Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Қош бол, балабақша.
27-05-2011 03:31

Қош бол, балабақша.

 

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді – демекші,  Павлодар қаласының №10 сәбилер бақшасы 2011 жылғы 26 мамырда даярлық топтарының балабақшамен қоштасу ертеңгілігін  өткізді.

Ертеңгілік өте қызықты және көңілді, тартымды  өтті деп айтуға болады. Балалардың жүздерінен шат көңіл де, сонымен қатар мұңаю да  байқалады.

Шат көңіл дейтініміз  мерекеге балалардың  көңіл күйін көтеруде «екілік», «білгіш қыз» сияқты кейіпкерлер қатысты, балалар ән айтып би биледі.       Ал мұңаю дейтініміз –  бұл балалардың бақшадағы ең соңғы мерекесі, балабақшаға ақырғы күн келулері.

Осындай көңіл күй  ата-аналардың да  жүздерінен байқалған сияқты.

Сонымен бірге осы мерекеге 2 сәбилер тобының ұл -  қыздары келіп   балабақша түлектерін  құттыктады және отырған қауымды өз өнерлерін көрсетіп қуантты.

Балбақша директоры Ботагөз Қайыржанқызы балаларды құттықтап қолдарына алғаш дипломдарын ұсынды.

Мереке соңында  балалардың ата-аналары ізгі тіліктерін білдіріп, ақ жаулықты әжелеріміз ақ батасын беріп, шашумен балабақша  түлектерін мектепке шығарып салды.