Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Ең үздік жыл балабақшасы
26-08-2011 12:12

Барлығы болашақ ұрпақ үшін.

 

 2007 жылы Павлодар қаласының Усолка мөлтек ауданында  №10 сәбилер бақшасы  тәрбиеленушілеріне  өз  есігін айқара ашқан болатын.

 Барлық талаптарға сай заманауи үлгіде салынған бұл мекеменің салынғаны жуырда ғана сияқты болғанымен, биыл оған 3,5 жыл болыпты. Барлық жағдайы жасалған білім және тәрбие ошағына зор қызығушылық танытып, еліміздің атақты адамдары да келді.

  Біздің ұжым 2007 жылдың  сәбилер бақшасына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ресми сапармен қонақта болғанын мақтан етеді.

 Бұл барлық ұжым мүшелерінің жақсы жұмыс жасауына рух беріп, қанаттандырады.

 Тәрбиешілер күн сайын сәбилерді  жылы  шыраймен  қарсы  алады. Жаңа келген сәбилердің тез көндігіп кетуі және білім алуы үшін үй жағдайының атмосферасы қалыптасқан.

 Аз уақыт ішінде олар жұмыстарын дұрыс жолға қойып, өздерінің қол жеткен жетістіктерін көрсете білді. Шығармашылықпен айналысып, авторлық бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын жас педагогтар бар.

« Дені саудың – жаны сау» -дегендей, сәбилер бақшасының қызметкерлері бала денсаулығын нығайту жолында үлкен жұмыс атқарып келеді. Бала денсаулығын қадағалау – мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамытудың әлуеттік мүмкіндігі болып табылады.Сондықтан,  бала бақшада сауықтыру іс – шаралары жиі өткізіледі.. Олар: дене тәрбиесі сабағы, суда жүзу бассейні, сәбилерге арналған құрғақ бассейн және хореография сабағы. Балалармен  жұмыс жасау барысында педагогтар сабақтарында  жаңа технологияларды,  интерактивтік әдістерді кеңінен қолданады.

  Бала денсаулығын нығайту үшін дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы Есмұханова Р.К. өзінің «Доп – Хоп  және  мен» атты авторлық бағдарламасын жазып шықты. Роза Казизқызы әр сабағынойын түрінде өткізіп, балалардың спортқа деген сүйіпеншілігін оятады.

  Сол сияқты балалар  каратэ  сабағына да зор қызығушылықпен қатысады және жетістіктеріміз де мол. Жаттықтырушысы – Османов И.А  биылғы жылы  балаларды  Теміртау  және  Петропавл қалаларына жарыстарға қатыстырып, жүлделі орындарға  ие  болып  қайтты.  Атап айтсақ, Боранбаев Алан -1 орын, Нұржан Қаныш  2- орын, Кириченко Данил 3- орынды қанжығаларына байлады.

Бала бойындағы адалдық, сыпайылық, үлкенге құрмет және Отанға деген сүйіспеншілік -   өте бағалы қасиеттер. Балабақшада «Өзін - өзі тану» бағдарламасы бойынша зерттеу тәжірибесі енгізілді. Сабақ арнайы жабдықталған кабинетте жүргізілді. Шығармашылықпен айналысатын педагогтар: Хамитова Т.К, Қабылдина Ж.К. Нұрмағамбетова С.С.  «Кемпірқосақ» атты клуб ұйымдастырып, балалармен және  ата – аналармен бірігіп жұмыс істеді. Ата – аналар «Достық» балалар клубына қатысып., «Ең ұйымшыл отбасы» жобасын қорғады және   «Күшті, епті» спорттық сайыстарға белсене ат салысты. Қазіргі уақытта педагогтар Павлодар қаласының ПК БЖИ тыңдаушыларына өз тәжірибелерімен бөлісуде.

 Балалар мультимедиалық компьютер сабағына ықыласпен қатысып, «Сауат ашу», «Әліппе», «Мен санаймын», «Көңілді әліппе» сияқты балалардың ойы мен санасын дамытатын ойлау түрімен айналысады. Сабақ барысына информатика пәні мұғалімі Каримова К.Н. өзінің авторлық бағдарламасын қолданады.Тәрбиеленуші Тәуекел Асанәлі мультимедиалық компьютер ойыны арқылы өз білімін көрсетіп, табысқа жеткеніне қуанамыз.

Ағылшын тілі  коммуникативтік әдістер арқылы үйретіледі.  Ойын әдістері бойынша  балалар  тілді  үйренуге  қызығады.  Негізгі тақырыптар бойынша сөздік қоры байиды және ағылшын  тілі  грамматикасының  қарапайым  негіздері қалыптасады.

  Тәрбиеленушілеріміз  «Рауан», «Бүлдіршін», «Балбұлақ»  атты балалар шығармашылығының байқауына  жылдан жылға  белсене қатысып, лауреат атануда.

  Ата – аналар тәрбиешілерге көмек көрсете отырып, жұмыстарына жоғары талап қояды.

 Олар ұжым қызметкерлері  логопед Мадьярова К.Т, Жұманова Ж.Ж, Смайлова М.К. Жунусова Ж.К, Курманғазинов С.А. еңбектеріне дән риза.  Тәрбиешнің көмекшісі Аубакирова К.К, жұмыскер Дюсенов Д.К, Шабалова А.Х. өз істеріне тиянақтылықпен, жауапкершілікпен қарайды.

 Сәбилер бақшасының ұжымында басшылық еткен жылдан бастап, педагогтердің кәсіби біліктілігінің өсуі, білім беру сапасының жақсаруы және балалардың жетістігіне куәгер болып келемін.  Ағымдағы 2011  жылы сәбилер бақшасы Павлодар облысы бойынша «Ең  үздік  жыл  балабақшасы»   байқауына қатысып,  бас жүлдені жеңіп алды. Барлық ұжым мүшелерін жеңістерімен құттықтай отырып, зор денсаулық тілеймін және жаңа шыңдарға жете берулеріне тілектеспін.

 Қазір сәбилер бақшасының ұжымы жаңа оқу жылына  даярлық  үстінде,  топтар ашылып, жаңа тәрбиеленуші – сәбилерді күтеді.

.                                               

                                                                                                              Б.Қ. Темірбекова - 

Павлодар қаласының

№10 сәбилер бақшасының

 директоры