_10@mail.ru

  жұмыс істейді.

                              ***************************************************