«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек».
Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке дейінгі мекемеде ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Заман талабы бізді алға жетелеп қана қоймай, сол талаппен кедергілерді жеңіп, белестерді бағындырып, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру болып табылады. Бізге алға қадам басу үшін түрлі жолдар айқара ашық тұр. Ол үшін жолымызды дұрыс таңдай білуіміз керек.
Елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық саланың бірі – робототехника. Адамның қолы жетпеген жерге ойы жетеді. Мұның дәлелі – бүгінгі заманауи роботтар. Адамзат баласы өзінің қолынан келмейтін көп шаруаны осы құрылғылар арқылы игеріп жатқаны көңіл қуантады.
Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді.
Балалар жұмыстарының барысында әртүрлі роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады.
Өзім қызмет жасайтын бақшада жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Бақша кабинетінде компьютерлер, Lego Wedo 2.0, проэктор, тақта орнатылған. Сондықтан, әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы балаларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз. Балалар жұмыстарының барысында әртүрлі роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Бағдарлама мектепалды даярлық топтарға жылына 36 сағат, ересек топтарға 18 сағат құрылған. Бұл бағдарлама 4 пен 6 жас аралығындағы балаларға арналған. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Балалар 2немесе 3адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Нәтижесінде балалар өз жобаларын жүзеге асыра алады.
Мақсаты:
Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды, сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
- Балалардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Lego Wedo 2.0 бағдарламасымен танысу;
- Lego Wedo 2.0 бөлшектерін танып білу;
- Lego Wedo 2.0 блоктарын ажырату;
- Балалардың сыни ойлау дағдыларын арттыру;
- Бағдарламаны үйрету арқылы балалардың танымдық, біліктілік қабілетттерін дамыту;
- Балалардың компьютерлік тышқанмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру;
- Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту;
Қойлатын талаптар:
- Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;
- Топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалау;
- Ұйымдастыру формасы:ойын, роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға, топтық және жұптық жобалар жасау, жарыстар,топтық жұмыстарды жасау;
- Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойларды пайдалану;
- Құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану арқылы балалардың саусақтарының ұсақ қимылдарын дамыту;
Пән аралық байланыс:
- Математика
- Тіл дамыту
- Құрастыру
- Информатика
- Логика
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Балаларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Балалар қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. МақаланыЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».