Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
КАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚ ,БІРЛІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ .
29-04-2011 11:24

КАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚ ,БІРЛІК

КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

МУЗЫКАЛЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ .     2011 ж.

 

    Қазақстан елінде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, немістер, украиндар, молдавандар, грузиндер, өзбектер, түркімендер, ұйғырлар  және тағы басқа ұлттар. Бұл ұлттардың өздерінің киімдері, тағамдары, ойындары, дәстүрлері бар. Біздің елде бейбітшілік болу үшін біз бір – бірімізбен тату өмір сүруіміз керек. Сондықтан 1 – МАМЫР КҮНІ  барлық ұлттар бір алаңда  жиналып достық мерекесін тойлайды.

    28 сәуір күні  №10 сәбилер бақшасында  «Естияр» топтар арасында  1-МАМЫР - ДОСТЫҚ КҮНІне арналған  музыкалық ойын-сауық мерекесі өткізілді.

Бұл мерекеде балалар ДОСТЫҚ  поездына отырып саяхатқа шықты. Поезд 5 аялдамадан өтіп, әр аялдамада берілген тапсырмаларын орындау керек болды. Осы мерекеде балалар ә түрлі  ұлттық киімдерді  киіп, өлендер, мақал-мәтелдер, әндер айтты. Қызықты да мағыналы ойындар ойналды; атап айтканда: украин ұлттық ойыны «Өз үйіңді тап», азербайжан ұлттық ойыны «Темір тордағы құстар» , орыс халық ойыны «Каравай», эстон халық ойыны «Теңіз толқиды».

Мереке соңында тәрбиешілер балаларға  ақ тілектерін білдірді. Ойын-сауық мейрамын әр түрлі музыка фонограммасы әрлендірді. Мереке өте қызықты да көңілді өтіп, балалардың көңілінен шықты!

                                                                               

                                                                          

                                                                                      Қ. Аманжолов

Май келеді.

 

Май келеді, май келеді, шық тысқа!

Қып – қызыл күн дөңгеледі шығыста

Көк аланда қонды қызыл жалаулар,

Бұл өлкенің таңы  қандай арайлы!

Адам түгіл, тас күлімдеп қарайды.

Алып завод беріп таңның хабарын,

Шымырлатты жан жүйесін қаланың.

Алтын кірпік, дөнгелек көз күлімдеп,

Май келеді! Желкілдейді көк желек.