Астана күніне арналған спорттық сайыс
Павлодар қаласының 10 сәбилер бақшасында, 6-шілде күні Қазақстан мемлекетінің астанасы-«Астана» қаласының күніне арналған «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайыс өткізілді. Бұл мерекеге ата-аналар жақсы ат салысып, белсенді қатысты. Спорттық сайыс Ересек «А», «Ә» топтарының арасында өтті. Сайысқа «Күн» және «Жұлдыз» топтары қатысты.
Ересек «А» тобынан:
1. Файзулла Исламбек.
2. Кабимулла Адиль.
3. Амангелді Ерасыл.
4. Махамбетов Әділ.
Ересек «Ә» тобынан:
1. Әскерғали Малика.
2. Флейшман Аня.
3. Солтангазинов Даниял.
4. Коздняков Кирилл және ата-аналарымен қатысты.
Сайысты дене шынықтыру нұсқаушысы Құрманғазинов Серік Ағыбайұлы өткізді.
Сайысты бастамас бұрын топ басшысы сайланып, алға қойған ұрандарын кідірмей айтып шықты. Әр топтың өз эмблемалары, атрибудтары болды, ұйымдастыру кезеңі де жақсы болды: «Қолжалғау таяғымен жүру», «Ойын эшелоны», «Допты беру және алу толқыны», «Такси», «Хоппен секіріп есеп шығару», «Қаппен секіру» атты өте қызықты сайыстар өткізілді.
Балалар өте белсенді қатысып, бірінші келуге ұмтылды. Әділ-қазылар алқасы жеңімпазды атап, екі топтың бағасын берді. «Жұлдіз» тобы жеңіп шығып мақтау қағазымен марапатталды.