Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Ұрпақ тәрбиесіндегі ана тілі.
29-04-2011 11:37

                                                     Ұрпақ тәрбиесіндегі   ана тілі.

Бала тәрбиесі зор адамгершілік  пен шыдамдылықты талап етеді. Кез – келген ата - ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал  жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке  дейінгі  мекемеге, яғни  балабақшаға  беруге  тырысады.

Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы  тәрбиенің айырмашылығы бар. балабақшада  балалар өз құрбы – құрдастармен  араласып, ойын ойнайды, тәртіпке үйренеді. Балабақшадағы балаға берілетін білім, оқу – тәрбие үрдісі – барлығы ойын арқылы жүзеге  асады. Ойын процесінде сөйлеу қарым – қатынасы үлкен  рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар әсерленіп, пікір алысады. Ойын  үстіндегі  бала тіліне  үнемі назар  салып, қадағалап отыру және өз ана тілінде сөйлеуіне бағыт – бағдар беріп отыру керек.

Ұлы Абай  атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғада, бірінші  - ата – анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші- құрбысынан», - деген екен.

Ата –анасы ана тілінде сөйлеген отбасындағы  балалар таза сөйлеп , ойын еркін жеткізе алады. Ал, отбасында  үлкендердің орыс тілінде сөйлеуі, баланы екі ортада қалдырады.

Ал, екінші мінез ұстазынан жұғады дегендей, педагог – тәрбиеші өзі тілін жетік  білсе, бала ұлттық педагогика негіздінде тәрбиеленеді.

Ана  тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп, Қ. Мырза –Әлі ағамыз айтқандай,

кез – келген  өрниетті елде көп  тіл білу жақсы дамыған. Бірақ, өз ана тілінде сөйлеубасты мақсаттардың бірі.     

Біздің  №10 сәбилер бақшасында да бала тәрбиесіне қомақты өз  үлесін қосып, болашақ ұрпақтың таза және  дұрыс  сөйлей білуін қадағалап жүрген тіл жанашылары бар. Мысалы, жоғары санатты педагог – тәрбиеші Торғын Құдайбергенқызы  Хамитова өзінің даярлық   тобындағы тәрбиеленушілеріне де, жас мамандарға да үнемі бағыт – бағдар беріп, ақыл кеңесін айтып отырады. Сонымен қатар, Жангүл Жаңбырбайқызы, Сара Жұмкенқызы, Ләззат Серікқызы, Жұмазиа Қаппарқызы  сияқты педагог – тәрбиешілер да балалардың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгерту  үшін ойын – қойылым түрінде өткізген ашық сабақтары өтте сәтті шықты.

Ағымдағы оқу жылында  ашылған 2 «Ә» сәбилер тобының бүлдіршіндерінің де ана тіліндн ауызекі сөйлеп, тілдері дамуына ықпал етіп келеміз. Алғашқы кезенде жаңа  ортаға үйрене алмай, ата- анасынан айырлмай, орысша шүлдірлеп жүрген  сәбилер қазір шамалары келгенше балғын, тәтті тілдерімен ана тілінде сөйлеуге тырысып  жүргенін көргенде ішің жылиды. Бұған  ата- аналар да ризашылықт арын білдіруде.

Қазақ тілім, ана тілім деп намысымызды көкке көтеруге сіз болып,  біз болып атсалысуымыз керек. Әрбір қазақ  баласы  өз отбасында қазақ  тілінде сөйлеуге  дағдыланса, одан тәлім – тәрбие алатын бала да  тез  меңгеріп, үйренеді деп ойлаймын.

Сондықтан, баланың ана  тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді осы кезден бастап қолға алсақ, оның болашақ өміріне қажетті  дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз. Баланы  жас кезінен  неге  баулысақ, олар өскен  соң жемісін  солай береді. Ендеше, балаға дұрыс жан – жақты тәрбие беруге  көп  көңіл  бөлген жөн.

 

                                                         Ж.Қ. Жұнұсова.