Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Тәрбие тілден басталады.
20-09-2011 09:16
Тәрбие  тілден  басталады.

                                        Тәрбие  тілден  басталады.      

 

 

 

                               Қазақ тілі – туын биік ұстаған,

                           Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

                           Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,

                           Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

     Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр адамның мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес асыл мұра. Тілді қастерлеу, ізгілік пен мәдениеттіліктің белгісі.

22 қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы үлкен бірлік пен береке күні – Тілдер мерекесі күні тойлануда.

Егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің Туы желбіреп, тұғыры бекігеніне де биыл 20 жыл.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп заңғар жазушымыз М.Әуезов айтқандай,

 Усолка ықшам ауданына қарасты № 10 сәбилер бақшасында  «Тәрбие тілден басталады» атты мерекелік іс - шара өткізілді. Сайыс түрінде өткізілген мерекеге  - Мускенова Ә.Д,Қожағұлова К.А, Алишева Т.У, Махамбетова Г.Т, Сабырханова К.Ө. атты 5  педагог – тәрбиеші қатысып, тіл туралы қанатты сөздердің мән – мағынасын ашып, мақалдарды жатқа айтты.

Сайыс 6 кезеңнен тұрды:

1 - кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды»  бөлімінде өздерің таныстыру.

2 – кезең. «Мақалды жалғастыр» .Тіл туралы мақал – мәтелдің басы айтылады, сайысқа қатысушылар жалғасын айтады.

3- кезең  « Ойлан да, ойна». Тірек сөздер түрінде берілген сурет бойынша мақал ойлап шығару

4– кезең« Таза, мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады»

Ақын – жазушылардың тіл туралы айтқан нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіру.

 5- кезең    «Білімдіден шыққан сөз,

                    Талаптыға болсын кез»,- дегендей,

«Зерделінің ойы озық» бөлімі бойынша  қатысушылар сұрақтарға жауап берді .

6 – кезеңбөлімінде,  «Құлақтан кіріп бойды алар,

                                    Әсем ән мен тәтті күй.»,- демекші, сайысқа қатысушылар Абайдың, М.Мақатаевтың, М.Шахановтың өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Сайыс қорытындысы бойынша, ең жоғары ұпаймен  Сабырханова К.Ө.  «Үлгілі педагог – тәрбиеші»  атағына иеленіп, қалған қатысушылар әр түрлі номинация бойынша марапатталды.

 Мерекелік іс – шара өте қызықты өтті. Көрермен ретінде ұжым мүшелері қатысып, ризашылық көңілдерін білдірді.

 

 

                    

                                                                                               Жунусова Ж.К.