№ 10 сәбилер балабақшасының тәрбиеленушісі Алан Боранбаевты спорттық жеңісімен құттықтаймыз!
«Балдырған спортшыларға құрмет!»
Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасында спорттың ерекше өнері каратэ түрінен қосымша үйірме жұмыс істейді. Ата – аналар балаларын үлкен ынтамен сенім артып үйірмеге қатысуға келісімдерін берді.
2011 жылдың 6 мамырында Петропавлск қаласында ұлы Жеңіс күні мерекесінің 66 жылдығына арналған спорттық дәстүрлі турнир өткізілді. Біздің №10 балабақшадан бұл жарысқа даярлық топтарынан 8 бала қатысты.
Балалар каратэ спорт түрінен өздерінің өнерін көрсетті. Қатысушылардың арасында Боранбаев Аланның көрсеткіші ерекше болып, жарыстың қорытындысы бойынша ол II орынды иемденді, мойынына күміс алқа тақты. ( салмағы – 20 кг.) Ал Кириченко Данил IV орынға ие болды. Спорттың осы ерекше түрін балалардың бойына сіңіріп, үйретуші – жаттықтырушы Османов Исмаил Атаншахұлына ерекше алғыс айтамыз. Балабақшаның осы балалары таяу арада Теміртау қаласында өткізілетін республикалық сайысқа аттанады.
Сәттілік тілейміз!